Жазалау әлеміне саяхат: Күрделі кергіш құрылғылар

(жалғасы, басы мында)
… Джамму мен Кашмирде шоғырланған 150 мыңдық әскери контингенттің әрқайсысы ауыздан тебетін болса...© Satibaldi


Сен «Пила» мен «Я плюю на ваши могилы» фильмдерінің стиліндегі қинап өлтіру құрылғыларын азаптау өнерінің асқар шыңы деп жүрген шығарсың, бәлкім.

Түсінем, мен де солай ойлағанмын, мына пәлені интернет қойнауынан тауып алып, не үшін арналғанын, және қалай жүзеге асырылатынын анықтағанымша.

Көті қарақты адам суретке көз салғаннан-ақ, ненің қайда бекитінін түсінеді. Иә, анау екі арқан екі білекке, ал төменгі екеуі екі тобыққа байланады.
Ортасындағы валикті айналдырғанда, арқандар қарама-қарсы бағытта тартылады. Болды.

Сол-ақ па? дерсіңдер.
Сол-ақ нақ, тарта бастағаннан ақ буын буындарың тайып, сүйектерің қалтасынан шығып, нағыз жан азаптың көкесін көресің. «Білә, жіберсе екен, білә босатса екен» деп көз жасың көл боп жатқанда, жендет валиктің тұтқасын жібере салады. Бірақ ауырсыну басылудың орнына күшее түседі, «ойбай тарт» -«тарт» деп бақырасың сен. Жендет тарта қояды. Тартқанда да, екінші тартқанында сіңірлерің үзіліп, бұлшық ет пен терің сүйектен ажырап жыртыла бастайсың.
Пытыр-пытыр, күтір-күтір…
Ищакаа-а-ай…
Кергіш құрылғылардың басқа түрлері де көп.

Орыстарда салбыратып тігінен созатын «дыба» деген түрі де болған.



Кейде қинау қондырғыларының дизайнерлері кергіш тақтайға инедей үшкір қазықшаларды шошайтып қоятын. Теріңді жыртып қосымша экстрим тудыру үшін.


ПС. Қалай ойлайсыңдар, ағайындар мен апайындар, айналып дегенді «айланып» деп айтатындарға, тіскебасарды тамақ қылып жейтіндерге лайықты жаза ма?

деректердің қайнар көті: www.libo.ru, www.listaholic.com, wikipedia.org, www.libjistory.ru, urod.at.ua
Бөлісу:

20 пікір

aikarakoz
Қатыгездік! Заман өзгерді, адам өзгерді, адамдарда мейірім қалмады деп уайым жейтін қарттардың сөзін наққа жібереді барлық жаза түрі. Қайта қазіргілер мейірімді ме деп қалдым, жаныңды еш қинамастан екі секундта жаһаннәмға жіберетін
Gastarbaiter
Оны айтасың, еріккен аристократ қатындар балаларын ертіп, осындай жаза болып жатқан жерде суретке түсіп, мой мирге қоятын, стоп, мой мирі нес… суретке түскені нес…
aikarakoz
Gastarbaiter
Мына сериал біткенше, алжып кетпесек болғаны
aikarakoz
Мен Денизге ауысам
e_zhalgas
осы тақырып туралы оқи сала, орысша сайттардан біраз оқыған едім.
негізі, азғындық пен қорлау адамда рефлекторлы деңгейде ғой, шамасы
Nurshat
Жаза түрі өте қарапайым, "Қазақтардың кергілеп өлтіруі" бұдан әлде қайда керемет, ертеде, екі аяқ екі қолынан жылқының қылынан ескен арқанмен шалмалап, төрт атты төрт бағытқа шапқан, өте жылдыам, әрі жан қинамайды. «Дыбаң» дым болмайды. Бізден үйренсін, кергі жасап, ағашты қор қылғанша… Ақылды Еуропалықтар…
Gastarbaiter
Нұршат, абзацыңның әруағы бар, тойыс сөзіңнің жаны бар. Тек
әрі жан қинамайды.
дегенің үлкен айырмашылық енгізіп тұр. Қазақтарға мұңғұлдардан мұра боп қалған жазасы адамды өлтіру үшін, және қараған адамды қорқыту үшін жасалған. Ал жоғарыдағы конструкция көбіне азаптау үшін, тергеу үшін, содан кейін барып өлтіру үшін жасалған сияқты.

Ондай түрі Европада да болған «квортеринг», орысша «четвертование». «Храброе Сердце» фильмінде болды ғой деймін шатаспасам. Quartering -деп терсең мынадай суреттің талайын көресің.

Әр жерден қаззақтың жыртығын жамап, мерейін аймалайтын дерек іздеуді доғарсақ қайтеді?
zhanibek_nurish
иә, қара жұмысқа арналған жылқылармен төрт тарапқа тарта шауып, дем арасында бөлшектеуден келген өлім — керіп, қайта жіберіп, қайта кергеннен оңай кетеді, өте
satibaldi
Басыңнан өткесін білесің де…
zhanibek_nurish
ой, қайдан, бұйырмады! Кинодан көріп-өріп алған әсерлердің әсірелігі ғой,
Nurshat
біздегі (?) жазалаулардың барлығы ӨӨзгелерден ұрланған ба? ксерекопиядан шығарып алған СӨЖ сияқты…
Gastarbaiter
Ол қойня, біздің өзімізі біреудің ксерокопиясымыз, ал керек болса
zhanibek_nurish
иә, «жендеттер әр жазалу түрін пайдаланған кезде қалтафондарының камерафондары арқылы бір бірімен тәжірибе алмасып отырған»,-дейді тастағы жазулар
Gastarbaiter
Түрің мұңлы ғой. Ішіп пе ең кеше?
zhanibek_nurish
ішемін, ертең кешке,
Gastarbaiter
БӘсе, емессің-ау
дәм татпаған періште
Алқаштығыңды біліп ем,
Маймақ болғыр еште,