Гауһартас

Дәл қазір "Қазақстаннан" «Гауһартасты» көрсетіп жатыр. Кеңестік тәп тәуір дубляжы бар киноны өздері қайтадан дубляж жасапты, орысшасы астынан естіліп тұр. Осының себебін түсіндіріп беретін жан бар ма екен?! Біріншіден, осыған текке ресурс кетті, екіншіден, бәрібір бұрынғы дубляж сапалырақ!

Осымен негатив бітті. Негізі, «Гауһартас» мен үшін үздік фильмдердің қатарында.
Біріншіден, Жанна Қуанышеваның рөлді сомдауы, табиғи сұлулығы ұнады. Өмірде бұл актриса қазақшаға шорқақ, орысша өскен қыздың әсерін қалдырады. Ал кинода нағыз қазақы келін! Өзіне қарай бергің келеді, әлпеті қарапайым қазақ қызынікі, бірақ өзінде бір тартымдылық бар.

Екіншіден, Бибігүл Төлегенованың орындауындағы «Гауһартас» әні. Ноу комментс, тыңдап көру керек! Өкінішке орай, фильмнен үзінді не тіпті жай Бибігүл Төлегенованың орындауындағы видеосын еш жерден таппадым, есесіне Софи Закир атты әншінің орындауында бар екен.


Үшіншіден, мүмкін ең бастысы осы шығар. Кино авторларының шеберлігі. Сценариі, қойылымы, актерлер ойыны (Әмина Өмірзақова, Досқан Жолжақсынов сияқты) бәрі бәрі қарапайым сюжетпен оқиғадағы көңіл күйді керемет бере алған.

Киноға негіз болған Дулат Исабековтің шығармасын оқымадым. Оқысам да, кинодағыдай әсер ала алмайтын сияқтымын.

Сөз соңында керектік ханымдарды өткен мерекелерімен құттықтаймын! Салтанат секілді идеал қазақ келіні болыңыздар!
Бөлісу:
  • 37

20 пікір

a63a1
дидарың ашық екен атқан таңдай, Нұрлы екен екі-ай жүзің жаққан шамдай, анаңнан сені туған айналайын, Күлім көз, оймақ ауыз жазық маңдай. Беу беу, Гауһар тас. Құсни құрдас, раушан, жүзіңді-ай көргенде, Сәулем-ай Сабырым қалмас ай
Жахсе өлең.
a63a1
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан
Шолпандай таң алдында жалғыз туған
Жылы су, қолда құман, қарда орамал
Жібекпен қызыл гәріс белін буған
қысы
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң
Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған
meirzhan
Бір кино болып жатқан жаңарақта. Гауһартас екен ғой. Өкінішке орай бұрын көрген емеспін (((
satibaldi
Құрыған кино, шығарма — тоған суы.
adayqyz
Жақсы кино. Мына Софи Зәкір деген кім?
Aizhantabyn
ой, осы фильмді жақсы көрем. Әсіресе, анау күйеуі радио деп ойлап қалады ғой жұбайы ән айтып жатқанда. Керемет әсерлі фильм.
Мереке құтты болсын, жанымкин)))
Erkekyz
Әлгі қайын інісі жеңгесіне ғашық болып қалатын фильм емес пе?
AKY
ғашықтық емес, жай қамқорлық деп ұқтым өз басым.
dark_nazgul
ол оны бұрыннан жақсы көретін. типі кластасы ғо.
dark_nazgul
Повестегі Ыбыш деген кейіпкердің атын орысша кинода йяцыз естілетін болған соң Тастан деп өзгертіпті.
aikarakoz
Тастанның қаталдығына таңым бар… Салтанатты аяп кетесің…
dark_nazgul
Нәрмальный қазақтың еркегі.
TERISKEY
соны айтам несін аяйд екеен
dark_nazgul
Фильмде әнді Бибігүл апай айтпайды дейді ғой.
dark_nazgul
Сегіз серінің аты әдірем қалып, «Гауһартас» халық әніне айналып бара жатқандай ма?
Өткенде Ермек Серкебаевтың сексен жасқа толған концертінде Бибігүл Төлегенова да «халық әні» деп айтты.
Abilakim
Өткен жолы қай каналдан екені белгісіз (ұмытып қалдым, негізі белгілі) «Тақиялы періштені де» жаңадан дыбыстаған нұсқасында беріп жатты.Әмина апаның күлкісін салу қайда оларға
dark_nazgul
жалпы дұрыс емес тенденция. Шындап келгенде, "Қазақфильмді" қойып, «мосфильм» пен «ленфильмнің» барлық дерлік кинолары қазақшаланған кезінде: "қызметтестер хикаясы", «жалғыз бастыларға жатақхана беріледі», т.с.с. Енді соның бәрін теледубляжбен беріп жатыр. Қазақбайшылық, ИБД.