Базарбаевтар - отбасылық комедия



Ситкомның оқиғасы Алматыдағы қарапайым үшбөлмелі пәтерде өтеді: Саламат пен Айғаным және балалары – Шерәлі, Арсен, сондай-ақ, бірінші курс студенті Гүлнәр.
Отағасы Алматы метросының құрылысына белсенді атсалысып жатқан маман, бригадир, Айғаным белгілі тележүргізуші, сондай-ақ, туған-туыс, құда-құдағилармен ішкі-сыртқы саясат сияқты барлық мәселені қадағалап отыратын ханым. Үлкен ұлы Шерәлінің жасы 25-те. Ол болашағынан үміт күттіретін футболшы. Ортаншы ұлы – Ералы Кембридждің студенті, кіші ұлы Арсенді көршілер мен мұғалімдердің бәрі жақсы көреді, ал Гүлнәр әкесінің сүйікті қызы. Сонымен, бәрі де тамаша еді…
Алайда, күндердің күнінде үлкен ұлдары Шерәлі аяқ астынан келін әкеліп, өзі де тарлық етіп жүрген пәтерде қиындық туындай бастады.
Енді Базарбаевтар отбасында кез-келген ұсақ-түйек, тіпті 1 шаршы метр жерде… ұрыс-керіске себеп болуы мүмкін. Алайда, осындай болмашы қиындықтарға қарамастан, бұл үйдің адамдары кез-келген жағдайдан жол тауып кетеді.
Жылы: 2012
Жанры: ситком
Өндіруші: «Kazteleproduct», «31 арнамен» бірлескен жоба
Бас продюсер: Нұрлан Қоянбаев
Сценарий: Нұрлан Қоянбаев, Нұрдәулет Шертім, Жаммид Көшербаев
Қоюшы-режиссер: Стас Булов
Рөлдерде:: Бекжан Тұрыс, Райхан Халиолдина, Нұрдәулет Шертім, Аида Жантілеуова, Гүлнәр Сильбаева, Дастан Қалдыбаев, Нұрлан Қоянбаев, Нұржан Тұтов, Күнсұлу Тұрғынбекқызы, Бақыт Әліпбаева, Әлихан
Бөлісу:

50 пікір

satibaldi
Саған бан қоюға шешім қабылдадым. Не жарнамаға ақы төле, не басқа нәрсе жаз.
sammita
тым құрыса постарға пікір жазсын)
vebred
Жарнамаға ақы төлейін заңды тұлға ретіндегі есеп шоттарыңыз бен мекен-жайларыңызды жібере қойыңыз. Келісім-шарт жасасамыз!!!
satibaldi
Оны қатырамыз саспа.
vebred
солай етыңдер… менде сендерге кобырек ақша тартуға жағдай жасайын… жұрттың алдында бетымның ашық болғаны маған да, компанияға да жақсы емес пе...!!!
satibaldi
Коммерциялық ұсыныс жібереміз ертең.
sammita
шаруа қалай, шешілді ме
satibaldi
Тереза шешейді соттатып жібере жаздаған юристер мәтінін жасап берватыр.
sammita
менде сендерге кобырек ақша тартуға жағдай жасайын
дегенін ұмытпаңдар))))
satibaldi
Әрине, тіпті Балалар Үйінен бірдеңе жеп үлгірген қатігез экномистер айналысып жатыр бұл бөлігімен.
zhanibek_nurish
Жарнамаға ақы төлесін,
Gulistan
Гүлнар Сильбаева.

Түзетіңіз!
vebred
Рахмет Гүлеке!!))
Rafaello
Жарнамасын көрдім. Атын білмеймін, ана КВН ойнайтын қыз үшін ғана қарамауға болатын сериал сияқты.
Gulistan
Даусы айқайлағанда жаман шығады және бәрін бұзып кетеді.
asaubota
аха, ешкімге ұнамайды ау деймін сол қыз
Gulistan
КВН-да өлең айтқанда даусы жақсы, бірақ кейде есіріп кететіні бар екен.
Былай шашы ұзын, сүйкімді қыз, тек аузын ашпаса екен дейсің.

ПыСЫ: Оралдың қыздары әдемі: Баян Есентаева, Әсел Сағатова, Гүлнар Сильбаева.
AKY
Гүлнар Сильбаева әншіліктен жолы болмағасын (Супырстар.кз) мылжың әзілге келді. Былайынша, қолынан бірдеңе келетін сияқты.
Gastarbaiter
Маған ұнайды Гүлнар Сильбаева. Өзінің харизмасы бар, сосын әдемі. Жалпы тартымды тұлға деп ойлаймын.
sammita
маған да ұнайды. Өз рөлін жақсы орындайды. Әдемі қыз.
19852407
Гүлстан: «КВН-да өлең айтқанда даусы жақсы, бірақ кейде есіріп кететіні бар екен...»

Гүлфайрус: КВНді қазақтар сөйтіп ойнайды ғой  
Данныйлары жақсы қыз, тек өз жолын әлі таба алмай жүр))), нешауа Москоу не сразу строилась.
Біреудің бағы жанып кетеді бірден, біреудің жолы әп дегенде төселмейді гүлмен  

Гүлстан: «Оралдың қыздары әдемі: Баян Есентаева, Әсел Сағатова, Гүлнар Сильбаева»

Гүлфайрус: Әсел Сағатова — Семейдің қызы.
Баян Есентаева, Назгүл Қарабалина, Гүлнар Сильбаева, Аида Жантілеуова — Жібектің сіңлілері ғоой Алматыдағы
madlen
Айгөлектегі ана кучкунтай бала үшін көруге болады.
madlen
Қашан басталаД? Қай күндері берілеД?
Gulistan
16-сәуір 31-Арнадан алыстамаңыздар!
asaubota
ситком стилін жақсы ұстай алған. актерлардың ойындары ұнады және әзілдері де мағыналы. кеше мысалы үй ішінде тек қазақша сөйлеу туралы болды, орысша айтылған әр сөз үшін 1000 тг айыппұл салынды отбасы мүшелеріне. соңында отағасы орысша көп айтатын болып шықты. сонда оның айтқаны: «Енді түсіндім елімізде неге қазақша сөйленбей жатқанын. Бар мәселе жоғарыда екен ғой, олар қазақша сөйлесе халық та сөйлер еді».

