Айтыс!!! АКҮ мен Арамзаның айтысы

Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің де маған қараңдар,
Клаваларыңа мініңдер,
Керекке қарай жүріңдер.
АКҮ мен Арамза
Айтысатұғын балаң бар.
Тамашалап айтысты,
Плюстеуге жараңдар.
Пост жазылады біткесін,
Сонсоң дауыс санаңдар.
Шабыңдар, қані, қос дүлдүл,
Жұрт қарап тұр алаңдар,
Шаба алмасаң саған серт,
Шаптырта алмасам маған серт,
Адам болмас жамандар.
Көпке созбай бастайық,
Гонг те міне соғылды,
Брара рарам, барам бар!!!

Пы.сы. Жүрсін Саат екеуміз,
Іш күйгендер тұз жалаңдар.
Бөлісу:

103 пікір

kokbori
Дауай бастаңдар
buzau
Клавамда казак жок орысша деп сокпендер. Мен косылсам жигиттер боска терди токпендер. Кисык кисык жолдардан кия шауып отейн. Секирип бирак отемин мен отпеимин откелден. Енди арман кетеин сурагыма жетеин. Корип остик бурыннан бетеринде бетердин. Мына заман кай заман, «ултын суйген ер жаман». талаи сурак коярмын болып турсам мен аман.
satibaldi
Меңгереалмадым: екеуінің орнына сен жазып отырасың ба?
kokbori
жоқ, астына жаза береді
satibaldi
Ендеше, айтааақ, айтаақ! Фьшть, фьшть, фьшть, фьшть!!!
Abilakim
уже дауыс бере берейік пе? Астына жаза берсін
kokbori
Жындысың ба, әуелі жазсын да
aza
Ел құлағы бұл жаққа
Елең елең етеді,
Жетпегірлер қайда жүр,
Жоқ қой әлі екеуі,
Abilakim
екеуі бір біріне не жазатынын көрсетіп жатқан болар ринатыңдысс…
aza
Құладым, әнәссссс
satibaldi
Ау ақындар, жіберіңдер аттыкінің басын! Жұртты иіріп қойғандарың дұрыс болмас.
Aramza
Ассалаумағалейкеем сөздің басы
Қотыр болса арқаңды тұзбен қасы
Көкбөлтірік сандалып бос жүргенше
Сұрасаңшы, нешеде қыздың жасы?
kokbori
ол сенің шаруаң ғой, менікі бензиннің маркасы мен бағасын білу
Abilakim
Казір көкбөрі АКУдің айтысқа жіберген құжаттары арасындағы сканерленген УДЛін салады мына жерге.Жасын сол жерден қарап ал
aza
Аллл, шап, шап, Арамза!
kokbori
Жаза бер, өзі артынан жазады
kokbori
ТАғы айта берсей, келгесін жауап жазады ғой
aikarakoz
айтыс күтівотырқ, айтееееес!
Abilakim
АКУ ақ шрифтпен жазып отырмын дейді
kokbori
Болмас, АКУ ге хабарласыңдар, ұят дағы, сыртынан әңгіме айту
Abilakim
өзінің келісімінсіз періп жібердің бе?
kokbori
Ия, АКУ намыстың қызы емес пе! үміт етіп отырмыз
satibaldi
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, кешегі саммит өткізгеніміз, басқа да табыстарымыз назардан тыс қалмасын, ақындар.
kokbori
әкесссАна Кувейттегі қорлық та тыс қалмасын
Aramza
ондай кітап оқитын ақылды емеспін ауызға келгенін айтам нақ
aza
Оттама, СААТ! Өздері білет, айта берсін! Тақырыпқа шектеу қойылмайды, тек Нұр Отанға тілдерің тикетпесе болоды!
aikarakoz
тілін тигізіп көрсе не бопты?
Abilakim
қатты керегі жоқ.сайтымызға кедергі болар…
aza
Айқаракөз, Сен Астанадан басқа жақта тұрасың ау дим))) Болмайт дедім болмайт))))
Aldeken
тілін қай жеріне тигізгеніне де байланысты болар…
aikarakoz
айтылып отырған объектті мен адам кейпінде еш елестете алмаймын
Abilakim
чемодан қалпында елестете аласыз ба?
aikarakoz
сары шарф түрінде елестетем
satibaldi
Оттама, СААТ! Өздері білет, айта берсін!
Бұтағымды жемей жоғалнақ, сцуко.
kokbori
Сендер емес қо, айтысаты, аналарға бизин шашыңдар
aza
СААТ, тоқтай тұр, аналар айтыссын))) Шабыңа түртсе, дамбалыңды ту қылып қарсы жүгіруді қой, бала емессің
aza
Әнәәәәс, о заманда бұ заман Арамза тілеудес болғанды естімеп ек, қызық екен, әкессс)))) шааап, айхееей, Арамаззааа, алға, алға!
Abilakim
Алдымен АКУ-дің қолы тиіп жатыр ма соны білген жан бар ма? Ақындар бір күн бойы тиіп-қашып айтыссын, келесі куні келесі айналымға өткенді анықтайтын боламыз
aikarakoz
АКҮні фэйсбук ауылдан іздеп келдім, жарығы сөніп тұр, үйінде ешкім жоқ-ау! Сыртынан іздеп жатқанымызды айтып, айқайлап кеттім…
sammita
АКУ агентте жоқ
Біздің отдел кадров агенттен «отошел» деген статус көрсе, звондап сұрайды екен «неге орнында емес»деп
Aldeken

