Даяшылардан пайдалы кеңестер

Оcылай екен...: Даяшылардан пайдалы кеңестер

— Бардағы фирмалық коктейль деген нәрсе бөтелкелердің түбінде қалып қойған ішімдіктер жиынтығы немесе арзан ішімдіктерден құрылған сұйықтық. Бұл коктейлді 2-ші рет сұрасаңыз дәмі алғашқындай болып шықпайды. Көбінесе бұл біраз ішіп алған клиенттерге беріледі.

— Солянкаларды біраз тұрып қалған шұжықтардан істейді.

— Үлкен банкет, тойларда тамақ пен ішімдіктің 30 пайызы үстелдерге бармай қалады.

— Алкоголь көбінесе мөлшеріне жеткізілмей құйылады. Мұны клиент әрине байқамайды, ал кафе табысы арта береді.

— Әдетте қымбат арақтың орнына салқындатылған немесе мұз салынған арзан арақ құйылады. Дәміне қарап мұны айыру мүмкін емес. Тіпті қымбат арақ шишаларына арзан арақ құйылып қойылады.

— Оңбаған клиенттердің кальяндарына тек түкірілмейді, сиіледі де.

— Ескі сыраны блендермен шайқайды, сонда көбігі бетіне шығып жаңа сияқты болып тұрады.

— Тез көтерілген нәрсе жерге түскен болып саналмайды :)

— Барлық жерде ішімдік, сусын, сыра бәріне су қосылады, мұз салынады.

— Кейбір аш даяшылар клиентке бара жатқан тамақтан ауыз тиіп жүре береді.

— Шайлық тастамайтын клиент қанша жерден жақсы адам болса да даяшылар үшін оңбаған адам болып саналады. Сондай адамдар үшін көп жерлерде арнайы «лохтар аймағы» деп аталатын үстелдер болады.

— Жақында ашылған, жаңа ресторан-кафелерге барыңыздар. Ол жерлерде клиенттерге жақсы қарайды.

— Көп нәрсе даяшыларға байланысты: тамақтың жақсы, тез, сапалы өнімдерден дайындалуы. Олар үнемі бір-біріне ақпарат беріп жүреді, қай клиенттің жақсы, қайсысының жаман екені туралы.

— Арзан бизнес-ланчтардан қашыңдар. Ондай ақшаға сапалы тамақ дайындату мүмкін емес.

— Егер даяшыны ренжітсеңіз, сөзге келіп қалсаңыз ол сізге баратын тамаққа түкіру ештеңе емес әдейі жерге былғап алуы да мүмкін.

— Ең сүйкімсіз клиенттер — айқай-шумен жүретін мәмбеттер және бір бокал шампан немесе сырамен бір кеш бойы жүретін, сол түн үшін айқын мақсатпен келген қыздар.

— Тамақтың кешігу себебі көбінесе тамақтың ұзақ дайындалуы емес, даяшының ол туралы аспаздарға айтуды ұмытып кетуі.

Құрметті керектіктер, даяшылық немесе кафе-ресторанда жұмыс тәжірибесі болғандар осында жаза отырыңдар естеліктеріңді. Мынау менің естелігім.
Бөлісу:

46 пікір

patick
Ия, кейбірін естігем. Тек рас екеніне көз жеткізу қалды
Nurgisa
— Желінген тамақ үшін төлегеніңізге қайтарымды беріп жатып, міндетті түрде 500 теңге етіп бере салмай, екі жүз теңгелік қағаз ақша мен қалғандарын жүз теңгелік «тиынмен» қайтарады. Әрине, «тиынды» клиент алуға арланатын шығар деген үмітпен
aikarakoz
Енді барған жерлерде мұқият тексеріп, аңдып жүру керек екен, естен шығып кетпесе
konvict
Осының кейбірін уоркентравелмен барып келген досым айтып еді.
patick
Соңғы уақыттарда даяшылармен сөзге келмеуге тырысам, ибо түкірік жегім келмейді
qisyq
Төрт маусым істеген тәжірибем бар, жақсы білемін
Gulistan
Фууу, мынадан кейін ондай орындарға барғым келмей қалды.
Zhan
Мен білмейтін біраз ақпараттар бар екен. Мә, кафе, ресторанға баруға деген желаниям қашып кетті ғой.
Gulistan
Үлкен банкет, тойларда тамақ пен ішімдіктің 30 пайызы үстелдерге бармай қалады.

