Қажығұмар Воркута. "Төңкеріс".

Женішбек Жынысбеков тез-тез басып, базарға қарай аяңдап келе жатты. Өткенде құдалардың қамын күнде ертең жасаймын деп жүргенде төңкеріс басталып кетіп еді. Ұн мен май ала алмай қалып, масқарасы шыққан болатын. Құдасымен бірге кесек-кесек қара етті жеп, үндемей тарасты. Ұялған тек тұрмас деп, «нанның орнына картоптан алып-алып қойыңдар, бұл да нан ғой, іхе-іхе» деп, әзілдеп-шындағаны да құданың ренішін баса алмады. Құданың шығып бара жатып: «Төңкеріс-төңкерісімен құда, бірақ азамат күнкөріс қамын да жасап қою керек» деп, қаззақтар құсап кекірейе қалғаны — тіпті ұяттан өлтіре жаздады. «Гребанные перевороты, кому это нужно?» деді ол қарғанып-сіленіп. «Неге орусча ойлойм мен?» деп ашуланды бір кезде. Жолай кездескен контейнерге басын соғып-соғып жіберіп, бір сілкініп алды. Сосын, «Ёнёңңді үрайын революциялар, кімдер жашап атад ошондайды?» деп қырғызша аудармасымен қарғанды.
Әлем-тапырық ішкі дүниесімен бір арпалысып, өзінің кыргыз болмысын тағы оятып алай-дүлей боп келе жатып, базардан қалай өтіп кеткенін де байқамай қалды. Кері қарай жүруге тура келді.
Келсе, кезек көп екен. Кәсіпкер, енеңңді ұрайын Оштың сарты Айтылының шаруасы жүріп тұр екен. Жұрт ұнды бір емес, бес қаптап әкетіп жатыр. Женішбек қобалжиын деді.
— Ау ағайын, бір қаптан алсаңдарЧ, барлығымызға жетсін! — деді ол.
— Уа Женішбек, пұлың жоқ деп зат бербейбіз; пұлмен келіп тұрса — тағы бербесем, шонда мен кім? — деп кеңкілдеді сарт ептібайымайд, дүрдараз, мал, ит-шошқа, шоқыншық Айтылы.
— Күл, күл Айтылы, күліңкіре. Осыдан арттағы біздерге жетпей қалсын — көресіні сонда көресің!
— Шынымен, алдымен бір қап алатындарды жіберу керек, сосын барып көтере алатындар алсын! — деп қостады біреу.
— Ондай заң жоқ! — деп қиқарланды Айтылы.
— Өш, ондай заң жоқ па не біздің Қырғыз Ресубликасында? — деді тағы біреу тобыр арасынан.
— Шынымен жоқ екен-ау! — деп налыды бұрынғы юрист Герман Құлов.
— Мұндай заңсыз қалай жүре бермекпіз? Қашанғы Айтылы сияқтылар бізді қанай бермек? Ондай заң жоқ болса — бар қылу керек! Алға, Манастар мен Семетейсстер!!!..
Женішбек бір есін жиғанда үйге — бір жарым қап ұнмен, сосын — о баста алам деп ойламаған, тіпті құдайға қажеті жоқ қолданыста болған лазерлі принтермен келіп тұр екен. Тағы бір есін жиғанда, телевизордан жүзтаныстардың Парламент Үйінің терезесіне әлде секіріп кіріп, әлде секіріп шығып жатқанын байқап қалды. Жүрегі су ете қалды. «Лібә, ойлап тұрсам — өткендегі төңкеріс те менің кесірімнен. Дәл солай: бәрі темекіден басталды!». Аман қалсам, базарға келесі жолы мылқау балдызымды жұмсайтын болам деп жалбарынды ол…
Бөлісу:

26 пікір

aikarakoz
Түк түсінбедім
asaubota
қыздарға бәрін түсіну міндетті емес десем тағы бір төңкеріс басталып кетуі мүмкін ба, а?
Marco
Пай-пай!!! Жазасың-ау, сабазым! Ай, фантазияңды-ай, сенің! Жаз, жаз тағы!!!
KILYZAMAN
ЗАУАЛ, Дүкенбай Досжан, Қазақтың жүз романы. Иә Зауал дерің
omarbirat

Ошол эңгиме абдан жақты. Аптыр, жаза түш
kokbori
шынымды айтсам, мен жазушы болмаймын деп шештім, ақиқат бар болса, маған екінші орын ғана тиесілі
qisyq
Эркекче суйлоптур автор! Жакчы материалдарды ийгиликпен сал!
dark_nazgul

мұны қырғыздар өздері біле ме?
zhanibek_nurish
сарт ептібайымайд, дүрдараз, мал, ит-шошқа, шоқыншық Айтылы.
, айтылмаған не қалғанына жете алмай отырмын
рахаттанып бір күліп алдым,
Jacqabaies_Chirac
Құрбым, мынау жазбаң нашар, дәруіштік стилің суалып бара жатқан сияқТ нақ. қаламың ұшталмағыр!
Aya
Ёнёңңді үрайын революциялар, кімдер жашап атад ошондайды?
 
Екінші рет оқып барып, не жайлы екенін түсінгендей болдым ғой. Ауызымның суы құрыды
bakhyt
Жеңгемнің нағашылары қырғыздар еді. Тост кезегінде асаба бір-бір тілектен айтыңдар дегенде құда бала мен құдашалар: тоқ болсын, нан болсын, ең бастысы аш болмасын деген еді. сол есіме түсіп кетті. (((( Жаман жаным ашып кетті!!!
Gamk
Иә, құдай басқа бермесін.
Nurshat
«Төңкеріс-төңкерісімен құда, бірақ азамат күнкөріс қамын да жасап қою керек»
құдасының көңілін қатты қалдырыпты, ой, білә,,,
Nurshat
Өш, ондай заң жоқ па не біздің Қырғыз Ресубликасында? — деді тағы біреу тобыр арасынан
Халық-тобыр)))
Gastarbaiter
Женішбек бір есін жиғанда үйге — бір жарым қап ұнмен, сосын — о баста алам деп ойламаған, тіпті құдайға қажеті жоқ қолданыста болған лазерлі принтермен келіп тұр екен.
Тбайымайд-ай
Nurshat
онда ксерекопия істейді де,