Едіге Алаң По. "Меншік иесінің өлімі"
(Жалғасы. Басы — «Құрылтайшының өлімі»)
«Уууіііііііііііііііііпп… Дадатын да, отитын да дым док… Фыыыыыыыы...» ©Нашақор Титөк
«Амстердам» бағыты бойынша келіп қонған ұшақтың жолаушылары ала-құла. Алып дорба арқалағандары мен алақандай сөмке асынғандары аралас.
Құйып қойғандай шақ сұр костюм киген, еңгезердей ел ағасы құлағындағы көк түспен жылт-жылт еткен құрылғысына сөйлеуін тоқтатпаған күйі әуежай ғимаратынан шықты. «Такси, такси» деп қаумалаған ұзыны, аласасы, толығы, арығы аралас еркектер қауымын жарып өтіп, дәл есіктің аузына тоқтаған сүліктей қара S-Class-ты W221-ге беттеді. Алдыңғы орыннан серіппедей атып шыққан иықты жігіт артқы есікті айқара ашып, кіргізіп жіберді.
* * *
Осының кіруін күтіп тұрғандай көлік сырғи жөнелді.
— Кәрібозды да естіген шығарсыз?
— Ия, естідім. Ана журналюгадан кейін таң атпай бірден соған келіпті ғой.
— Байғұс қиналып өліпті, өз тамағын өзі сойғылап тастаған.
— Мда… Сыпатайдан қашан шықтың?
— Осы қазір. Мокрого места не осталось. Шашып тастаған. Калигуланың мұрнын көз қуысынан тауып алыпты.
— Ол кім тағы?
— Да, придурок какой-то. Грек. Давно помер. Соның бюстін сүрткілеп жүруші еді Сыпатай.
— И смех, и грех.
— Не до смеха, шынымды айтсам, Сәке. Прям, Терминатор какой-то, за каких-то несколько дней четверых положил, шутка ли.
— Не ссы, Майданчик, бәрі нормально болады.
— Сіздің мына жүрісіңізден қорқамын. Жігіттерді алып алыңыз жаныңызға.
— Да, жібересің ғой. Европада үйреніп қалыппын, елки.
Үлкенді-кішілі түрлі жекеменшік медианың басын біріктіріп, оларды бизнесінің басқа салаларын дамытуға пайдаланып отырған танымал кәсіпкер Сезімтұғыр Ерқайев мен тікелей сол медиа-одаққа жауап беретін көмекші Майдан бір ауық үнсіз қалды.
— Айтпақшы, анау Нұрберген Ң-ді қашан алып келесіңдер алдыма?
— Бүгін… ары кетсе ертең таңертең. Бағана, сары Хама хабарласты, "ізіне түстік" деген. Ендігі алып та қалған шығар.
— Ну, смотрите.
Кенет рөлде отырған адамның оң қолы шошаң етті. Іле-шала алдындағы иықты жігіт сатыр-сұтыр еткізіп аяғымен көлік еденін тепкіледі, қорқырап, әлденені шалпылдатып, шүйдесімен орындықты ұрғылады.
Қолын беліне апара берген Майдан сол шықшытына тиген оқпен әуре болып кетті.
Күтпеген жерде болған дүниеден есі ауып қалған Сезімтұғыр «Екі қолымен бірдей ата алады екен, ә» деп еріксіз ойлағанын ғана сезінді.
Екі жанды, екі жансыз денені тиеп алған 5 орынды седан түзу жолға түсіп, жылдамдығын 150-ден асырып, үдете түсті.
— Аға!
Сезімтұғыр айнадан өзіне қарап отырған жүргізушінің көзін көрді.
— Аға! Нұрберген Ң. деген менмін! Бір ауыз өкпе-назым бар еді, оны ешкім көтере алмады. Ендігі үмітім сізде, аға!
Сезімтұғыр не дерін білмедім. Аузын аша алмады. Қатты қаталап кеткеннін ғана білді.
— Аға, бір ауыз кешірім сұрай салсаңыздар нелеріңіз кететін еді!?
Сезімтұғыр айнаға тағы қарады.
— Аға, келесі нөмірге шығарыңыздаршы, мен көп ештеңе сұрамаймын ғой.
Сезімтұғыр «Айналайын, ол… енді… болмайды ғой… мынаның бәрінен кейін… қалай енді...» деп күбірлеп жатқанын естіді. Өзі өз емес сияқты. Кенет, аузынан дұрыс сөз шықпағанын түсінді.
— Онда, кінәні менен іздемесін, аға.
Фамилиясы Ң-нан басталатын жалғыз жігіт көлігі сирек қала сыртындағы күре жолдың қарсы бетіне седанды бір-ақ шығарды да, өзі есікті ашып сыртқа секіріп кетті.
Тізгінұстарынан айрылған S-Class ақырғы сәтінің жақындағанын сезді ме, әйтеуір жүрісін сәл ғана баяулатты, бірақ, бәрібір сол кеткен күйі алдынан шыққан Кам автомобиль зауытының жиырма алты тонналық КамАЗ-5410 тягачының астына барып кіріп кетті.
* * *
Тарс еткен соқтығыс күтірлей сынған адам сүйектеріне ұласты.
* * *
Алты баланың әкесі, кеңестің кезінен қалған құрылыстарды бұзып, кірпішін қалаға апарып сатып жүрген Қоныстыбек ауруханадан шыққан соң, көлігінің астына кіріп кеткен Мерседесте тек бір адамның ғана қақтығыс сәтінде тірі болғанын, ал қалған екеуінің бірінің оқтан, екіншісінің тамағын орып жіберген өткір ұстарадан өлгенін естігенде «Астапыралла, астапыралла» деп жағасын ұстай берді…

Бүгін 1 сәуірге біреулерге айла ойластырам деп едім, амал не — өзімнің бұтым кеппеді ақыры
«Едіге алаң по» криминалдық боэвигі Қазақстандық прокатқа жол тартты. Патиктен рецензия күтеміз))) көруге бару үшін
— Братан, левый берег. Дом министерств. Пицот нормально?
бізде де өлтіретіндер жетіп артылады. келсей біз жаққа.....