Сідік пен жұмыртқа немесе жұмыртқа мен сідік
Іш пысқан соң палатадағы үйіліп жатқан газеттерді ақтардым. Қорлау.Зорлау. Етіміз бен бетіміз үйренген тақырыптар. Бір газеттен мынандай қызыққа тап болдым. Қытайдың бір қаласында мектеп жасындағы ұл балалардың сідігіне піскен жұмыртқа өте үлкен сұранысқа ие екен. Газетте көбіне жеті жасқа дейінгі балалардың сідігі пайдаланылады делінген екен. Содан кейін Гугілдетіп тапқаным мынау:Көктем туа Донгьянг қаласының асханаларының көбінде осынау тамаша тамақтың (жергілікті тұрғындардың айтуынша) исі бұрқырайды екен. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша әлі жыныстық қатынасқа түспеген ұл балалардың кіші дәретіне пісірілген жұмыртқалардың емдік қасиеті жоғары-мыс. Бірақ, дәрігерлердің бұл тағамға қатысты пікірлері басқаша. Дегенмен дәрігер айты екен деп дәстүрден қашатындардың саны көп дей алмаймыз. Бір қызығы тек сідікке пісіре салса жақсы ғой, пісе бастаған жұмыртқаларды ептеп жарып,ішіне зәр сіңуі талап етіледі.
Көптеп жұмыртқа табудың қиындығы шамалы, ал сідікті қайдан алады деген сұрақ өз-өзінен туындайды емес пе? Жоғарыдағы суреттен көріп отырғандарыңыздай мектептерде арнайы ыдыстар қойылып, төменгі сынып оқушылары қажетін еш қымсынбастан өтей береді.
Сідікке жұмыртқа пісіріп жемесе де біздің халықта осы тектес ырымдар бар. Ер баланың сідігімен көзі ауыратын жандар көзін сүртеді. Тағы да басқа емдік шараларға қолданылуы мүмкін. Менің есіме мақаланы оқи отырып, ұйқылы ояу мені ақсап қалған атымыздың аяғына сигізген оқиға түсті.
Мәліметтер алынған жер.

Қиялсың ғой жүрген, амиго, ризамын саған.
Жағрапиялық мекенжайыңды айт салжверейін.