Керекинфоға прозасын, өлеңін орналастырушыларға үлкен өтініш!!!


1. Әу бастан псевдониммен жазыңыз. Сайтқа тіркелер алдында да қалың жұртқа мәлім поштаңыздан басқа пошта ашып, сонымен тіркеліңіз.
Мұндай практика, шығармаңа алда-жалда уытты пікір, салмақты сын естіп қалып, енді үндемей қалайын десең — Данте Гетеұлы екеніңді барлығы біліп қойд; амалсыздан шет-қиыры жоқ өзіңді ақтау жолындағы құсық айтыстан сақтануға керек. Әу бастан ешкім жақтырмаса, қалай пайда болдың — солай ғайып бола қоясың. Реал өмірдегі ғұлама-пәлсапашы-энтомолог атағыңа түк нұқсан келмейді.

2. Керекинфо тұрғындары — профессионал оқырмандар
Ақирет Сотына шығардай дайындалып келіңізші, өтініш.

3. Өзіңді жұртқа танытатын басқа кемінде 150 млн. сайт бар.
Өзім сүйіп оқитын мектеп балалары мен ұстаздарға арналған «Балалар шығармашылығы» журналы жақында бір жақсы жаңалықтың шетін шығарып қалды. Сайт ашпақ ниеттері бар екен. Сол жер керемет тренажер, Керекке келетіндей қалың бет қалыптастыруға келісті жер болатын сияқты.

4. Бұтақты жеме.
Иә, бұтақ жеген — жарасқанға әбідрәш, тойыс — түйеге ғана жарасқан. Негізі жазбагер адам «шын мәнінде мен былай дегім келген...» деп, өз жазбасын тәпсірлеуі — құрыды деген сөз. Үндемей ғана оқырмандардың қышқыл пікірлерін жұтып отырыңыз. Өзіңе абырой болад. Ептібайымайд.
Бұл тұрғыдан мен ademi_alem атты қолданушыдан үлгі алуды ұсынар едім. Оқырмандармен қарым-қатынас этикетін сол кісінің жазбаларындағы пікірлерінен үйреніңдер, жүктібайымайдтар!!!
Бөлісу:

15 пікір

KeSHa
Әркім өлеңін/әңгімесін жазған сайын осындай жазба жаза бересіз бе?
asaubota
жоқ, соңғы кезде белең алған құбылыс бұл. сондықтан осындай ескерту жазбаса болмайын деп тұр. Гуантанамо зынданы да резіңке емес, адам симай барады.
kokbori
Иә, бұтақ жеген — жарасқанға әбідрәш, тойыс — түйеге ғана жарасқан.
Авторлық құқықтың арты аяғын көрсеттің ау, енессс
19852407
Осылай дау қара жук сияқты анда-санда зәріңізді шашып отқанның айыбы жоқ
zhanibek_nurish
өз жазбасын тәпсірлеуі — құрыды деген сөз
, иә, бастан өткен таныс жағдай, қайталамауға тырысып жатырмыз,
madickisbig
just make jut
kokbori
Керекинфо ағылшын тілді еркін блогы дегенді көріп қоятындай қырағылығыңызға таң қалам да
asaubota
мақала басындағы журнал суреті бәріңде ашылып тұр ма?
kokbori
бізде ашулы тұр
Gastarbaiter
«Бізде»?
Легионыңдыссс, көбейіп кеткенсіңдер бәсе
Gulzhanat
Әдемі әлем, расында довольно импульсивная. Бірақ, умет справляться собой
Nurshat
қарсыласын өліспес дуэльге шақыратын Данте Гетеұлына қарсы жазылған ашық хат па?
asaubota
Әдемі әлем мынаны көріп пе?