Аллаға серік қосу мен әке-шешенің қарғысын алудың харамдығы
Әбу Бәкр радияллаһу анһудан риуаят етіледі: «Біз пайғамбардың қасында болатынбыз, сонда ол үш қайтара: «Мен сіздерге ең үлкен күнәларды айтайын ба?» — деді. «Аллаһқа серік қосу, әке-шешенің қарғысын алу және өтірік куәлік беру» расулуллаһ жантайып жатқан еді, отырып алды да, бұны қайталай берді. Тіпті, біз «тоқтата салса еді» деп қалдық» (Бухари және Муслим жеткізген).
___________________________________________________________
Хадистің жалпы мазмұны:
Үлкен күнәлар көп. Олардың ішіндегі ең ауыры әрі ең жаманы Аллаһ Тағала үшін істейтін істерінде, немесе Оған құлшылық етуде, немесе Оның есім-сипаттарында серік қосу. Расулуллаһ бірінші осыдан бастады. Себебі: серік қосу – күнәлардың ең үлкені. Сосын ата-ананың қарғысын алуды айтты. Бұл да үлкен күнәлардан болып табылады. Аллаһ Тағала ондайларды қатты азаппен ескерткен. Сондықтан мұсылман ата-анасына жақсылық жасауы қажет. Өйткені, ата-ана оның жас кезінен мейірімділіктерімен асырап өсірді. Аллаһ Тағала ата-анаға жақсылық жасауға бұйырып, оларға қарсы шығудан тыйып былай деген: «Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді және әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе, «түһ» деме, сондай-ақ оларды зекіме де ол екеуіне сыпайы сөз сөйле» («Исра» сүресі, 23-аят).
Олар адамдардың ішіндегі сөздерін тыңдап, бағынып, сыйлаудағы ең лайықтысы. Егер олар күнәға бұйырмаса, оларға бағыну міндет.
Және осы үлкен күнәлардың бірі өтірік сөйлеу, жалған куәлік беру, әдейіге ақиқаттан жалтару. Расулуллаһ өтірік сөз бен жалған куәлік берудің тілге жеңіл болғандығынан, адамдар оған немқұрайлы қарайтындықтан, әрі оның көре алмаушылық, қастық сияқты т.б. себептері көп болғандығынан сахабаларына ерекше хабар беріп, оны бірнеше рет қайталады. Тіпті сахабалар расулуллаһты аяп және ол кісіні әбіржітетін нәрсені жақтырмағандықтарынан тоқтата салса еді деп қалды. Сондықтан Аллаһ Тағала Ислам нығметімен бөлендірген адам осы үлкен күнәлардың біріне түсіп қалып, өзін Аллаһтың ашуы мен азабына ұшыратып алудан сақ болуы қажет.
Бұл хадистен алынатын пайдалар:
1. Расулуллаһ сахабаларға насихат айтып, оларды тура жолға жолдауы.
2. Аллаһқа серік қосудың және ата-анаға қарсы шығудың харамдығы.
3. Өтірік сөз әрі өтірік куәлік берудің харамдығы.
4. Сахабалардың расулуллаһты аяғандары әрі ол кісіні әбіржітетін нәрселерді жақтырмағандығы.

7 пікір