Қаражорға феноменінің құпиясы ашылды


Қытай қазақтарының «Сен қазақ» сайтында Ділмән атты қолданушы өзінің жеке бұрышында қызық мәлімдеме жасады. Дәлмән өз жазбасында қазір танымал болып үлгерген Қаражорға биінің құпиясын ашқан. Ділмән Жақайұлының айтуынша бұл би негізінде қазақтың ұлттық биі емес. Көптеген халықтарда бар би элементтерін досы Алтайбек екеуі біріктіріп, Құмыл қаласындағы тойларда билеп жүрген екен. Кейін қытайлардың Ютюбы саналатын Youku сайтына осы бидің видеосын салып жіберіпті. Қаражорға биі осылайша біздің елімізге де жетіпті.

Ділмән Жақайұлы:
Бұлай танымал болып кететінін болжамап едік. Досым Алтайбек екеуіміз жастайымыздан бимен айналысамыз. Құмылдағы тойларда асабамен келісіп, «1-2 би билейікші» деп аз болса да қаражатымызды шығарушы едік. Әр түрлі халықтардың би элементтерінен құралған би еді біздің шығарғанымыз. Атын кім Қаражорға деп қойғанын білмедім. Біз торапқа шығарғанан кейін танымал болып кетті. Қазір Қазақстандағы жаңалықтарға қарасақ бүткіл ел көлемінде биленеді екен. Гинес рекордтар кітабына да кіріпті деп естідік. Біз тек әзіл үшін видеоға түсіріп, торапқа шығардық. Мұны шын қабылдап қалғандары қызық екен. Қазір жаңа би ойлап шығардық. Аты Самғашы-ай. Латын Америка би элементтерінен құралып, қазақиландырылған би бұл. Самба, танго, ча-ча билерін араластырдық. Жұппен биленетін би. Тек алдын ала ескертейік, келешекте танымал болып кетіп жатса айтпады демеңіздер. Ұлттық биіміз емес бұл би де. Өнерде фантазияның болуының сөлекеттігі не? Тек қорқатынымыз Қазақстан тағы да бұл биді ұлт атына иемденіп алмаса дейміз. Асыра сілтеушілік көп қой арғы бетте.
Бөлісу:

36 пікір

Zhan
Бізге бәрібір. «Мен бұл ұлтты сүйем!» деп Сатыбалды айтып қойған.
VKM
Менің жұлдызым жанғалы жатыр екен ғой
kokbori
Бізге бәрібір. «Мен бұл ұлтты сүйем!» деп Сатыбалды айтып қойған.
Сөзім жоқ
Abilakim
алдыңғылардай сәтті емес.Алдыңғылары өрт болатын
Armanjan
Rafaello саған енді стиліңді өзгерту керек, немесе Айтабер сайтына барып біраз жазып тастарсың, ол жақта ылғи мектеп оқушылары отырады, сеніп қалар.
Marationok
негізі, шынымен де ғой, кімнің биі?
Marationok
осыдан 10 шақты жыл бұрын ондай би жоқ болатын.
dark_nazgul
Өмір бойы менің аталарым мен апаларым билеп жүретін. Атам күй тартатын, "қара жорға" деп, апаларын буындарын былқылдатып билейтін.
ЗЫ. арғы жақтан келген менің аталарым.
Marationok
бірінші рет естуім, сізден. Арғы жақ ол қай жер?
dark_nazgul
Арғы бет қой, Қытайдың өзі.
Abilakim
қазақтар шығарса шығарған болар.Бірақ аты "қара жорға" емес, буын биі деп атады ма екен?! Әйтпесе қазақтардың үдере көшуі 19 ғасыр десекте, еліміздің бір пұшпағында осы атаумен бұл би қалар еді ғой
kokbori
Қайдан қалсын, биі түгілі арыстарымызды, одан қалса тілімізді ұмытып қала жаздағанда бидің ұмытылуы заңдылық қой
Marationok
Қаражорға болмаса, еврейдің сәні келе ме?
Gastarbaiter
Кунгфу стильдерінің біріне ұқсайды
KILYZAMAN
Даярға майорлар әлі көбеймек… Биге биологиялық әке-шеше іздеп әлек болып жүргендердің дені — өзімз :-(
serjan
Оттапты ана Ділман мен Алтайбек ол биді менің Әкелерімнің бала кезінде билеген екен ауылдастары.
Abilakim
атауы солай болған ба?
serjan
Қара жорға деген күйдің аты негізі, сол күйдің ырғағымен биленген бұрынырақта, ал қазір әртүрлі әуендерге билей бертін болды ғой.
Abilakim
күй екенін білеміз, байдың қызының дүниесіне қосып берген жорғасы ғой
dark_nazgul
иә иә. Сосын қытайдан келген бір ата «Аю биі» деп бір биді билеп жүруші еді ғой?
Сосын Ардақ балажанова "қара жорға" деген ән шығарған бір кездері, сол ата сол клипте билейтін, ұмытпасам… Әлде басқа клипте ме еді…
Marationok
атауы қандай енді?
serjan
Буын биі негізгі атауы кейінгілер күйдің атымен ұра беретін болған ғой.
konvict
Әп бәрекелді! Жылдамдатып әлеуметтік желіге жариялап жіберейік. Газетіне шығарып қалар біреу бар шығар
satibaldi
Лібәдтің, осы қаражорғаға неғып жабысып қалғандарыңды түсінбейм. Ықылым заманнан бар нақ, алтайдың қаззақтары 1995-96 жылдары Қазгуградтың ауласында билегенін өз көтіммен көрдім. Дәл осы би, бірақ олар бұғы биі деп еді. Тіпті телектерден де көрсетед анда-санда.
Меніңше осы би бір өте үлкен кісіге ұнап қалған да — төмендегі шайтандары құрдай жорғалап, насихаттауға іліп әкеткен.
dark_nazgul
Ютубта осы Қара жорға деген күй Айтжан Тоқтағановтың орындауында жүрген.
Zhan
Жақында Өзбекәлі Жәнібековтің «Тағдыр тағылымы» атты өзінің өмірбаяны туралы жазылған кітапты оқып шықтым. Сол кісі кітабында осы "қара жорғаның" яғни қазақта би өнері болғандығын айтады.
satibaldi
Жақында Өзбекәлі Жәнібековтің «Тағдыр тағылымы» атты өзінің өмірбаяны туралы жазылған кітапты оқып шықтым.
Рухани ләззат алдым деЧ
Zhan
Не только ләззат бітірдім.
kokbori
Құрысын, сен де Сатыпады құсап мониторға бітірдім демегеніңді қалайм
Zhan
Туу, Саясат ойларың тұманды е. Оқып бітірдім кітапты.
kokbori
Көп ретте көз көрмейт, сосын соқыр көргенінен жазбайды деген пәлсәпаға жармастық та алдық қой
Simona


1.00 минутен бaстaп қaрaңыз дa сaлыстырыңыз.