Қалың қалай, қазақ блоггері?
Соңғы кездері «қазақ блогшылары» деген өзінше бір әлеуметтік топ пайда болды. Батыс елдеріндегідей қоғамда бедел жинай қоймаса да, халықтық ой-санаға ықпал ететін қауқары бар. Бүгінге дейін олар екі мәрте бас қосып, құрылтай өткізді. Толығырақ
«Руыңды қорғаймын десең, ұлыңды тәрбиеле.
Ұлтыңды қорғаймын десең,қызыңды тәрбиеле»
Осы кісі болса керек.
— Анау басыңыздағы нәрсе қалпақ деп аталады ма — деген екен, жаман қалпақты көрсетіп.
Сонда ғұлама:
— Анау қалпағыңыздың астындағы нәрсе бас деп аталады ма — деген екен.
Сол ма, Қилыекесі, айтпағыңыз?
Үрей: Ақпараттық технологиялаp дәуірінде ноқтаға басы симайтын, бақылауға көнбейтін ғаламтор деген өзінше бір әлем бар.
Шарасыздық: Жаһанды жаулаған сол ғаламторды дұрыстап игерсек, игілігі көп-ақ, алайда, әзірге ол қолдан келмей тұр.
Қауіп: Ғаламтор арқылы бейәдеп көріністер көпшілікке таралып жатыр, азаматтарымыздың ар-ожданы тапталып жатыр, ғаламтор арқылы шығармашылық иелерінің авторлық құқығы бұзылып жатыр.
Қорқыныш: Тіпті, әлемдегі түрлі ұлтаралық, дінаралық дүрдараздықтарды қоздыру, ереуіл мен бұлғақтарды ұйымдастыруда әлеуметтік желілердің ықпалы басым.
Әрекетке шақыру: Сондықтан, көптеген мемлекет ғаламторды бақылауға көшті. Бұл өз кезегінде ақпараттық кеңістікке тыңнан қосылған осынау саланың өркениетті дамуына кепіл болмақ.
Алдаусырату: Тек бостандығын шектемесе болды.
Жұбаныш: Бүгінде телевизия мен мерзімді басылымдардың өзін ығыстырмаққа жанталасып жатқан жанкешті саладан қазақтың да алар үлесі көп.
Пафос: Статистика агенттігінің мәліметінше, қазір еліміздегі интернет желісін пайдаланушылар саны 9 миллионға жуықтады. Әлеуметтік желіні қолданушылар бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр.
Сұмдық: Кезінде компьютер пернелерін қорқа-қорқа басатын аға буын өкілдері бүгінде блог жүргізетін деңгейге жетті. Ал жастар, тіпті, анасының құрсағынан компьютер құшақтап туғандай, виртуалды әлемсіз мына өмірді елестете алмайды.
Масқара: Соңғы кездері «қазақ блогшылары» деген өзінше бір әлеуметтік топ пайда болды. Батыс елдеріндегідей қоғамда бедел жинай қойған жоқ, бірақ, халықтық ой-санаға ықпал ететін қауқары бар. Бүгінге дейін олар екі мәрте бас қосып, құрылтай өткізді.
Мәссаған: Болашақта қазақ блогшыларының одағы, қауымдастығы құрылып жатса, таңғалмаңыз. Қазақ блогшылары деген кім?
Мәтіннің кіріспе бөлімінде Интернет бақылауға көнбей, басы ноқтаға сыймай жаһанды жаулап келе жатыр деген тіркестермен суреттеледі. Кіріспе бөлімнің түйіні Интернетті игере алмай жатырмыз деген дәрменсіздікті мойындаумен аяқталады. Негізгі бөлімде Интернеттің зияны сипатталады. Интернеттен келіп жатқан зиян көп болғандықтан көптеген елдер тәрізді біз де оны бақылауға алғанымыз жөн деп шешімнің ұшын шығарады. Өйткені телевизия мен мерзімді басылым интернеттің құрбанына айналып отыр, әрі клавиатурадан қорқатын аға буын (яғни, қазақтар) өкілдері де игеріп алды (ал басында ноқтаға басы сыймай жатыр еді). Қазір олардың саны аз болғанымен қоғамдық санаға ықпал ете алады.
P.S. Общым, қашыңдар, қазақтар! Редактор интернеттен қауіп бар, бақылау керек деген ойды блогқұрылтаймен байланыстырғысы келсе, сюжетте ол ой дұрыс көрініс таппаған. Одан да Интернетті ағарту, тілді дамыту құралы ретінде көбірек насихаттау керек еді. Интернет туралы стереотиптерді қоюландырып, халықты үркіткеннен ұтыламыз. Алақанымызбен күнді жаба алмаймыз. Баланы кішкентай кезінен төпелеп қорқыта берсе, ынжық болып өсетінін білмегені ме? Интернеттен емес, оны сауатсыз қолданып отырған адамдардан зиян бар. екеш да адам арқылы зұлымдығын атқарады. Сондықтан зиянын азайтқысы келсе, интернетті емес, адамдарды бақылау керек деп ашып айта салмай ма?!