Махаббат, әркімдер оған қақалад...

Очм, Ғапон деген қояншық көршім болып ед те. Стратегиялық зымырандар бұрышта қызғаныштан гептил ішіп тұратын сүрмерген аңшы болатын. Лібә, джиганмен («бытыра, картечпен тигізу оңай ғой» деп жейтін болсаңдар) алпыс-жетпіс метрдегі қамыстың басына тигізетін айуан еді. Мессиді шайтан деп жүрсіңдер ғой, ол да сондай — мылтықтың Мефистофелі.
Бір күні қораның артында мейірлене кіші дәрет сындырып тұрсам, Ғапон басын шығарып тұр өз қорасынан.
— 500 теңге тапқың келе ме? — дейд.
— Әлкөтте тапқым келед!
Шаруа былай екен. Бір бақсы Әсминә әжесске «аққудың қанына шомыл» депТ. Әжей тапсырыс бергісі келген аңшылардың барлығы аққу атып әкелуге ат-тондарын ала қашып, Ғапон ғана мотоцикл-курткасымен ұсталып қалыпты. 2 000 теңге депті әжей.
Менің жұмысым: Ғапон атып алған аққуды разъезден пойызға отырып, қаладағы апасына бара жатқан чморик-бейкүнә баланың кейпімен қалаға жеткізу керек. Әйтпесе менттер арттан айдайтын көрінеді-міс.
Келдік көл басына. Ғапон әрі-бері қарайлап тұрды да, манадан жоғары-төмен ұшып жүрген қос аққудың бірін атып алды. Сосын қапшыққа буды да, маған ұстатты.
Екінші аққу қазір сұңқылдап-қиқулап, жылап-сықтап зайып алатын шығар деп мен тұрмын. Оған қоса Тілендиев қырдың артынан домбырасымен шыға келіп, күмбірлете жөнеле ме дедім, қызжібексстің.
Жоқ. аққудың анау жұбы со безгенен қарасы көрінбей кетті. Ғапоннан сұрайм:
— Ғапе, мынау ел артында, «аққудың махаббаты деп жатад, бірі өлсе, екіншісі де»…
— Бұтағымды жеген әңгіме, — деп кесіп тастады Ғапон, — бұ халық үйде отырып алып, кітаптан қайдағыны оқып алад та, сен сияқты, мен сияқты қарапайым адамдардың миын тігед те отырад, тігед те отырад.
Қазақ ауыз ғадабияты мен фольклорына көзқарасыма сына түскен уақыт со кездерде ме деймін…
Бөлісу:

59 пікір

Korkem
ық-ық, жазбайтыныңыз жоқ екен осы сіздің…
qisyq
Уахахаха
Разоблачитель легенд
aikarakoz
Аққу атқан соң саусағын қанату керек дей ма… Очм бірдеңе еді ғо…
Анау досыңызды айтам, қазір аман ба? Қол аяғы орнында ма?
alashaman
Сатекең дұрыс айтады. Аққу шын мәнінде адал құс емес көрінеді. Бірін атып алсаң, екіншісі басқа біреу тауып алады екен. Шын адал құстар өлексе жейтін күшігендер деседі. Олар өмір бойы бір жұппен ғана өмір сүретін көрінеді. Біреуі өлсе екіншісі ешқашан басқа жұп құрмай «псих одиночка» болып кетеді екен.
asaubota
кечіна

сосын не болды, апарып бердің ба аққауды?
Abilakim
тым болмаса қара қу атпаған екенсіңдер дә… Сол қарақулар мысалы, махаббатқа символ бола ала ма? Түсі бөлек демесең, анау да мынау да қу нақу. қарақудың жазығы не?
Armanjan
Сатекеңнің барлық жазған сатираларын кітап қылып шығарса, неше қашарға жүк болар екен ә?
patick
кетчнах долбиктер лібә
Simona
wiki.muenster.org/index.php/Schwan

