Танымал алаяқтар ондығы: №2. Фрэнк Абегнейл
Фрэнк Уильям Абигнейл — 1960 жылдары жасаған құйтырқы қылмыстарымен танымал. 16 жасынан бастап чектерді қолдан жасап, сол арқылы шоттардан ақша тігіп кетумен айналысады. 5 жыл ішіндегі осындай айласының арқасында 2,5 миллион доллар қолды болған. Қолға түспеудің амалдарын да жетік меңгеріп, түрлі кәсіптің өкілдері ретінде түрленуден алдына жан салмаған.
1969 жылы ғана қолға түсті. АҚШ-та 12 жылға сотталып, тек бірнеше жылын ғана өтеді. ФБР (Федералды Тергеу Бюросы) оны қаражат саласындағы қолдан жасау әрекеттерін тергеу үшін көмекке шақырады. Ол қазір де ФТБ академиясында дәрістер оқып, ірі корпорациялар мен ресми мекемелерге консультациялар жүргізеді.
Образдары
Әуекомпания пилоты
Ол көбінесе осы бейнені пайдаланған. Бір қызық жері, Pan American әуекомпаниясының ұшқышы бола отырып, ешқашан ұшақ айдамаған. Есесіне, компания қызметкері ретінде ол компания ұсынатын қызметтерді рақаттана пайдаланған: тегін қонақүй, әлемнің кез-келген нүктесіне тегін ұшу, т.б. Ал ұшақты басқаруға келгенде бұл жауапкершіліктен былайша ауытқып кетеді екен: ұшардың алдында арақ ішіп алады, сөйтіп қан құрамында алкоголь табылуына байланысты ұшар алдындағы міндетті медициналық тексеруден өтпей қалады.
Оқытушы
Абигнейлдың айтуынша, ол бір семестр бойына университетте «Социологиядан» сабақ беріп шығыпты. Ол Колумбия университетінің дипломын қолдан жасап, жұмысқа орналасады.
Дәрігер
Бір жыл бойына Джорджия штатындағы ауруханалардың бірінде педиатр болып жұмыс істеді. Бұл ұшқыш болып өтірік қызмет еткені үшін полициядан қашып жүрген кезі екен.
Заң
Pan American әуе компаниясында істеп жүргенде, стюардессалардың біріне заң факультетін бітіргені туралы дипломы бар деп айтады. Әлгі стюардесса Фрэнкті заңгер досымен таныстырады. Заңгер оны жұмысқа шақырады. Бірақ жұмысқа орналасу үшін емтихан тапсыруы тиіс еді. Абигнейл дипломды қолдан жасап, 8 апта бойына заңгерлік оқулықтарды оқиды. Сөйтіп, емтиханнан өтіп Луизиана штатының бас прокуроры жанына қызметке орналасады. Бұл жерде 8 ай «еңбек етті».
Кейінгі өмірі
1969 жылы 12 жылға сотталды. Бірақ оның 4 жылын ғана өтеді. ФБР-мен әріптестік орнатып, оларға түрлі алаяқ әрекеттерді әшкерелеуге көмектесті.
Жазасынан құтылғаннан кейін түрлі жұмыстарға орналасуға тырысады. Дегенмен, оның сотталғанын білген компаниялар оны жұмысқа алмады. Ол амалы құрып, келесі батыл қадамға барды:
Банкке келіп, оның қызметкерлерін алдау, құжаттарды қолдан жасау құпияларын ашады, егер кеңесі пайдалы болып жатса, сол үшін ақы алады. Бұл іс өз нәтижесін беріп, көп кешікпей Абегнейл қауіпсіздік мәселелері бойынша консультант атанды.
Қазір осы бизнестің арқасында Фрэнк Абегнейл миллионер болып есептеледі.
"Қолыңнан келсе, ұстап ал"
Басты рөлдерде Леонардо Ди Каприо мен Том Хэнкс ойнаған режиссер Стивен Спилбергтің «Поймай меня, если сможешь» (ағ. Catch Me If You Can) фильмі Фрэнк Абегнейлдің өмірін баяндайды.
Ол үйтпесе, андай кино қайдан тусын, Лео Ди қалай ойнайды десеңші,
атақты титан рөлі әдірем қалды мынаның қасында
Қайта қайта көре бергім келетін кино! Шын өмірден алынған соң уақиғасы да қызықты жасалған