Диди және Жақау - "Қазағыма лайықты" ән жинағы

Жаңаөзендік Амангелді(руы — жақау) мен оралдық Данияр(Диди) екеуі бірлесіп айтқан "Қазағыма лайықты" альбомы шықты, меломаннан ала аласыздар. Негізі 16-шы желтоқсанда шығуы тиіс болатын, белгісіз себептерге байланысты… жарнамамдысс. қобыз бен домбыраның үнімен келістіріп айтқан, Диди(beat maker). Бұл Қазақстанда бұрын болмаған альбом десек те болады. Сапалы!
базар жоқ!!!
әлі де біраз өлеңдері шығу керек, салып отырамын.
ғаламторға шыққан өлеңдері:
Диди және Жақау — Қазағыма лайықты.

Диди және Жақау — Біздің Отан.

Диди және Жақау — Бас сардар.

Диди және Жақау — Анашым.

Диди және Жақау — Қарлығаш.

Диди және Жақау — Сенің бейнеңді көріп.

Диди және Жақау — Ұмытпадым.

Диди — Маңызды емес.

авторлық құқықты кім тексеріп жатыр дейсіңнақты сайты жоқ, zhamagat.kz және Жақаудың жеке сайты(қасапшылар) жақында ашылады.

және де жуырда Жақаудан жаңа клип.
Бөлісу:

45 пікір

madickisbig
ракмет
Gitarist
сайттың статистикасына сүйеніп жазу керек еді, рэп тыңдамайтыңдары көрініп-ақ тұр. ересек кісілер…
 өлеңдері маған ұнады, бәріне ұнауы міндетті емес.
madickisbig
«Жакау» сонда оның руы болган екен ғо, жалпы оның хрипті даусы ұнайды, бірақ көп өлеңдерінің минустарында белгілі композициялар қолданады, дегенмен мәтіндері ұнайды.
Nurshat
Амангелді(руы — жақау) мен оралдық Данияр() аттары ұнамады, Диди ы несі? азан шақырып қойған атымен жүрмей ме? ой қызталақтар...)))
Gitarist
қызталақтар деген не?
19852407
Мында оралдықтар пайда болған ба, жарнамаңды?!?
Әлде Жақаудың ауылдастары
Gitarist
бос сөз керек емес, жалпы өлең қалай?
19852407
Өлеңін білмим, тыңдайтын уақыт бола бермейді.
Іліп-шалып естіп қаламын, жалып бұл екі баланың істеп жүргені істері ұнайды  Оралдық жастарға да ұнайтынына көз жеткізіп жүрміз.
Тап кеше сайттарын ашты, өлеңдерін осы жерден тыңдай аласыздар
jamagatpro.ucoz.net/
Gitarist
рахмет, ашылуын күтіп жүр едім

пікірді қайтадан қалай өңдейді?
kokbori
Мақтаулың мынау болса, шамалының қандай болатынын сезіп, шошып отырмын. Бұдан гөрі қасқырдың ұлығаны әлдеқайда жақсы ма деп қалдым
Өлең құсық, әншілер зынданға
Gitarist
белден төмен дәреженмен өлеңді құсық деуінді түсінбедім. көре алмаушылықтың исі сезіліп тұрғандай. сөздің астарына кіріп тыңда, бұл — рэп.
алдымен, өз өлеңіңді қарап ал, құсық деп соны айтады.

