Афтепати Алматы стайл

Құрметті, блогтар және олардың иелері.
31 наурыз күні, сенбіде Алматылық блогшылар бас қосайық. Астанадағы құрылтайды қорытындылайық, айтылмай қалған нәрселерді ортаға салып, еске алайық.

Сонымен, сенбі күні кешкі 19-00 де, әдеттегідей Арбаттағы «Сити» кафесінде бас қосайық. Кешті әрі қарай пожоскыму жалғастырам дегендерге де ұсыныс бар

Келіңдер.
Бөлісу:

17 пікір

patick
Кештің қонақтары: Тимати ака Темірбек, Бүркіт пен Үкі, Алмас Кішетем, «Шалдар» квартеті және арнайы шақырылған қонақ «Бурлеск» стриптизерші қыздар тобы.
Daniar-Alan
Патик жазуды Сатыбалдыға ұқсатып жазуды қайдан үйрендің… әлде...
aikarakoz
не ма? Патиден басқа жерді ұйымдастыруға болмай ма?
patick
Негізі басында солай ойлағанбыз. Бірақ Мадлен екеуміз ақылдаса келе алдымен Ситиде жиналайық деп шештік. Өйткені жиналатын контингент әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан бейтарап орын дұрыс. Одан кейін әркім патиді қалай жалғастыратынын шешсін.
Botik11
Айжан айтушы еді Сити біздің месты фстреч деп. Құдай бұйырса, (ұлтабар сыр бермесе) баруға тырысамын. Патикпен кездескім келеді)))))))))
Aikona
ауылға кетіп қалмасам келуге тырысам
e_zhalgas
кетіп қалма, тырыс
Aikona
бұл да қолданыстан шыққан ба еді
Zilola
1 сaуiр кeлeмiн буйыртсa, сол кeздe дe жинaлaйыкшы a
Erbol
Кездесу орнын өзгертсек қалай? Ойғырлардың «Оргилий» деген шәйхана ма, кафесі ма бар екен, Шәкәрім көшесінің бойында. Теңгесі ойғырдың қалтасына кетеді демесең, бағасы да, тамағы да, іші де ұнады. Сайты мынау orgilay.kz. Ұнасы, ертең осында жиналсақ. Ситидің тізесі шығып кетті уже, а халайық?
patick
оны табу қиын болатын шығар. ситиді де таңдау себебі сол, ешкім ешкімнің басын ауыртпайды қалай табам деп
Erbol
Жақсы, біраз елге хабарланып тасталды.Сити-ақ бола берсін.Тағы бір жолға үтіктеп кигенге жарайды.:
qisyq
Тауып бару қалай болар екен? Бес адам болып бас қоссақ болар еді, бір топ адам улап-шулап жүріп, таба алмай қалармыз. Сондықтан орталықтағы Ситиде жинала берейік.
ushkin
Біртүрлі күдіктеніп отырмын. 1 сәуір күніне қатысты бірдеме емес пе әйтеуір? ) Ұшқын Розатай екеуі Ситиге кіріп келсе, ешкім жоқ болып шықпасын, келесі күні позор болып керекинфода тұрмайық ал
patick
Бүгін әлі наурыз, и сосын: мен дорақтар күнін тойламаймын
ushkin
оның жақсы екен