Аса бір маңызды хадис
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен бастаймын!
Имам Ахмад өзінің кітабында аль- Бара бин Азибтің, ол кісіге Аллаһ разы болсын, айтуы мен мына хадистерді келтіреді :
«Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір ансарды жерлеу рәсіміне қатысқан кезде, оның қабіріне дейін бардық. Оны жерлеп болмай тұрып, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның жанына отырды, біз болсақ оны айнала қимылдамай отырдық. Біраз уақыт Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолындағы таяғымен жерді шұқылап отырды да: «Аллаһтан қабір азабынан қорғауын сұраңдар!» — деп үш қайтара айтып былай деді: «Шындығында, Аллаһтың иманды құлы осы дүниеден озып ол дүниеге көшкенде, оған көктен аппақ күн сияқты көріктерімен періштелер түседі, олар өздерімен Жәннәттің жамылғыларынан бір жамылғы және Жәннәттің иіс майларынан иіс май әкеліп, ол көретіндей жерге отырады. Сонан соң, оған жан алушы періште келіп, оның бас жағына отырып: «Мейірбан жан, Аллаһтың кешірімі мен игілігіне шық», — дейді».
Содан соң Пайғамбар (оған Аллаhтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзін былай деп жалғастырады: «Ол (жан) бір ыдыстан аққан су сияқты адамның денесінен ағып шығады да жан алушы періште оны қабылдап алады. Ол жанды алысымен оның жанындағы ақ жүзді періштелер, оны бір сәтке де кідіртпестен, оны алып Жәннәт жамылғысына орап, оған Жәннәт иіс майын себеді. Содан кейін одан жер бетіндегі әдемі иістердің ешқайсысына ұқсамайтын хош иіс шыға бастайды. Олар онымен бірге жоғарыға көтеріледі, сонда оларға жолда жолыққан (періштелер): «Бұл қандай ізгі жан?» — деп сұрайды. «Бұл пәленше де пәленшенің баласы», — деп олар оның осы дүниедегі әдемі аттарымен атайды. Осылай бірінші көкке жетіп қақпаны ашуын сұрағанша жалғасады. Сосын оған есіктер ашылып, сол көктің бүкіл періштелері оны келесі көкке дейін шығарып салады. Бұл жағдай жетінші көкке жеткенше жалғасады, сонда Аллаһ: «Менің құлымның жазуларын ииллийунге кіргізіңдер де жерге қайтарыңдар, өйткені мен оларды одан жараттым, оған қайтарамын және одан тағы да шығарамын!» — дейді».
Содан соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзін жалғастырды: «Оның жанын денесіне қайтарады да, оны екі періште келіп отырғызып: «Сенің Раббың кім?» — деп сұрайды, ол: «Менің Раббым — Аллаһ», — деп жауап береді. Олар одан: «Дінің қайсы?» — деп сұрайды, ол: «Менің дінім — Ислам», — деп жауап береді. Олар одан: «Сендерге жіберілген адам кім?» — деп сұрайды, сонда ол: «Ол Аллаһтың елшісі», — деп жауап береді. Олар одан: «Сен бұны қайдан білесің?» — деп сұрайды, сонда ол: «Мен Аллаһтың кітабын оқыдым, оған сендім және оны мойындадым», — деп жауап береді. Сонда көктен: «Менің құлым мойындады. Оған Жәннәттан төсеніш төсеңдер және Жәннәттән киім киіндіріңдер де, оған Жәннәттің қақпасын ашыңдар», — деп дауысталады.
Содан соң Пайғамбар (оған Аллаhтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзін былай деп жалғастырды: «Оны қуаныш пен Жәннәттің рахаты баурып алады, ал жатқан жері көз жетерліктей жерге кеңейеді де, oғaн әдемі жүзді, тамаша киімді және жұпар иісі аңқыған бір адам келіп: «Сені осы күні қуандыратын және саған уәде етілген хабар айтамын», — дейді. Ол: «Ceнiң жүзіңде ізгіліктің хабары бар! Сен кімсің?» — деп сұрайды. Сонда ол адам: «Мен — сенің ізгі істеріңмін», — деп жауап береді. Сонда ол қуанып: «Өзімнің жанұяма және дүниеме қайтуым үшін, Раббым, сол уақытты келтір, Раббым, сол уақытты (жылдам) келтір! », — дейді».