сен бөрі емес, шошқасың!
kokbori
алдымен, өз өлеңіңді қарап ал, құсық деп соны айтады.
"Қорғаныстың ең жақсы түрі шабуыл", шамасы тоқсан үштің о жақ бұжағындағы бала болдың ғой, өзөлеңіңдіөзіңжарнамалағаныңдысссс
Gitarist
Ыржалақтамай дұрыстап тыңдап шық және бұл менің өлеңім емес. Қайдағы жарнаманы айтасың? Бұл хип-хоп қауымдастығы, азғын қиялңдссссс.
күлкілі ештеңесі жоқ. Құр сөз бен қатынша керісуден басқа түгін жоқ. ұнамай ма, тыңдама.
енді қарсы шабуылға шықпай «иә, мырзам сіздікі дұрыс.» деуім керек пе?
Қазақстандық рэперлерді көтере алмасаң, төмендетудің қажеті жоқ.
сен бірінші барлық өлеңдерін тыңдап шық, сол кезде ойын өзгерер. Если что кешір, намысыма тиіп кеттің.
omarbirat
Плеер ойнамай, әндерді тыңдауға мүмкіндік болмай тұр. Сатуға шығарған альбомды сайттарына жүктеп алуға қойып, жігіттер қызық қылған екен.
Жақаудың «Адай отбасы» деген тобы бар еді ғой. Олар тарап кетті ме?
Gitarist
Жақын танымаймын, тарамаған сияқты. Осы ән жинағында шетелдің минустарымен айтпай, қазақи стилде жасады және еліміздегі мәселелерді көтерді. Неге құсық, зынданға? Бірінші сын айтпай, тыңдап шығуы керек қой. көкбөріге бағытталған.
patick
Жақаудың тректерін тыңдап жүрмін. Онша емес, тым күшеніп оқи ма бірдеңе. Ұнаған рэпі есімде қалмапты.
zhanibek_nurish
Тыңдамаған екенмін, десе де сәттілік жігіттерге! Өз тыңдармандары бар деп сенемін
Gitarist
бәріне ұнауы міндетті емес альбомы базар жоқ!
omarbirat
Бұл жігітті қазақша рэп пионерлерінің бірі ретінде құрметтеймін өзім. Смерчтің алғашқы тректері шыққанға дейін қазақша рэп ретінде тек ДМХ-ның «Йоу, раз, два, мен шығамын алға! Біз — қазақпыз! Бізге әңгімең бар ма?» деген өлеңін ғана білуші едік
Дэймонға жазған бірінші жауабы мен Дэймонның бұған жазған екінші диссі әлі треклистімде. Қазақша рэптегі ең жесткий дисстер деген баға берер едім
Кейін бұл жігіт дінге беріліп кетті ғой. Соңғы тақырыптарының көбі дінге арналған. Қазақша рэп айтып жүрміз деп жүрген басқа бала-шағаларға қарағанда тәуірірек, енді. Мына өздерінің жасаған биттермен айтып шықты деген альбомды тыңдау керек екен.
zhanibek_nurish
мына дәлелді пікіріңнен кейін тыңдауға асықпын,
omarbirat
ДМХ шыққаннан кейін қатты танымал болған қазақша айтатын рэпперлер мүлде жоқ десе де болатын. Одан кейін Смерч шықты. Қазақша рэп айтқанда, мыңқ-мыңқ етіп тұрмай, кәдімгідей жатық оқуға болатынын көрсеткен бірінші рэппер болды десем, қателеспеспін. Опшым, қазақша рэпке жаңа леп әкелген рэпші. Алғашқы шығарып жүрген тректері жынды болатын, бұның (дін туралы жазып жүрген соңғы шығармалары ұнамаса, «Смерч, Uni, Макс — Басқосу» деген ескі трегін тыңдап көріңдер )
Gitarist
бәрі "всем фальшам" диссінен бастау алған еді, қазір де бір-бірлеріне қарсылас-ау.
omarbirat
Осы дисстен танымал болды ғой. Дэймонды да дисс арқылы көтеріп жіберді
Gitarist
"Қазағыма лайықты" ән жинағын тыңдап көріңіз, жақсы шыққан. «Адай отбасы», "Қасапшылар" деген топтары бар сияқты, әлде бауырлары.
daniyar
Қазақша рэпте Джихад тобы, Жақау, Тарлан, Дидилерді құрмет тұтамын.
SaryQazaQ
Бұлардікі — жаңа бастама. Бұларға дейін ешкім Қобыз, домбыра салып айтқан емес. Бағыттары ұнады. Кішкене күшенулерін қойса жақсы болар еді.
omarbirat
Қобыз, домбыра сэмплдері бұларға дейінгі рэпте де болған.

Konan (Алтын Орда) — Көзқарас. Шамамен 2004-2005 жылы шыққан трек.