Мынa қaрa aққу әлгi қaйық aққуғa сондaй ғaшық, жaнынaн кетпейдi. Бiр жылдaры ТВдaн көрсетiп қоймaйтын.
qisyq
Өзі қара болса, ол қалай аққу болады)))
Simona
Шынымды aйтсaм, қaрa қу деген сөздi осы жерден бiрiншi рет оқуым. Бiлiм бaзымa қосып aлдым. Бaсқa тiлдерде aқ болсын, қaрa болсын бiр сөз бaрлығынa қaтысты.
kokbori
Сатылыпкетті, сенің әңгімеңді Бердібек Соқпақбаев ағаң оқып, «плагиат» деп жатпағанына сенімдісің бе? Сюжет жағынан
satibaldi
Аталмыш ізгі христианинді сыйлайтыным сонша, үтірін де ұрлауға бетім бармайды.
Жалпы бұл Аһмадидің үлгілі мүммінінің қайсы еңбегін айтып отырсың, нақ?
kokbori
Лібә, қара көже мен Сұлтанды елестеткендей боп отырм да
satibaldi
Бұл жерде классикалық үлгідегі гүржі асханасының мәзірінен — соусқа шыланған бұқаның тасын жемеңізші дегеннен басқа айтарым жоқ.
kokbori
Сен немене, маған өз ойымды айтуға мұрша бергің келіп отыр ма? Бердібектің шығармасынан айнымайды, ал ушівөл
satibaldi
Сіз сірә Қап тауының ас мәзірінен бейхабар болсаңыз керек. Бір рет жеп көрсең — олай айтпас едің. өзі бір пензесс ас мәзірі бар халықтың өкілі құсап, мұрнын шүйіргендей-ақ! Жоғалнақ, жемесең қой.
kokbori
Сенің ығып сөйлегеніңді айтып отырмын, егер одан алмасаң, басқалап жеткізуге шамаң жетпей жатыр ма? Мен шығармаңа тіл тигізген жоқпын, соған үқсаттым дедім, тролдығыңдсс
satibaldi
Епті, тіпті дәл сол шығарма шығар нақ. Қаззақтар сияқты, басқалар жасап-жазып қоймапты ма деген комплексім жоқ епті: тасымнан өткен уақиға екені — рас, енді Бекеңнің реинкарнациясы бүйі кейпінде тасымнан шағып кететін болса да — жариялайм.

Мен шығармаңа тіл тигізген жоқпын
Тигізе бер, мен қаззақ емеспін, жазған дүниесін зымырандық кешендермен қорғайтын.
kokbori
Тигізе бер, мен қаззақ емеспін, жазған дүниесін зымырандық кешендермен қорғайтын.
Сөзіңмен ісің екі бөлек деп ойламайсың ба, жазушым. Бердібектен ұрлай бер, тасыңнан өтсе… Арманжанның кебін кимесең жарар еді
satibaldi
Сенімдірек болу үшін барып, жүгіртіп-жүгіртіп оқып, қайта жаңғыртып келдім. Қорытынды: Соқпақбаевқа тек кольсоным ұқсап тұр екен
KILYZAMAN
Суканың қазақшасын бәлесіңбе?
dark_nazgul
Жер бетіндегі сыңарына адал бір ғана тіршілік иесі — пингвин.
KILYZAMAN
Екінші аққу қазір сұңқылдап-қиқулап, жылап-сықтап зайып алатын шығар деп мен тұрмын.
— орнитологияға аяқ баспай тұрып, Тузик екеніңді мойындату үшін ҚАЗАҚ атаулының сафф алтынында нең бар еді ОҢБАҒАН
satibaldi
Ааа, мынау сот жүйесі ізгіліктене бастағанға күпініп жүрсің бәлем, түсінем. Қателестің: отанын сатқандар мен педофилдерге амнистияның пұшпағы да жоқ. Досқалиев кім, сен кімсің, епті?
Бостандықтағы ақырғы күндеріңде кецдеңді керіп дем алудың орнына баяғы бәдіктігіме қайта бастым де. Әлі-ақ, өзіңе сондай ыстық былғары күрте мен түтіні будақтаған наганмен кездесетін күнің алда. Қуысқа тығылып, үнсіз жылап ал, иуда.
KILYZAMAN
Білем — «KILYZAMAN ».
Қилызамандағы қасиетсіз көп қаншықтың бірі сен болдың…
KILYZAMAN
Қаны таза бөрібасар немесе құмай тазы болмаса — ниетіңді берме!
Aya
қазақшасы балпанақ
AL-ASTER
Құдай сақтасын, мен ар жақтан аққу күйін даңғырлатып, домбырамен біреу қуа жөнеле деп пайымдай бастап ем.

