Басталды
Бүгін жексенбі. Бірақ біз үшін апта басталып кетті. Бүгін жұманың сабағын оқып келген студенттердің ертең сенбі екен деп жүргендері қаншама ) Бірақ бүгінгі күн дүйсенбідей ауыр болды.
Осы апта негізі тамаша өтті. Не дегенімен көктемнің алғашқы мерекесі сегізінші наурыздан кейінгі көңіл-күй жақсы. Құшақ-құшақ гүл , құттықтаулар, тынымсыз телефонның шылдыры, тола СМС… Көктем деген тамаша ғой
Блог құрылтайдың болатын күніне де небары 11-ақ күн қалды . Осыдан дәл бір жыл бұрын ақпан айында алғаш рет блогкемп туралы Өрімталдан естігенмін. Ол кезде Асхат ағай бізде мұғалім еді. Ол: «Тіркел, көресін, біраз нәрсе үйренесін» десе, мен: «Менде презентация жоқ, ешкімді танымаймын» деп… Қазір блогкемп туралы айтқанымда ол жайында білмейтіндер солай жауап бергенде өзімді еске аламын ))
Сол кезде «Азаттық» радиосына практикаға барған кезім болатын. Мақпал Қожақанова мені ең алғаш рет керекинфомен таныстырды. Ол кезде ол davai.kz болатын, адам саныда өте аз еді. Бүгінгі достарымның тең жартысымен осы керекинфоның хат алмасу жүйесі арқылы хат жазысатынбыз. Ол кезде неге екенін білмеймін. Бір-біріңе тек бес хат қана жаза алатынсын. Сосын жазылмайтын. Содан кейін біраааааааааааз уақыт күтіп, қайтадан бес хат жазысатынбыз (сол кезде агент, джимейл дым болмаса телефонмен СМС алмасуға болмайтындай, осында хат жазысуға болатын уақытты күтіп отыратынбыз. Қызық...) Бір-екі аптадан кейін ол да дұрысталып, қазір кейбір адамдармен бір күнде қырық хат алмасуға дейін барамыз ғой )
Қазір Аллаға шүкір керекинфоның қолданушылары көп. Бірақ көбісін танымаймын.
Алла бұйыртса енді барлығымыз Астанада кездесеміз. Сонда танысармыз Кokbori -ні бірінші іздейтін шығар барлығы. (жазған постына қарай айтқаным ғой )
Блогкемпте еске алуға тұрарлық түрлі қызықтар болды. Сонда бір ай Азаттықта жүрсем де Артурмен сөйлесіп көрмеппін. Блогкемпте оның қазақ екенін білдім ))
Әсіресе есте қалғаны Ербол бастаған топпен MegaІce-қа барғанымыз.
Осы жолыда барлығы өткен жылғыдай күшті өтетініне сенімім мол. Талғат айтпақшы:
Біздің Екпінде де біраз жаңалықтар бар. Осы бейсенбіде өте қызықты материал шығады. Ол не жайында болатындығы әзірше құпия болып тұра тұрсын. Бірақ көпшілікке ұнар деген сенімдемін
Осы аптада біздің барлық посттарымыз негізінен мерекеге арналғанын өздеріңізде байқаған шығарсыз.
Сыйлығыңыз дайын ба?
Арулар — асыл жандар!
Оқырманымыз Айнұрдан кез келген мерекелік дастарханның сәнін келтіретін «Мерекелік салаттың» рецептін үйрендік.
Және өткен жолы естеріңізде болса Үндістанға сапарымызды бастаған едік қой, енді осы жолы Испанияға баратын болсаңыз не істеу керек деген сынды инструкциялармен Айжан таныстырды.
Бұл шет елге шығамын деушілерге қажет болары сөзсіз.
Пы.Сы. Ең ұзақ апта сәтті өтсін достар

Құрылтайдың жақсы өтуі тікелей өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз

16 пікір