Әйелден әдемі...

Әлемде әйелден әдемі бір нәрсе бар, ол-сөз! Қызыл сөзбен қала салып тастауға болады ғой.Бірақ, ең әдемі сөздердің көбі әйелге байланысты айтылады, мейлі ол қыз болсын, немесе АНА болсын, бәрібір әйел."Әуелі сөз жаратылды" деседі, сол сөздің әйел жаратылмай тұрып осыншалықты әдемі болғанына өзбасым сене алмаймын.

Әйелдердің сұлулығын сұлу сөзбен жеткізе білген, сендіре білген бірер үзіндіні ұсына кетсем. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында қолға түскен қалмақтың қызының сұлулығын былай суреттейді:
Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.
Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт
Сөздері – су сылдырлап құйылғандай.
Бір улап көзқарасы, бір айнытқан
Жұлдызы еркелеген сонбей – жанбай.
Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі
Кәусардай татқан адам қалар қанбай,-деген жолдардан оқырман ойша ол сұлудың қандай екенін елестете алады.
Осындай сұлу сөздерді айтудың орынына қазір «Ат екен» деген бір ғана сөзді көбіміздің қолданып жүргеніміз жасырын емес.

Аңдысып жүрген дұшпанның
Бұлттан шыққан ай бетті,
Мұнардан шыққан күн бетті,
Айттырса, бермес сұлуын
Аппақ қылып мандайын,
Бұғақ қылып таңдайын,
Қиылдырып қастарын,
Төгілдіріп шаштарын,
Тегін олжа қылар ма екеміз?-деп Ақтанберді жырауда кезінде жырлап кеткен екен.

Кешегі Жаяу Мұсалар әйелдер әдемі болмаса
Ақ көйлек, асыл бешпент белін қысқан,
Бір қыздың даусы шықты Күншығыстан.
Қоян жон, құмырсқа бел қарағым-ай,
Жігіттің арманы жоқ сені құшқан!-дер ме еді?!

Бұхар жырау бабамыз да өзінің «Тілек» атты жырында он бірінші тілекті осы нәзік жандыларға қарата бағыштаған
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы қудай саңқыған,
Назыменен күлдірген,
Қылығыменен сүйдірген
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.-деп аяқтаған екен.
Олай болса құрметті АРУЛАР, АНАЛАР,ҚАРЫНДАСТАР ЖӘНЕ ӘПКЕЛЕР(АПАЛАР) МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

СУРЕТТІ МЫНА ЖАҚТАН АЛЫП КЕЛДІМ.
Бөлісу:

16 пікір

Erkekyz
Рахмет.
Abilakim
мереке сендердікі, рахметіңе рахмет!
ken
Сен де Блогиядаға жазып жүрген сияқты едің. Шығып кеткенсің ба?
seyh
«Ат екен»
осының авторы сол Нұржан шығар
Simona
Abilakim Әбiләкiм, күЧтi!

Қоян жон, құмырсқа бел қарағым-ай,
Мынaндaй сaлыстырмaны бiрiншi рет оқуым ))))

Он бармағы қыналы,
Aл мынa көрiнiстi қaзaқ қыздaрындa болғaн деп ойлaмaппын. Пaрсы, үндi, күрттерде бaр ғой әлi күнiге дейiн. Бiзде ұмытылғaн бa, әлде жырaу бaсқa ұлттың әдемiсiн сипaттaғaн бa екен?
Marco
пай-пай!!! Әбеке, пах, Әбеке!!! Мадессің-ай, дегенмен!!!
araika
Үзінділер өткен ғасырдан алыныпты, қанша дегенмен салыстырмалы түрде өз заманыңнан да іздейді екенсің… Бірақ өкінішті
Abilakim
өз заманымыздың ақындарының өлеңдерін оқып та ән ретінде естіп те жүрміз ғой, тарих қойнауына сүңгіп шығуды жөн санадым.
boztorgai
салыстырмалы түрде өз заманыңнан да іздейді екенсің…
салыстыруға келсе, әрине:
Әр қадамың жүргендей санап басып,
Әсем кеудең бұлқынған жағаңды ашып.
Көрмегелі неше айдың жүзі болды
Көрінсеңші, жүрейік амандасып.

Өзің жақын болғанмен, сезім қашық
Жүргенім жоқ дәулетке асып-тасып.
Маза бер деп әдеппен қорғанасың
Көрінсеңші, кетпеші үнсіз қашып.

Көніл кірі кетеді жақсы өлеңмен
Құрастырсай бірдеме соткыңды ашып…
araika
Сіздікі енді… алдыңғы қатарлар арқылы шаңын көрсетіп, ізім-ғайым жоқ болдыБіз негізі теңеуі бар суреттеу жөнінде әңгіме қозғап ек…
Abilakim
келе жатқан мерекелеріңмен!
Tyulpan
urrraaaaaaaaaaaaaa, rahmeeeeeeeet! 1shi bolip kuttyktap jatyrs
Sebastian
жоқ, әйел әдемі бәрібір сөзден