Бұлай жасауға болмайды бәрібір!
Kipshakkyzy
Мүмкін. Бәрі мүмкін. Шынында да өз көзімізбен көрмегенбіз ғой.Жазылмаған заң.
Aya
Мүмкін… мүмкін, ойланайтын жайт деп көсемсігендей ақ..! Жазба-құсық, аффатарды-зынданға!
dark_nazgul
Чайковский «бірінші концерттің алғашқы жиырма минутын жазғаннан кейін-ақ атылып өле салуым керек еді» деп, дәретханада насыбай атып жылап тұр.
dauitov
Махаббат,қақалад дегенге мән бермегем көп.Біреудің м… деген бір шошқа, Алдын оның сен тоспа! дегені сияқты шығар деп.Ана жынды көршің аман-есен бе? Мұқағалидің поэмасы болмаса аттым, атыпты деген ешкімді естіп-көрмеппін.
satibaldi
Шынымды айтсам, пәлендей жаңалық ашам деп ойламап едім нақ. Осы күні кез келген қымбат ресторан аққудың етін ұсынады.
dauitov
Міне керек болса! Колумб болмасаң да Веспучи болайын деп тұрсың.Олардың да қадірі кеткен екен ғой.Оны қоя тұршы.Әлгі көршіңді айтсаңшы.Ресторан қожайындары тасы өрге домалаған қулар ғой.Шоқпар тисе сорлыға тиеді.Соны атып береміз деп екіленген байқұстар күнәға белшеден батып жатқан шығар.
satibaldi
Колумб болмасаң да Веспучи болайын деп тұрсың.
Пай, пай, неткен эпитеттер!
Көршім дін аман, ел қатарлы күнелтіп жатыр.
dauitov
Олай дегенім біреулерден естігем.Құлағым шалып қалған.Бірақ сенбегем.Көпшіліктің санасын түрлі мемдермен шырмап қойып ойына келгенін жасап жүргендер бар ғой.Аман болғанына шүкір! Сенім болғаны керек.Әйтпесе мына дүниенің астаң-кестең,әлем-тапырағы шығады.
satibaldi
Сенім болуы керек пе, болмауы керек пе; осы жәйтті жаза отырып мен киелі заттарды қиратуға болатынын көрсетіп жатқан жоқпын ба — түсінесің бе, қаззақтардың комплекстері мен шарттылықтары маған поқ, нақ.
Оқиға орын алды, ал оның қандай қоғамдық құрылымға қайшы келетінін, діни тұрғыдан не боп кетер екен, хаос басталып кетпей ме — ол сенің шаруаң.
kokbori
Колумб болмасаң да Веспучи болайын деп тұрсың.
Пай, пай, неткен эпитеттер!
dauitov
Иммунитетің мықты екен.Саған бір аққу атып берші онда деп жабыспаймын.Жақында өтетін құрылтайда қоғамда қалыптасқан біраз коплекстердің шаңын қағасың, елдің көзін ашасың деп сенейін!
Adiletshu
Аққудың етін жеп көру керек екен
Gastarbaiter
Қаздың етінен айырмашылығы көп деп ойламаймын.
meirzhan
Сонда аққуды өлтіруге болмайтыны да ғадабият пен фольклордың сандырағы ма?
satibaldi
Оны мен шешпейтінімді біліп тұрсың. Брюс Всемогущийден сұра дейін десем — ол тек кино ғана; Құдайдан сұра дейін десем — жедел жауап қатып болмайтын біреу ол да. Өзің үшін өзің шешесің де енді, нақтың.
meirzhan
Анархия деш қысқасы.
satibaldi
Белгілі бір схемамен анархияға жол берсең — бәрібір монархия болады.
Gastarbaiter
Вербал волейболдан шаршамадыңдар ма?
shimaibek
Өте жақсы жазба! Түйіні қандай керемет! Расында да біз өмірде белгілі бір комплекстерге кіріп алып, содан шықпаймыз. Бірдеңе бар және ол тек сондай деп қана қабылдаймыз, басқаша ойлауға қорқамыз.

