Танымал алаяқтар ондығы: №1. Виктор Люстиг


Виктор Люстиг (1890-1947) — Эйфель мұнарасын сатып жіберген адам.

Люстиг адамзат тарихындағы ең талантты алаяқтардың бірі саналады. Ол үнемі афералар ойластырумен болған, 45 бүркеншік есімі болған және бес тілде еркін сөйлей алған. АҚШ-тың өзінде Люстигті 52 рет тұтқындаған, бірақ қашан да дәлелдің жетіспеуінен босап шығады. Бірінші Дүниежүзілік соғыс болғанға дейін алаяқтық жолмен трансатлантикалық круиздерде лотореялар ұйымдастырады. 1920-жылы АҚШ-қа көшіп барып, бір-екі жылдың ішінде банкттер мен жеке тұлғаларды алдап, он мыңдаған долларды қалтаға басқан.

Атағын шығарған қылмысы
Оның ең ғаламат аферасы Эйфель мұнарасын сатуы болды. 1925 жылы Люстиг қызық іздеп Парижге келеді. Жергілікті газеттердің бірінен мұнара аздап ескіргенін және жөндеуді қажет ететінін оқиды. Люстиг осыны тиімді пайдаланып қалғысы келді. Ол сенім грамотасын қолдан жасап, өзін Почта және телеграф министрлігі басшысының орынбасары деп атады. Осыдан кейін Вторчермет (очм, Қара металл сатып алушылар ғо) дилерлеріне ресми хат жолдайды.

Люстиг бизнесмендерді қымбат қонақүйге шақырып, Эйфель мұнарасына кететін шығынның орасан зор екенін, сондықтан үкімет оны құлатып, металлоломға өткізуді шешкенін айтады. Люстиг бұл ақпаратты дилерлерге құпия түрде ұстауды талап етті, өйткені халық үкіметтің бұл «шешімін» ұнатпай, дау шығып кетуі мүмкін. Уақыт өте келе, ол сөйтіп мұнараны Андре Пуассонға сатып, өзі екі чемодан ақшамен Венаға қашып кетеді.

Пуассон алданғанын білгеннен кейін, өзін ұятқа қалдырмау үшін ешкімге бұл алаяқтық әрекетті айтпайды. Соны пайдаланған Люстиг кейін Парижге қайта оралып, Эйфель мұнарасын дәл сол әдіспен тағы сатып кетеді. Бірақ екінші бизнесмен алданғанын полицияға айтып қояды. Алаяқ АҚШ-қа әрең қашып құтылады.

1935 жылы Люстиг қолға түсіп, долларды қолдан жасағаны үшін 15 жыл, және сот үкімі шықпас бұрын түрмеден қашып кеткені үшін 5 жыл алып, барлығы 20 жылға сотталады. Ол 1947 жылы Алькатрас түрмесінде көз жұмды.
Бөлісу:

13 пікір

patick
«Алаяқтар» сериясының бірінші бөлімі
satibaldi
Амиго, Нұрлан Смағүловтың өшіреті әлі алыс па?
patick
аты тарихта қалсын, ну енд андай — о дүниелік болғаннан кейін айтпаса
aza
Бұлар да талантты адамдар!
asaubota
менің сүйікті жанрым! афера, фальшақша істеу!
zhanibek_nurish
алаяқтар-ерекше адамдар, екіінң бірінің қолынан келмейді,
madickisbig
бұл ондықтағы №1 алаяқ па, әлде оныншысы ма?
neoman
Басы істейтін жігіт екен, бірақ соңында ұсталып қалғаны қызық болмай қалды да. Шынымен басы істесе, қылмыс болып та саналмайтындай, заңға да қайшы келмейтіндей тап-таза қылып істеуі керек еді де. Біздің жігіттер, негізі, қатырады мұндайды
Super-Student
Ейх! Сабаз десеңші!
Abilakim
қызықты мәліметтер
asaubota
көбәріп нұсқасын оқимын десеңіз www.massaget.kz/debiet/kkzhiek/11218
torgai
Қолыңнан келсе қонышынан бас деген. Алаяқтыққа темірдей жүйке мен батылдық керек. Шығармашылық өз алдына. Құрметтеуге тұрады. Мұндайлар болмаса құқық қорғаушылар одан сайын ақымақ болып кетер еді.