Астаналық керекшілер, Керуенде жиналамыз!

Армысыз, құрметті құрылтайшы достар!



Бұйырса, үш аптадан кейін Ел Ордамыз — Астанада кезекті қазақ тілді интернет жан ашырларының басқосуының куәгері боламыз!

Тіркелу аяқталды.
Тіркелгендердің саны: 171. Жаман көрсеткіш емес. (Былтыр Алматыда 150 шамасында болды)
Осылардың арасында Астанадағылардың саны 35.

Алдымыздағы Блог Құрылтайға зор үміт артылып отыр.
Біз үшін үлкен сын.
Алайда, бұл ортақ іске бір үйдің балаларындай бәріміз бірігіп кіріссек, шараның сәтті өтуіне кепілдік бере аламыз

Сондықтан, бір-бірімізді жақынырақ тану үшін, құрылтайды үйымдастыру жұмыстарына байланысты тапсырмаларды бөлісу үшін
Бүгін, 02.03.2012, жұма күні
Керуеннің 3-ші қабатында, фудкортта
Сағат 19.00

Кездесуге шақырамыз!!!

Тәтті пицца мен ыстық шай ішейік

тел.: + 7 777 69 39 409

Құрметпен, Блог құрылтай 2012 үйлестіруші тобы
Бөлісу:

16 пікір

kokbori
Іске сәт, астаналықтар!
Erke
Қап-ай 172-ші бола алмай қалғаным! Алде бола алам ба?
kokbori
Меніңше шалаптың шайқаудың қажеті жоқ, бола алмайсың. Тек тіркеліп бармасаң
Erke
бөрі екеніңді білгенде күшік кезіңде атып тастайтын едім!
kokbori
Өй, кет, әрі кетсе ағаң мелиса шығар, біздің ағамыз сотта жұмыс істейді, күзетшісі болса да]
Аффторы Сатыбалды
asaubota
Талғатқа хат жаз info@blogcamp.kz

Аршаттың ауылдасы едім де (хатты жібергеннен кейін маған хабарлас, мына пікірімді өшіріп тастаймын, жұрттан ұят болар)
kokbori
Сыбайлас қамқорлық
rymbek
Сен Байғаниндікісің ба не?)
Daniar-Alan
Өшпегеніне де міне бір жыл өтіпті ауӘ )))
rymbek
Астанада жүрсің ба не?
Marationok
Ареке, анау үстелдің үстіңде сыра ма?
kokbori
Тәбетің оянып кетті ме?
madlen
Барлыктарынды тезирек коргим келип жур
19852407
 Көрерсің, көргенде де көпшік түйістіріп екі күн қонарсың