ТВ жүргізушілікке кастингке келіп, жас қыздардың арасында күлкі болып тұрып, кастингтен өтіп кеткен апайдың жас қыздарға айтқаны: «ей, тоқсан-алпыс-тоқсандар, кітап оыңдар, кітап!».

негізі көруге болатын сериал.
omarbirat
Жаңадан қолға алынып жатқанын ескеріп, жаман емес деуге болады.
Алдыңғы күні құдалық болып жатқан сериясын көрдім. Ұнады.
asaubota
құдалар тақырыбына жақсы стЙоб болды
aikarakoz
әсіресе дастарханы керемет екі бөлмеге созылған
omarbirat
Қателесуім мүмкін, дегенмен, метрода істейтін жұмысшының (әлде бастық па?) қарапайым отбасын апарып, көбінесе байлар мекендейтін әл-Фарабиде тұрғызып қойғаны бір түрлі екен. Қазақы понттың иісі мүңкіп кетті ИМХО
omarbirat
Ааа жоқ. Бәрі дұрыс екен. Шешелері әйгілі журналист, балалары Кембриджде оқыса, ондай жерде тұратын жөні бар сияқты
asaubota
балаларының приколы жостко болды. Англияда отырып кілең қазақтар жиналып ішіп отыр. «нормальный музыка қойшы» деп ағылшын музыкантқа барып біреуі әңгіме айтады. ақша беріп Ақмаржанды қосқызады
Nurgisa
Әдетте алғашқы сериялары тартымдылау болып, кейін сиырқұйымшақтанып кететіні бар. Тәліптің Әліптің артын бағайық. Қызба баға беруден аулақпын.
vebred
Эх, Нұреке қандай сабырлылық)))!!! дегенмен, сендердің көңілдеріңнен шыққанына қуаныштымын!!!
Nurgisa
Негізі, арналарың жаман жарнамалап жатқан жоқ. Тек, Қоянбаефф премьера көрсетілетін күні жаңалықтардың қазақтілдісінде де, орыстілдісінде де жарытып айта алмады. Ондайда сойып салу керек, продюсері ретінде промоушіннің көкесін көрсетуің керек. Олай болмады. Кеше жаңалықтар біте берісте артқы фонда Базарбайеффтардың көріністерін көз шалды, дикторлар «ал бізден кейін… — Базарбаевтар!» деп құлаққағыс қыла ма деп ем, жаңылдым. Бұл тұрғыда аздап жұмыстануды керектенулерің керек тәрізді.
Zhan
жұмыстануды керектенулерің
мынадай сөздер жоқ қазақта.
Nurgisa
Керекинфода бар. Бұрынғы керекинфоның лексиконында қолданыс аясы кең еді, сен кейін келе қосылдың ғой.
asaubota
негізі жоқ сияқты. бұрынғы Керекинфо форумында Моңғолиялық жігіттер солай сөйлейтін еді.
Gastarbaiter
Бұрыңғы керекинфо болып 81-лер бір, орта жолдан қосылған боп мәссағаншылар, Солай, деушілер бөлек, дәруіштер бөлек, «жастарлықтар» мен өрдіпрессшілер тағы бөлек, және жаңа керекшілер боп ҚасымОлжас Конви, Назгүлдер бөлініп бір-бір қауымдастық ашсақ ше?
sammita
мен ше, мен қайдамын
sammita
қазақтілдісінде де, орыстілдісінде
біте берісте
жұмыстануды керектенулерің
аяулы ана тілімді құртып бітті осы аудармашылар
Gastarbaiter
Нұрғисаның әзіліне үйренетін кездерің болған сияқты
sammita
вахтовиксің бе, отағасысың ба бүгін?
Gastarbaiter
Түсінбей отырмын бұл сұрақ сабақтас ойлардың қатарына қай логикалық саңылаудан шықты?
sammita
қылт еткен жерден логика іздеме Гаста, бұл әншейін қызығушылық сұрақ: көңілің тоқ па, үйдесің бе деген)))
Gastarbaiter
Қайдан білейін, «разрыв шаблона» тәсілдерін сынап жатыр ма деп Үйдеміз, үйде болған соң күйдеміз.
Zhan
Сосын осы «Керекте» «сәлемденеді», "құттықталамын" деген де сөздер бар. Сол сөздер де дұрыс аударма емес.
sammita
сәлемденеді деген әзіл ғо, приветствуется. Бірақ оны шынымен қолданатындар бар((
patick
Сериал онлайн таратылып кетіп жатыр кинопорталдарда. Сондай сайттардан көре берсек — сотқа бермейсіздер ма?
vebred
О не дегеніңіз… сізді сотқа беріп неміз бар)) Ол енді сайттар мен продакшн студияның проблемасы емес пе… Біз арнаға қатыстысын жасадық… ешқайда таратқан жоқпыз...)) қалғаны енді көрерменің еркінде