Сисадминдерге әр қызметкерге агенттен аккаунт ашып тіркеп қоюды міндеттеп қойған шығар… ЕрдақынЫрсаичінссс…
sammita
үлкен кісілер ғо, агентті бертін үйренген. «Дүкімент жіберіпті саған, пароліңді айтшы» деп үйге звондайтын. Жоқ, қызметтік пошта аз оларға
«отошел», «сплю», "әңгілемесуге әзірмін" статустарын қойып жынды қылатын
satibaldi
Өзіміз айтақтап отырып, өзіміз айқайлап, ақыры мониторға бітіріп тынатын сияқтымыз. AKY -сыз-ақ.
aza

Мал әкеңңңң)))) СААТ! өЛДІМ НАҚ!
kokbori
 лібә, көзімнен жас та шығып кетті ғой
aza
ағайын, Арамаза ақынға қол шапалақтап, қошемет жасап қойыңыздар, әупіріммен жалғыз өзі шыққанда, қайта кетіп қалып жүрер!
Korkem
Айтысқа өздерің дес бермей, базар ғып жіберіпсіңдерииии сабырларың қайда?
satibaldi
Жаңа ұсыныс. Дабай, екеуі телефонмен айтыссын да, бізге тек кім жеңгенін жазып жіберсін?
aza
ҚОЙ НАҚ, ҚЫЗЫҒЫ МЕС!
kokbori
Қойш, онда невтему болады ғой, ертеңге дейін айтыса берсін, нақ
Abilakim
Немесе «Егемен Қазақстан» газетінің бір бетінде (мәселен соңғы) кезек пе кезек нөмір сайын айтыссын
aza
КҮТЕЙІК, КЕЛІП қалар! Нақу, өөөй, не бол кеттті, АҚУ
Aramza
пезнес өздерің айтысып жатсыңдарғо
kokbori
Ата берсей айтатыныңды, сосын өзі келгесін жауап береді ғо
araika
Арамза, адасып қайдан келдің?
Aramza
Әперемдеп саған кеткен айдан келдім
3 бөлмелі 1 есікті жайдан келдім
Ай толғанда баратын ойнау үшін
Қыздарменен жүретін сайдан келдім
kokbori
Айда үрит соқ, амал жоқ, Арайканы тартсаң АКУге уақыт бере тұрамыз
Aramza
АҚЫ келгенше басқа қыздармен ауызжаласа тұруға болама?
kokbori
Епті адам байымайд, АКҮ керемет қыз, көзінешөп түгілі, қылтан да салуға болмайды
kokbori
Мына қыздар тормоздау,
Кеттау Көкбөрі еңбегі.
Айтысайық ендеше,
Әбіләкім кел бері
araika
Өзіңнің ұстанған саясатыңды осылай жоя салмақсың ба?
kokbori
басқалай амалың болса ортаға сал, әйтпесе шаруаға араласпа
araika
 Ұйымдастырушы ретінде екі ақынмен байланыса отырып, белгілі бір уақытты белгілеп, сонан соң барып халықты шақыру керек еді. «Той той болмады» деп жатыр төменде Кілең керектіктер ішіп-жеп кетті бәрін
Abilakim
Қалмақтар қазақтарды шауып кеткенде Абылай "қой, өзім бармасам болмас" деуші еді бір кинода
Marco
жұмысы жоқтық, уақыты көптік аздырар адам баласын
kokbori
Немене, Марко, көре алмай отырсың ба? Жұмыс жұмыс деп шапқыладық, енді каникулда бір демалайық та, жұмыс аз кезде
FaraOn1
айттым ғой адам құсап тізім шығарып, екеуі де онлайын отырғанда айтыстыру керек деп))) халық тарап кеттіііііі, енді айтыс болмайды)))
Abilakim
Халайық шуламаңдар! Бір мәнісі болатын сияқты
Korkem
 ыы не демексіз?
Abilakim
обшым, бағанағы айтқаным ғой
kokbori
Әбеке, сіз де қорқып қалдыңыз ба?
Көкбөрі сыбанып тұр алдыңызда.
Қанікей, мына қыздар тормыздығын
Бетке айту бар емеспе ед салтымызда?
Abilakim
Сені қайтемін, көзілдірікті қыз келісімін берді.Мен әзірге жыныстық ауытқылушылыққа ұшырамаған ем
AKY
О ептілер, мен айтысқа ұсыныс білдіргем жоқ қо е. И ваще Арамзамен айтыспайм. Тролльдерді жақтырмайм.
ademi_alem
AKY келдііі, алақааай!!! деп енді қуанып отырсам.
AKY
қолым да тимей жатыр. алдағы айтыстарға қатысам, ғық ғық, тек бүгін емес.
Көкбөріге ескерту: адаммен келісіп жасау керек мұндайды.
