Ронюскэ Мұртаза. "Таңдау"

О'Делл Қадырдың тасын қатырып, ой үстінде жүргеніне төртінші күн. Ал оқу ісі жөніндегі орынбасардың орны бос тұрғанына — төрт апта. «Сонымен кімді қоятын болдық?» деп, ректор санаторийден қоңырау шалып тұрады. Күніне алты-жеті рет. Ертеңге дейін шешім шығармаса болмайды. Бірақ.

«Рза жақсы маман, бірақ алқаш… Уәйіс арақ ішпек түгілі, намазға жығылған адам. Бірақ жығылғанда да оңбай жығылған: қолы қалт етсе шіркеуге тайып тұрад. Діндар адамды оқу ісі жөнінен қалай қоям?.. Нәби жақсы маман, арақтан татып алмайд, бірақ… гей. Өз таңдауыңмен үш мемлекеттің біріне барып, біліктілігіңді көтеріп қайт дегенде, үшеуінде де Голландияны таңдап еді, ақыры осы болды. Ептібайымайд Еуропа, тым жақсы жігітті… Рақила керемет маман, керемет дипломат бірақ — әйел. Ректордың арасында қабырғаға тақап қойып, кейбір мәселе бойынша жұдырықтап алатынына көне алмас… Палташев керемет ұстаз, ғалым, гетеросексуал, бірақ қаззақша алыс-берісті түсінбейд. Жалпы, қаззақша түсінбейд. Тоқсанның аяғында кафедра атынан кассаға 200 000 тапсыру керек дегенді түсінбей қалып жүрер. Сырттай оқитындарды қысуды үйретем деп жүргенде өзім шығып қалармын әнасс, құдай сақтасын… Төлеп Мэйден. Төлеп Мэйден...».

О'Делл Қадыр картон қағаздарды аударыстырып, Төлеп Мэйденнің жеке ісін қолына нешінші рет қайта алды. «1975 туылған. Еңбек жолын өндірістен бастаған. Жақсы, жақсы… Үш өнертапқыштық патенттің иегері. Керемет, керемет… Жеке сайты бар. Заманауи, заманауи, сөз жоқ… Облыс Әкімі гранттарының иегері. Жақсы, жақсы… Үш оқушысы олимпиада жүлдегерлері… Менің қатыныма көз салмағаныңда, ертең орынбасар болатын-ақ жігіт! Керемет-ай да, қап-ай!».

Сол-ақ екен, вибраторда тұрған мобиласы безектеп қоя берді.
— Төрт аптадан асып, бес аптаға кетті — әлі орынбасар жоқ! Не толғатып жүрсің өзің? — деп, ректор дүрсе қоя берді.
— Сырттан шақыратын шығармыз, хабарландыру береміз деп шештім! — деді О'Делл Қадыр.
— Немене? Іште толып жатқан жоқ па? Нәби ше?
— Нәби туралы әлгі әңгімелерді естіп едіңіз ғой, универдің келбеті деген бар, әрі өзі жасырмайтын да көрінеді онша… Бүкіл қала іштей біледі екен… Ертең ата-аналар…
— Жоқ, жоқ, Қадыр, тоқта! Нүкте қоятын кез жетті! Жұрттың өсегінде не шаруамыз бар, дұрыс па? Ендеше, менің бұйрығымды жазып ал: «Нәби Меркьюри оқу ісі жөніндегі орынбасар болып тағайындалсын!». Бітті!
— Қалайша… Сіз айтсаңыз бірақ, әрине…
Бұл кезде ректор телефоннан басын көтеріп, әлдекімге бірдеңе-бірдеңе деді. Ар жақтан «Ой, қандай кереметсіз, хи-хи-хи-хи!» деген Нәбидің сайқал күлкісі естіліп қалды…
Бөлісу:

20 пікір

kokbori
Уәйіс арақ ішпек түгілі, намазға жығылған адам. Бірақ жығылғанда да оңбай жығылған: қолы қалт етсе шіркеуге тайып тұрад.
Simona
19852407
Оқиғаның шешімі күтпеген есіктен кіре келіпті
zhanibek_nurish
«Ой, қандай кереметсіз, хи-хи-хи-хи!» деген Нәбидің сайқал күлкісі естіліп қалды…
, керемет аяқталу, әңгіме жоқ
Marco
Сатыбалды, шыныңды айтшы, қай универдің ректорын ойлап отырып жаздың?
Abilakim
Палташевтің да жүрмейтін жері жоқ екен)))
Nurshat
Ректордың ақлын ұрайын, білә, енді Нәбимен… Голландияға барса болғандай)))
janarbek
джынд жазыпты жарайсың сәке
patick
 уыстап кетті, нах
Aya
Ештеңе түсіне алмадым
Zhan
Кеше «Еларнадан» «Мүмкін емес» бағдарламасында осы көгілдірлер туралы айтылып жатыр еді.
zholantai
вибраторда тұрған мобиласы безектеп қоя берді.
О'Делл Қадыр да сау емес пе дейм