P.S. Тректегі қазақшаларына мән бермей-ақ қойыңдар

Домбыраны рэпке қосқанды алғаш рет 2002 жылы «Криминальный аборт» деген орыстілді топтан көргенмін
omarbirat
Жоғарыдағы тректің сілтемесі өліп қалды. Мынадан тыңдаса болады:
SaryQazaQ
Айтпақшы жаңадан клипі шыққалы тұрған «Уақыт» трекі Ақтау қаласы 29-шағын аудандағы Саканың(S.E.G.) студиосынан шыққан өнім
User
Екеуі де құсық рэперлер.Вахабисттер ғой хиджабты қолдайтын.Қарсы болсаңдар келіңдер пікірлесейік! сунна менің жолым дейді ғо Жақау.Қазақтың бұрыннан ұстап келе жатқан бағыты ИМАМ АҒЗАМ.Ал олардыкі сунна.Басқаша демек халықтың сауатсыздануы өз бағытын өзгертуі осындай рэперлерден туса керек.Ваще рэпке дінді сен намаз оқы бүйт сүйт дегенді жек көремін.Сейчас олар қалды.Қазір 1 ді ұстап тұрған АШҚАЗАҚПРО!!!
omarbirat
Қазір 1 ді ұстап тұрған АШҚАЗАҚПРО!!!
Damon-нан басқасын тыңдай алмайды екенмін. Екі тілде де жақсы айтатын талантты жігіт.
D'Lux те жақсы айтады.
Шыңғыстың флоуы бастапқыдан қарағанда біршама жақсарған, бірақ сонда да тыңдамаймын оны

Қалғандары —  Рэп оқығандары — салдыр-гүлдір бірдеме, флоулары өте-мөте нашар  Өздері сияқты щиголдар болмаса, есі дұрыс адам тыңдайтын нәрсе емес.
Adiletshu
Шоқан деген қалай?
omarbirat
Рэп оқу жағынан жақсы. Бірақ мына трегі хит дейтін бір туындысын таба алмай отырмын.
Осы жерде Ерболат екеуінің Астана туралы клипін шығарған едім, біршама сынға ұшырап қалды
Adiletshu
Қазақша рэперлердің видеоларын бір ақтарып шықтым. Ішінде ең ұнағаны мына қыздың айтқаны www.youtube.com/watch?v=kwf4iyYck2I&feature=related
omarbirat
Шынымен жынды айтады қыз
User
Дэймон Ашқазақтың мықтысы екенін мойындаймын әсіресе 40 жол деген өлең күшті немесе Қош Келдің дегені күшті.

Д люкс 2 жылдан асты Ашқазақ құрамында жоқ.Теп-тез айтатын рэпер ғой.

Шыңғыстың лирик қо.Анандай Дэймонский рэп жараспайд.Бірақ жақсы рэпер.

Сен қалдырған рэперлердің ішінде әжептәуір деп Труманды, Тілекті, Космосты айтуға болады.
omarbirat
Қазақтың бұрыннан ұстап келе жатқан бағыты ИМАМ АҒЗАМ.Ал олардыкі сунна.
Имам Ағзамның мазхабы да суннаны, бізге түсінікті тілмен айтқанда, сүннетті ұстанады.
Аз-кем түзету:

Уахабшылар «сүннет», "Әһли-Сунна уа әл-Жамаа" деген терминдерді меншіктеп алуы осындай жаңсақ пікірлердің тууына себепші болып жатыр ғой деймін. Олар сүннетті ұстанса ұстанатын шығар, бірақ "Әһли-Сунна уа әл-Жамаа" деп төрт мазхабтың ғалымдарын атайды.
User
сол сүннетті де ұната бермеймін, сақал өсіру, балақ қысқарту, хиджаб, жағымсыз иіс.Не мынау.
User
сол төрт мазхаб материктерге бөлінген ау деймін
omarbirat
Жақаудың уаххабшы екенін білмеппін.
User
Домбырамен сүйемелдеп СҰНҚАР САРМАТ жән 5файв айтты

shymside.ru/load/sunqar_sarmat_5five_kazak_dombyrasy/1-1-0-1213
Marationok
Құсық өлен, ұнамады.
Adiletshu
Көршім «ағайынды асеке» дегендерді тыңдап журетін. Олар қалай?
Marco
Жалпы жаман емес сияқты. Сөздерін бірден түсіну қиын, музыкалары ұнады