kokbori
Жоқ, сыртынан жібере берем, әйтпесе тормоз болып отыр сенен басқасы
ademi_alem
алдағы айтыстарға қатысам
qisyq
Арамза, осы ма еді өлген жерің,
Ұятыңды туалетке көмген жерің.
АКУ сені не қылсын, байқұсым-ау,
Талайды менсінбеген ол бір керім… Әридош-ооооу…
Aramza
Кекірейіп қарасада қыздар маған
Мінезім бар құлатып қызды арбаған
Кетейін қаңғып акесс… туалетке
Болсам егер ледоруб мұз жармаған
Қисық-ау туалетке жетектеп бар
Сол кезде болып қалсам қыздан жаман
qisyq
Өзіңмен айтсуды егес деппін.
Айтысардың алдында кеңеспеппін.
Арамза, қыздан жаман күйіңмен
Туалетте жаққа апарғанды елестеттім…
kokbori
Мынаған Арамза жауап қатпасаң арамқат дейтіндер көп болатын шығар
Aramza
Сөзімнің айтқан саған байыбын біл
Шешеннің құдай берген сойылы тіл
Сойылыңды қалсаң егер жөнсіз сілтеп
Абырой атағыңды қылады күл
Уа Қисеке миыңды қылып елек
Айтқанымда ой барғой жөні бөлек
Ер болғасын қайтеміз кекткенді
Туалетке баруға да демеу керек
kokbori
Енді кіммен?
Abilakim
бөрі аштығын білдіргісі келмегенмен аш екеніңді мойындасай
kokbori
Тоқпын деген де жоқпын, бұны неге айттың?
Abilakim
жәй, әңгіме болсын деп
Abilakim
дегенмен айтысқа қатысуың да мүмкін ғой
AKY
Байқасам, Көкбөрінің өзі де қатысқысы келетін сияқты айтысқа.
kokbori
Ойбай мені шақырып отырғаның ба? Үйбай, құрысын Жүрсін Ерманды айтысқа шақырған қай айтыскерді көріп едің, ана Ринатта сахнада емес, тек БАҚ та айтысты ғой
Abilakim
Байқасақ, тролль емес.Көкбөрінің көзін көгертуге қалай қарайсың?
Sherkeshbay
Жиырма бес жыл өтсе де,
Төрімде отыр өзге тіл.
Ал өз тілім жетім бала секілді,
Сығалайды есіктен
Неге оның бекімейді буыны?
Неге белі шыға алмай жүр бесіктен?
Ispek92
қазір сізге өзіңіз секілді бір көтриот адам жауап береді, бірге мұң шағатын боласыздар…
Sherkeshbay
«Бала!»Ispek92. Менің саған бұлай сөйлеуім, әзірге тек қана ескерту. Мен сенің атыңа "Әй" деген сөзді қосқаным жоқ. Бала деген сөздің мағынасын білгің келсе, Қоңырбайға арналған «комментті» оқып жаттап ал. Келесі де менің атыма тағы осындай боқтық сөздерді тағы қайталайтын болсаң, сол «коммент» сенің атыңа да жалғанатын болады. Және оның қасына «Әй» деген сөз қосылып, оған да «әдемі» коммент берілетін болады. Бұл бір.
Екіншіден, Жасың қылшылдаған, қайран 25-ке келсе де (өзің біздің мемлекеттік тілмен түйдей құрдас екенсің (қазақ та үш жасқа дейін құрдас саналады)) тілдерің әлі шықпаған. Өзге жұрттың балаларының тілдері 3 жасында шығады. Ана тілдерінде аудармашысыз сөйлей алады. Ал сендердің жастарың 25-ке келсе де әлі шықпай жүр.
Үшіншіден, өзің біздің орыс тілді биліктен аумай тұрсың. «Көт» пен «Пат» деген сөздердің мағынасын ажыратуға сендердің саналарың, яғни ақылдарың мен білімдерің жетпей жүрген.
Әзірге осы «сыбағаңа» разы бол!
Қашан сендердің ақылдарың кіреді? Өмір бойы осылай «мәңгүрт» болып жүре бермексіңдер ме?
Sherkeshbay
Жоғарыдағы тіл туралы бір шумақ өлең, бұл менің өзімдікі емес, «Тіл туралы ең ұнаған бір өлең» деген айдармен жарияланған ағам Мұхамбеткәрім Қожырбайұлының сөзі еді» (Қара 27 ақпан 2015, 18:40). Сендер «мәңгүрт» болмай дұрыс адам болсаңдар, осы жыр шумақтарының ішінде қандай әбестік бар?