Қалыптасып қалған пікір басым ғой адамдар өмірінде. Бір нәрсенің басқаша болуы мүмкін емес деп ойлайды.

Ал негізінде, бәрі керісінше болуы да мүмкін…
Бір нәрсенің байыбына барып жатпай-ақ көпшіліктің түсінігі бойынша ол сондай екен, демек ол сондай дей саламыз, артық ойланып бас қатырмаймыз.

Осыған қатысты тамаша бір мысал бар ғой:

Тәжірибе. Темір тордың ішінде 5 маймыл отыр дейді. Төбеден төмен түсірілген арқан, оның жоғары тұсында сол арқанға байланған бір бума банан. Қарны ашқан бір маймыл арқанмен жоғары өрмелеп, бананды алмақ болып тырмыса бергені сол-ақ екен оған суық су шашып, бетін қайырып тастайды, қалған төртеуін қоса жазалап, бірге суық суға шомылдырады.
Сәлден соң қарны ашқан басқа бір маймыл арқанмен жоғары өрмелей бергенде оған да су шашып, және қалғандарымен шомылдырады.
Тыпыршып, үшіншісі өрмелей бергенде бар маймыл әлгіні шап беріп ұстап алып, тиып тастайды, — өйткені суық суға шомылғылары келмейді.
Осыдан кейін, 5-еудің біреуін алып тастап, орнына басқа жаңа маймылды еңгізеді. Ол жаңа келген маймылдың қаперінде ештеңе жоқ, бананды көре салып, оған тұра ұмтылады. Бұрынғы төртеу жұлқып алып төмен түсіреді. Сәл дамылдап, қайта ұмтылады, 4-еу қайта тиып тастайды. Үшінші рет ұмтыла бергенде тағы да жұлып алады. Осыдан кейін оған бірдеңе жетеді – қайта ұмтылудың пайдасы шамалы екендігін түсінеді.
Тордағы маймылдардың тағы да біреуін алып, жаңасына алмастырады. Жаңа қосылған маймыл, әрине бірден бананға тұра ұмтылады, — қалған төрт маймыл да оны өрмелеп бара жатқан жерінен жұлып алады (оның ішінде бірінші келген жаңа маймыл да бар).
Сөйтіп, біртіндеп алмастырып отырып, ең соңында суық суға шомылған маймылдардың бір де біреуін қалдырмай ауыстырады. Бірақ, тордағы жағдай сол бұрынғы — әрбір жаңа қосылған маймыл бананға ұмтылған сайын, қалғандары тиып тастап отырады.
Неге?
Өйткені, ол жәрдің тәртібі сондай.


Байыбына жетіп түсініп жатпасақ та, көз жұмып бағынып жүрген біздің де комплекстеріміз қаншалықты.
monti
сосын сіздерге не болд сат?
satibaldi
Білмейм, осыгүні қатындар «урод»,«сволочь» деп жатады әйтеуір. Кепиеті тиген шығар, әнасс.
Daniar-Alan
Білмейм, осыгүні қатындар «урод»,«сволочь» деп жатады әйтеуір. Кепиеті тиген шығар, әнасс.

*lol**lol*
Gazizkizi
Сасыпалды, ой Сатыпалдының жазбасы екенін көрініп тұр, алапес алапес
a63a1
сізді алтынбұғаналы ақын деп естідік сол распа?
JAKO
Сатеке, Гапон көршің әлгі ақпатшаның попы емес пе?)
Daniar-Alan
Бір күні қораның артында мейірлене кіші дәрет сындырып тұрсам

щещесс *lol*