Қазақ тойларының 90 пайызында солай ғой. Дастарханға жетпей жатып жоқ болып кетеді. Қонақтар тарқасымен, дастархан ту-талапайға түседі.
Кезекті бір той барысында қуыста қазыны шайнаңдап тұрған даяшыны көріп қалғанын айтып еді танысым.
Бізде қызмет көрсететін персоналдардың кәсіби деңгейі мен этикасын біраз қайрау керек әлі.
bekkerey
Мүмкіндік болса адам көп баратын жерге бару керек. Өйткені ол жердің азық-түлігі жаңадан жеткізілген болады. Мен істеген бір дәмханада лапша (кеспе) үлкен ыдыста бір ай сақталатын. Оны кешенді түскі асқа жылытып бере беретін.
Aya
— Жақында ашылған, жаңа ресторан-кафелерге барыңыздар. Ол жерлерде клиенттерге жақсы қарайды.
егер еш тәжрибесі болмаса, қалай қызмет көрстеу керек екенін білмей, абдырап, естері шығып, жасап жатқан тойыңыз «бардак» болуы мүмкін Сондықтан, олардың да тәжрибесін сұрап, біліп, алған жөн.
asaubota
сосын тамақ ішетін жерді қымбат-арзанына қарап бағалау да дұрыс емес негізі. қымбат жердің айырмашылығы ыдыс-аяғы, ішінің әдемілігі, бағаларының қымбаттығы шығар. ал, ішкі кухнясы бәрінде бірдей. даяшылардың да интеллект және этика деңгейі бірдей бола береді.
aikarakoz
Дұрыс айтасыз, Алматыдағы ең-ең дегендердің біріне жататын «Барбаристе» бір рет бас сұққанымызда стейктарынан бензиннің дәмі шыққандай болды. Қайтарып беріп, шу шығаруға да болатын еді, қасымдағы адамнан ұялдым.
qisyq
"Өйткені ол бензин қосылған стейкті жақсы көретін"
a63a1
Алкоголь көбінесе мөлшеріне жеткізілмей құйылады. Мұны клиент әрине байқамайды, ал кафе табысы арта береді.
бармендердің өлшегіш стакандарының астына білдіртпей сағыз жабыстырып қойып, әр клиенттен граммдап ұтып өз пайдасына шешіп отыратын қулықтары да бар екенін естігем
Rafaello
Ешқашан жылы құйылмалы сыра ішпеңіздер!
molly_zhan
Кейбіреулері тегі өтірік секілді. Бір жылы жазда екі аптадай даяшы болып істегенмін. Ондай оқиғалардың куәсі болмағанмын. Ішіндегі жартысы рас, жартысы миға қонбайды ғой.
omarbirat
Оу бастан өзім ондай жерлерге даяшыларды зыр жүгіртіп, олармен салғыласу үшін емес, қоғам болып қауқылдасып отыру үшін барамын
Даяшыға «Ей!» деп дікеңдеп сөйлей алатынымды мәртебе санамай-ақ қойдым, құрысын
Korkem
Кейбір аш даяшылар клиентке бара жатқан тамақтан ауыз тиіп жүре береді.
  әбден еске түсірдіңіз-ау)))
kokbori
ОЙбууу, есіңізге түсіріп, бетіңіздің қызылын қып қызыл ай қылып қойдыңыз ба?
Korkem
муахахах мен кафе-мафе емес тойханада істегендіктен қызығы тіпті көп еді))) жай ғана күлудемін)))
Korkem
Мен үлкен, тойханада даяшылардың старшагі болып ем. Өзім де даяшымын, тек басқарып, іс-қимылына жауап берушімін де. Қол астымдағы даяшылар, өзім де той жасаушы клиенттің ыңғайына қарай жұмыс істейміз. Оңтүстікте белгілі, той десе қу бас домалайды))) Той жасаушылар да жік-жікке бөлінеді, осындайда адам тануды да үйрендік. Біреу сараң болса, біреу аңқау, біреу ақкөңіл, біру қызымы… кете береді.
Той иесі сараң болса, біздің де жұмысымыз «сараң» болушы еді. Тіпті кей даяшылардың қалай екенін қайдам өштескен клиеттің тойында ішімдік бар ма, сусын барма ашылмаған күйі топ-тобымен алушы еді. Одан қалса үйіп-төгіп конфет-печеньесі бар аямай-ақ тонайтын. Әсіресе жаңа құдалар жақ сұмдық, олар жаңа құдалар болғандықтан бірнарсе деуге ұялады да, үндемейт. Даяшылар «ашып әкеп берем» әкеткен виносын сол күйі ұмыттырады. Ұмытпай соңына түссе ашып жартысына кола араластырып беруші еді. Небір сұмдықтар болатын. Мен старшакпын ғой, бүркегенім үшін бөліседі)))
