Жастықтың көзі
Сәлем бердік!
Көптен бері Қолөнер тақырыбына ешнәрсе жазылмай кетті ғой. Бүгін сол жазып қояйын. Қолөнершілерге артықтық етпес деймін. Бұл жолы тоқыма емес, жастыққа көз. Көз болғанда не ғой, жастыққа сән ретінде жасайды. Әдетте мен көбіне құрақтан жасалған жастықтың көздерін білетінмін. Кейін мынадай түрлерін жасайтынын білдім. Білгенде, жеңешемнің артынан келген көрпе-төсекте сондай жастық бар екен. Міне, мынадай.
Қызығып үйреніп алдым. Үйренгенде кеше үйренгенім жоқ, бірақ соңғы күндері ішім пысып, жастыққа көз тігу бұйырды. Керегі көп уақыт, сабырлық, мата, қайшы, ине-жіп және жастықтың көзін істейді гүл. Гүлді жасау үшін бізге мата керек(қалаған түстен). Мата болғанда қазақша қалай аталатынын білмеймін, әйтеуір ел ішінде «капрон» деп жатады. Әлгі переделер тігетін мата. Общым, сол матаны алып, төртбұрыш етіп қиып аламыз. Төртбұрыш шамамен 4х4см немесе 5Х5см болады.
Оны жартысына дейін орап, белінен тігіп аламыз.
Төмендегі суретте: майда-майда гүлдің жапырақшалары бар және қайшы, гүлді тігетін мата.
Матаны былай төртбұрын етіп қиып аламыз, шамамен 20 см-ден жоғары.
Оған шеңбер сызамын, гүлді дөңгелек етіп, орналастыру үшін.
Енді гүлдің майда жапырақшаларын шеңбер бойымен орналастырып бастаймыз.
Мынадай болады:
Міне осылайша келесі қатарға тағы да жапырақшаларды орналастырып, гүл жасаймыз. Дайын болған гүлді сәндеп (фантазияға ерік беріп) одан сайын әдемілеуге болады. Менікі мынадай болды:
Сапасы үшін үлкен кешірім.

Тек неге бұл пост " Мен ұсынатын үш ән!" блогында тұр, "Қолөнер" блогында емес?