Содан соң Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөзін жалғастырды: «Шындығында, Аллаһтың имансыз құлы осы дүниеден шығып о дүниеге өтерінде, оған көктен қара жүзді періштелер түседі, олар өздерімен тұрпайы, дөрекі ораныш әкеліп ол көретіндей жерге отырады. Сонан соң жан алушы періште келіп, оның бас жағына отырып: «Көpгeнсiз жан, Аллаһтың қаһары мен ашуына шық!» — дейді».
Содан соң Пайғамбар (оған Аллаhтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзін жалғастырды: «Денедегі жан қатты үрей сезінеді де, періште оның жанын сулы жүннен темір ілгішті жұлып алғандай жұлып алады. Ол жанды алысымен, оның жанындағы қара жүзді періштелер оны бір сәтке де кідіртпестен одан алып, дөрекі ораныштарына орайды да, одан жер бетіндегі ең жаман өлексенің сасық иісіндей иіс шыға бастайды. Содан соң олар онымен жоғарыға көтеріледі, сонда оларға жолда жолыққан (періштелер): «Бұл неғылған сасық иіс?» — деп сұрайды. «Бұл пәленше, пәленшенің баласы», — деп олар оның осы дүниедегі жаман есімдерін айтады. Ал олар онымен көктің төменгі қабатқа жетіп қақпаның ашуын сұрағанда, оған оны ашпайды».
Содан соң Пайғамбар (оған Аллаhтың игілігі мен сәлемі болсын) мына аятты оқыды: «Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өз іздерін жоғары көтергендерге көктің есіктері ашылмайды… Және олар, түйе иненің көзінен өткенге дейін, Жәннатқа кірмейді. Күнәһарды осылай жазаландырамыз».
Содан соң Пайғамбар (оған Аллаhтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзін былай жалғастырды: «Сосын Аллаһ: «Оның амал жазуларын жердің төменгі қабатындағы сиджжинге (күнәһарлардың кітабы) орналастырыңдар» — деп бұйырады да, оның жаны соған лақтырылады».
Содан соң Пайғамбар (оған Аллаhтың игілігі мен сәлемі болсын) мына аятты оқыды: «… Кім Аллаhқа ортақ қосса, сонда ол — көктен түсіп, оны құс іліп әкететін немесе оны ұзаққа жел ұшырып кеткен нәрсе сияқты».
Содан соң Пайғамбар (оған Аллаhтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзін былай деп жалғастырды: «Оның жанын денесіне қайтарады да, оны екі періште отырғызып: «Сенің Раббың кім?» — деп сұрайды, ол: «Қап, қап, мен білмеймін!» — деп жауап береді. Олар одан: «Дінің қайсы?» — деп және сұрайды, ол болса: «Қап, қап, мен білмеймін!» — деп жауап береді. Олар одан: «Сендерге жіберілген адам кім?» — деп сұрайды, сонда ол: «Қап, қап, мен білмеймін!» — деп жауап береді. Сонда көктен: «Менің құлым жалғанға шығарды. Оған оттан төсеніш төсеңдер және тозақтың қақпасын ашыңдар», — деп дауыстайды да, оған Тозақтың ыстығы мен Тозақтың күйдіретін ыстық желі соға бастайды. Оның қабірінің тарылғаны соншалық, денесіндегі қабырғалары бір-біріне айқасып қалады. Сосын оған тұрпайы жүзді, тұрпайы киімді және жан-жағына сасық иісі аңқыған бір адам келіп: «Мен саған жағымсыз болған және саған уәде етілген хабарды жеткіземін», — дейді. Ол: «Сенің жүзің жамандықты сездіреді, Сен кімсің?» — деп сұрайды, оған ол адам: «Мен сенің — жаман істеріңмін», — деп жауап береді, сонда мәйіт: «Раббым, ол уақытты болдырма», — деп шырылдайды».

Сағынатын болды ғой, соңындағы халқы
Ал Ahi мысалы, Аса бір маңызды хадис деген атаумен-ақ, хадистердің маңыздырақтары барына мезгейді, бұл консультанттардың пікірінше — нағыз күпіршілік.