Маслоу пирамидасы, әйнек жағажай, секвоя, алыптар жолы....

Адам тойымсыз екені рас-ау. Жақсыға тез үйреніп, қажеттіліктер арта түсуде. Есімде, кезінде әпергенді киіп, же дегенді жеп, тып-тыныщ боп жүруші ем. Қазір талғайтын болып алыппын.
Маслоудың пирамидасына сенсем, маған қазір топтағы нәрселер керек екен. Яғни рухани өсу, даму, жетістіктерге жету, жаңа бір нәрсеге үйрену, білімімді толықтыру, білмегенімді үйрену, ел көру, жер тану деген сияқты кете береді))))



Соңғы кездері секвойя ағашы өсетін орманды, әйнекті жағажай мен алыптар жолы (Тропа великанов) деген жерлерді көргім келеді))))))







Алғашқы екеуі тек АҚШта, ал соңғысы Ирландиядағы кереметтер. Уопшым солай. Арманыма жеткізсін! А теперь хором «Аумин» деңіздерші)))))
Бөлісу:

26 пікір

kokbori
Алдыңғысы үйеңкі емес пе, ол тек әлемде Канада мен Қазақстанда бар деп естігем. Канаданың туында үйкһеңкінің жапырағы бейнеленген. Соңғыекеуін бұрын сңды көрмеппін де, естімеппін, керемет. Ал өзіңе әмин, тілегіңе жеткізетіндей бай, қағылез көмекшім болуыңа тілектеспін
Aizhantabyn
Үйеңкің нес))))) Ол болса, ондай қарапайым нәрсені армандап, уақыт кетірем бе?
satibaldi
Адам тойымсыз екені рас-ау.
Өзіңізге қарап шығарған қорытындыңыздың дәлдігіне табан соқпасқа болмайды.
kokbori
Бойына ма, ойына ма бұл сөздің арналғаны
Aizhantabyn
)))) И туда, и сюда))))
Gastarbaiter
Рухани дамуға талпыну, өзіңді жетілдіру үшін астыңғы екеуі жеткілікті сияқты.
Меніңще топта "Өзіңді тұлға ретінде жүзеге асыру" болуы керек сияқты. Былай да болад негізі, принципиалды емес, бірақ «самореализация» дұрысырақ сияқты.
Aizhantabyn
Мен де солай ойлаймын. Бірақ, көп нәрсе әр бір адамға байланысты шығар. Біреуге астыңғы екеуі болса, қоршаған адамдар, олардың сөзі де, өзі де керек емес. Ал басқалар мансап, атақ, құрметке құмар.
satibaldi
«Бақыт формуласы», «табыс кілті» дегендер — тұяғымды жеген қыртыған дүниелер. Императорлар бақытсыз өткен, тігерге тұяғы жоқ жарлылар бақытты өткен. Кейбір императорлар бақытты өткен, кейбір сіңірі шыққан кедейлер солай маңдайы ашылмастан өткен. Кейбіреулер не бақытты, әлде бақыстыз өтіп бара жатқанын білместен өткен.
Өз тасым өмірге карнегиандық-америкөттік көтқараспен қарайтындардың оңғанын көрген жоқпын. Әрі кеткенде витриналы, сыртқа көрсететін жасанды бақыт қана /Енді оқыған умный кітаптарын ақтау керек қой!/. Олардың қасында оқымаған, әліпті таяқ деп білмейтін, бірақ «балаларым үшін» деп, күндіз-түні тынымсыз мал баққан қарасирақтың әлден бақытты екенін көрдім. Ит-шошқа өмірді бір теорияларға, пирамидалар мен кубқа тықпаламай-ақ, тупо өмір сүруге болады. Принципиалды емес, конъюнктуралық шешімдер қабылдай отырып.
Aizhantabyn
Тэйк ит изи, ағасы. Сізге ваще ешқандай пирамида керек емес, өйткені асқабақсыз.
satibaldi
Бұйырса түсті әйнек жағалауын да, әлгі еменнің бұтағын да, дәулердің қасқа жолын да көресің. Бірақ жаман жері де сол — «бұйырса»…
kokbori
Олардың қасында оқымаған, әліпті таяқ деп білмейтін, бірақ «балаларым үшін» деп, күндіз-түні тынымсыз мал баққан қарасирақтың әлден бақытты екенін көрдім.
Шынымды айтсам, менің көзқарасыма сай келмейтін дүниелер. өй балаларымды жеткізсем болды, басқалары күл болмаса бүл болсын дейтін бақыттың бес тиынға керегі шамалы. Мен үшін нағыз бақыт арманына, мұрат мақсатына қол жеткізу. Ал ол тез орындалып қойса бақытым емес, келесі арманға қол сазамын.
Пы.сы. Негізі бақытты өмір болмайды, бақытты сәттер болады дегенге табан соғып, қос аяқтап қосылғым келеді.
bazuka
Әйнекті жағалауыңыз керемет екен! Армаңыз орындалып барып келіңіз! не ғой біз жақта кескенде бойынан қан ағатын ағаш өсіп тұр дейді барып көргіңіз келмей ме?))) қанша дегенмен тылсым дүние))
Aizhantabyn


мына ағаштың жапырақтары қап-қара сияқты, анығы қою қызыл, қан түстес. Бірақ не ағаш екенін таппадым. Жергілікті жұрт та білмейді екен…
kokbori
Бұл қайда орналасқан?
Aizhantabyn
Швейцариядағы бір шағын қалалардың бірі, уже есімде жоқ қайсысы екені))))
bazuka
ғалымдар зерттемеген бе екен?
omarbirat
Осындай ағаштарды өзімізден де көрген сияқтымын. Дәлірек айтқанда, крутойлардың аулаларынан.
a63a1
анығы қою қызыл, қан түстес
бұл — Қандағаш
Aya
Әйнек жағажаай керемет екен. Сәт сапар, жолыңыз болсын
Gazizkizi
Ващщще Асқабаққа мұның бәрінің керегі не а?
Makhabbat
Асқабақтың қатысы қанша бұл жерде а?
AL-ASTER
байқауымша, мендегі қажеттілік пирамиданың жоғарысынан басталыпты, содан ба өмірге өкпелімін)))

не балық емес, не ет емес бовқалған сияхтымын)
izbasar
Бірінші рухани қажеттілік керек сияқты.
zhanibek_nurish
деннің саулығы, ақша және виза соғылған паспорт болса болғаны, жолыңыз ашық. МАслоу пирамидасына келер болсақ, дұрысы апамның тізесіне салып отырып, иірген ұршығындағы «ТУУ, ҰЛҒАЮ, СЫЙМАЙ ЖАРЫЛУ, ІСКЕ ЖАРАУ» ұғымына жетері жоқ.