Сосын бүгінгі клиенттің кім? қандай адам екенін алдын ала біліп алатындарына таң едім, ылғи жеткізіп отырушы еді «бүгінгі адамдар андайкен-мындайкен» деп… мектеп бітіріп, жаздыгүні екі қолға бір жұмыс деп істеп жүрген кездер-ай. Тіпті, айта берсем көп екен-ау)))
kokbori
сұмдық екен, қылмысты біле тұра бүркемелеу қылмыс болып саналатынын еске алып жібергеннен a63a1ы жоқ
Korkem
муахахах даяшылармен абай болыңдар деп Админнің өзі ескерткен жоқ па? Бәрі өз ісінің жазасын алады да «бұл дүниенің ақысы о дүниеге кепейді» ғой
asaubota
той тамақтарының отыз пайызы жетпей қалады деген сол ғой, тоналып кетеді
19852407
Мен старшакпын ғой, бүркегенім үшін бөліседі)))
бұндайды көрмегір көзім дұрыс көріп отыр ма…
bazuka
мына кеңестер даяшылар туралы кинодан алынған сияқты)) аты есіме түспей тұр
asaubota
ресейлік тәжірибелі даяшылардың кеңестері. мен тек аудардым.
AKY
Большая жратва деген американдық кино бар еді
zhanibek_nurish
— Оңбаған клиенттердің кальяндарына тек түкірілмейді, сиіледі де
, Финчердің «Бойцовский клубы» еске түсті, тағы да. Фильмде даяшы болып жұмыс жасап жүрген Тайлер Дёрденнің(Брэд Питт) супқа(сорпаға) кіш ететіні бар еді.
satibaldi
Сонда аквариумнан балықты аулап, көзіңше сойып-бұтарлап, көзіңше қуыржіверетін жапон ресторанына ғана сенімді боламыз ба? Олар да білдірмей сіңбіріп жіберетін шығар, ниндзясстардың.
zhanibek_nurish
аквариумдағы суға аздаған спирт қосып қоятынын естігенмін, өмірдің кайфын сезініп өлсін деп
satibaldi
«Жас Алаштың» «Сүзеген сөз» атты қосымшасын жүргізбеп пе едің тамыр?
zhanibek_nurish
Шатағым жоқ екен, алғаш естіртіп тұрсың,
Rafaello
Көшеден тамақ ішуге жүрексініп жүрмін
sammita
19 жасар Марвин Вашингтон сенбі күні болған оқиғадан кейін қамауға алынды. Анасы мен қызы McDonald's-ке келіп, тәтті шайға тапсырыс берген. Тапсырысын алғаннан кейін олар шайдың әдеттегідей тәтті емес екенін аңғарып, қызметкерге қайтып береді. Қайта құйылған шай да, олардың пікірінше, тәтті болмай шықты. Сондықтан олар қант салып ішу үшін сол шайды үйлеріне алып кетеді. Үйде стақанның қақпағын ашқан олар шайдың бетінен үлкен түкірік барын аңғарады, деп жазады Лента.ру.

Сондай-ақ шай құймас бұрын Вашингтонның ыдыстарға еңкейіп, түкіріп жатқаны жазылып қалған видеожазба да табылды. Оған азық-түлікті қасақана бүлдірді деген айып тағылып отыр. Сол әрекеті үшін жас жігіт жиырма жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шериф кеңсесінің өкілі Лора Кэмпбелл (Laura Campbell) айтып өткендей, азық-түлікті бүлдіру адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
дереккөз

Үйге шайды алып кеткенін ұқпадым)))
asaubota
жабық стакандарға құйылған. орысшасын оқы  www.bnews.kz/ru/news/post/73723/
dianthus
Алла жазасын береді.Даяшының барлығы олай емес деген сенімдемін.Мен жиі барамын ондай жерлерге.Коп даяшылар таныс болып қалған уже.Саналарына береді.Бұл жазылған тірліктер ол клиенті қорлау емес, асты қорлау
asaubota
кафеде қасымдағы жігіттердің бірі даяшыға бұқалана бастаса тыпыршып кетеміз бзб деп :)
zholantai
дұрысы: «БауырсакОфф», "Қағанат", «Еламан», «Ладушки», «Тәтті» сынды өзің барып таңдап, салып алатын дәмханалар дұрыс па дейм,