Тренинг өткізу үшін ақыл беріңдер

Құрметті блогшылар, сіздерден үлкен көмек керек. Тренинг ұйымдастыру үшін нендей іс шаралар жасалуы керек? Мен Астанадан келе академиямның директорымен жолыққам. Сосын Тимушамен келіскенімізді сөз етіп, тренинг өткізгім келетінін айттым. Ол кісі академияның 210 орындық амфитеатрын беретінін, тағы басқа нәрселерді қарастыратынын, бірақ ақша жағын бөле алмайтынын ескертті. Себебі, жарысқа кеткен көптеген оқушыларған жаратылған екен. Енді Атыраудағы блогшыларды, интернет саласындағы адамдарды жинап, тренинг, болмаса миниқұрылтай өткізсем деймін. Соған өз ескертпелеріңді, ақылдарыңды ортаға салыңдар. Мүмкін біздің академияда өткесін, оның тұрақты демеушілері Аджип, Айрекс, Эхсонмобиль секілді компаниялар назар аударып қалар
Бөлісу:

30 пікір

kokbori
Болашақ құрылтайдың іргетасы қалана берсін
satibaldi
Ең бірінші ақыл: өзіңді бірден көрсет, беделің барлығының мысын басып тұрсын. Ел көзінше туысқаныңды жазала, жатқа одан бетер қатал шығар деп түңілсін. Төлеңгіттерді жүзіңе тура қаратпа. Қалғандарын Есенберлиннің «Көшпенділері» мен Симашконың «Султан Байбарысынан» оқып аларсың.
kokbori
 Лібә, енессс, үндемеш, онсыз да қасымдағылардан сөз естіп отырм
satibaldi
қасымдағылардан сөз естіп отырм
Қой шырағым, қаралар әлден осылай басыңа шығып жатса болмайды. Табалдырықтағы орнын көрсетіп, үрит дегеннен дір ете қалатын құлсана дүбәраларды әу бастан тәрбиелей алмасаң — Блогкемп ұйымдастыруың екіталай болар.
kokbori
ық ық, мен блогкемпке керек емес адамдарға ештеңе дей алмаймын
19852407
Шымкенттіктерден бұрын Атырау шалт қимылдап қалып жатыр-ау дим
Gulistan
Біздер Блогкемп-2012 басталмай тұрып дайындықты бастап кеттік поезда
Gulistan
Сенде де тыныштық жоқ екен, демалмайсың ба бір апта?
kokbori
Одан да ақыл беріңдер. Өзімді білем ғой. Кішкене пауза жасасам, ерініп қалам
satibaldi
Еш қарасүйекке сенікі дұрыс деме. Дұрыс айтып тұрса да, нұқып-нұқып отыр, нұқып-нұқып жіберіп отыр. Алда-жалда қайсыбір қаратабан «патша менің айтқанымды істеді!» деп, бөсіп жүрсе — желкесін қи, мойнын үз. Күндіз-түні сенің оның — асыраушысы, қорғаушысы, тамақ берушісі мен памперс ауыстырушысы екеніңді есіне салып отыр.
Daniar-Alan
Кішкене пауза жасасам, ерініп қалам

қыс келді ееееееууууу Көкбөрі
asaubota
minber.kz — семинарлар ұйымдастырып жүр. солармен хабарлас, Есенгүл апайға хат жазып жіберсең болады: yesengul@gmail.com
kokbori
ой, рахмет братан, әйтеуір жөні дұрыс әңгіме еститін болдық қой
satibaldi
Үрімжіде эмиграцияда жүрген Абылайхановпен хабарлас, асылдан бір тұяқ қалған болса — сол кісі. Кезінде өкімет басына келе қалсам деп жасап қойған тәртіптері мен тезистері бар болуы керек.
satibaldi
Тренинг сертификатын ұстата салма; әбден зарықтыр, екінші рет диплом алуға келгендей күй кешіп, барын киіп, шашына прическа жасатып келсін. Беріп жатқанда қолыңның ұшымен бер, маңғаздан. Міндетсі, атын атап ортаға шақырудың өзіне бәлсініп, ауырсынып отыр, түріңді берме.
Ал үйге келгенде туалетіңе тығылып күліп алсаң да мейлі.
satibaldi
Жандайшаптарың иттей адал болуы үшін, оларға қаралардыкінен көбіре, майлылау сүйек-саяқ лақтырып отыр. Жандайшаптың үстінен арызданып келген тіліктабанды сол жандайшабыңның өзіне тапсырып, көзін құрт. Ләббайтақсырлат, құлдық ұрғыз.
Lyaila
Іске сәт! Ең алдымен тақырыбын, мақсатын, жүргізу әдісін таңдап алғаныңыз жөн.
Тренинг түрінде жүргізгіңіз келсе, аудиторияны 15-20 адамға шақтау керек. Мақсатыңыз — жаңа ақпаратпен бөлісу ғана емес, алған білімді тәжірибе жүзінде қолдану, дағды қалыптастыру болса, онда тренинг түрінде жүргізген тиімдірек деп есептеймін. Әсіресе, «новичоктарға» өте тиімді.
satibaldi
Жазалау әдістерін айтпадың сен.
Lyaila
Мақтау әдістеріне көп көңіл бөлінсе ме деп едім, Сатеке!
qisyq
20 адам да көп. Тақырыпқа байланысты ғой. Техникалық тұстары көп болса 15-тен асырмаған жөн. Өз тәжірибемде солай әйтеуір
satibaldi
Техникалық тұстары көп болса 15-тен асырмаған жөн.
Яғни, соққыға жығу жеңілдеу болады демексіз бе?
qisyq
Просто, ашуланған кезде неғұрлым куә етушілердің санының аз болғаны жақсы.
Lyaila
Келісемін! Адамдардың бір-біріне деген сенімділігін қалыптастыру үшін әрі барлық қатысушылар сырт қалмас үшін ұйымдастырушылар тарапынан есепке алатын ақпарат.
KILYZAMAN
Көкбөрі бауырым, тренингтің бағдар-жоспары барма өзі?..
qisyq
деген Қилызаманға қарсы қапелімде аузына сөз түспеген Көкбөрі Shell компаниясының атқарушы директорының кабинетінде оң қолымен ауа қармалап талықсып бара жатты…
KILYZAMAN
Тақырыпқа байланысты талабым еді…
kokbori
Казнет қой баяғы
mirasasem
Бұл жөнінде реалда ақылдасып, кеңесу керек. қатысушылардың денін аудандардан тартқан дұрыс. оларды қаржыландыруды да ойлау керек.