Ғажайып


Осыдан тура жеті жыл бұрын… Дәл осы күні, дәлірек айтса, түні, мен өмірімде алғаш рет сол бір керемет сезімді бастан кешірдім. Дүниенің ешбір рахаты онымен тең келмейді екен. Алдымен не болғанын ұқпай қалдым, содан кейін күлдім, содан кейін ағыл-тегіл жыладым. Өзімнің енді шынымен басқа адам екенімді, енді ешқашан бұрынғыдай бола алмайтынымды сол сәтте ұғындым.
Шын мәнінде жақында ана болатынымды сол кезде бірақ мойындадым.
Бүйірімде әлдене жыбыр ете қалғанда, дүние төңкеріліп, өмір түрленіп сала берді. Бойыма енді жан біткендей, жаңа бір күш, қуат құйылғандай сезіндім.
Кейіннен, өзге балаларға аяғым ауырлағанда, сол бір алғашқы тәтті сәтті жіберіп алмайыншы деп, уақыты жақындағанда түн баласы құрсағыма алақанымды қойып, ұйықтамай шығатын кездерім де болды. Әр баламның алғаш қимылдағаны күн, сағат, минутына дейін есімде.
Сол бір ғажайып сезімді тағы да бастан кешірем бе, жоқ па, Алла біледі, бірақ менің өмірімде ол болды, бір емес, бірнеше рет болды. Сол сезімді бастан кешіруді нәсіп еткен жаратушыға ризамын.
Бөлісу:

114 пікір

satibaldi
ЖльадЪм.
dark_nazgul
Мен де сентиментал пост жаза алам ба екен?
satibaldi
Сұрама, арақ ішкім кеп кетті көңілім босап.
dark_nazgul
Сылтау таппай отырғансыз ғой.
asaubota
ал біз сезімнен жұрдай жаратылыппыз. тіпті эроген аймағымыз да аз.
dark_nazgul
сендерде де жетеді ғой, эроген нүктелер. Анықтап, зерттеп қарасаңдар, табасыңдар.
satibaldi
Сен тапқан сияқтысың
dark_nazgul
өзі білмей жүрген нүктелерін тауып бергем
satibaldi
Бір қатын — тізеңнің арты деп еді, кел нанбасаң көрсетейін деп, жақындаған күйі тұра қаштым епті — қытықтайд
Gastarbaiter
Қуад олар. Біздің эроген зонамыз көзіміз бен мұрнымыздағы рецепторлар ғой
dark_nazgul
сырғалығың ше?
Gastarbaiter
Қойнақ, виртуал жыныстық қатынасқа мәжбүр қылмай тұрғанда қашайын. Ищщай, қыдығымм
a63a1
 Айтпашшш… Денем тітіркеніп кетед брррррррр
satibaldi
Экспериментатор қатындардан сен де шаршадың ба?
a63a1
жоқ, беріле салғым келіп тұрғой
satibaldi
Ох дөң Жуан, ох Казанова, ох Қылизаман, а.
asaubota
менің барлық жерімнен қыдығым келеді. ол эроген нүктелер емес шығар бірақ?
dark_nazgul
Оралхан Бөкейде бар ғой: "қытығыңды алайын сенің, сүйіп-құшып" деген. Сол сияқты, біраз шыдасаң, қытық емес, басқаға айналуы ықтимал шығар.
asaubota
бала кезімізден «көп қыдықтауға болмайды, қыдығы шығып өліп қалады» деген түсінікке иеміз. қыдықдатпаймыз
satibaldi
Барлық жердің суын құрттың епті, түнде қымбаттап кетед ептілер
dark_nazgul
Цигун практикасымен айналысасың енді
AKY
Суретті бір қарағанда түсінбей қалдым))) Сәйкесінше тақырыпты да ортасына келгенде түсіндім, басында басқа бірдеңе екен деп

Бізді де сол күнге жеткізсін!
asaubota
сурет меніңше фотошоп. анау алты айлық баланың табаны ғой және үлкен іш андай болмайды ғой.
AKY
солай шығар. а так жеңгемнің аяғы ауыр кезінде талай көргем бөпенің қимылдағанын, бірақ тап ондай айқын "із" байқамадым)))
dark_nazgul
фотошоп. Өйткені табаны анадай болып тіреліп тұратындай позада жатпайды бала іште.
satibaldi
Ептілер, анадай болып көрініп тұрса — сұмдық та. Туылатын кезде онда тіпті кино көруге болады ғлй.
Abilakim
солай шығар анау скотчтың әр жағындағы табандай анық көрініп тұр.
dark_nazgul
Өмірдегі ең қымбат естелік ол)))
dark_nazgul
Ой, сентиментал постымның аяғы не болып кетті өзі…
AKY
басынан-ақ біртүрлі ед))))))))))
dark_nazgul
 ол енді, әркімнің фантазиясына қарай ғой
19852407
маған ұнады, мама болғым кеп кетті
Gastarbaiter
Сахнаға шығып жаттау айтып болып, түскен соң, "Қыздар мына образым қалай сендерге?" дегендей болдыңыз.
Анау сезімдер туралы қазір күнде естіп жүрмін.
dark_nazgul
Қайдан білейін, басқа жаққа бұрылып кетті тақырып.
Анау сезімдер туралы қазір күнде естіп жүрмін.
Аман есен қолдарыңа алыңдар)))
Gastarbaiter
Ия, әзірге сол арман. Содан соң аман есен ер жетсе, ұясына қонса, т.б
dark_nazgul
бала көзге көрінген соң өскенін білмей қаласың ғой.
19852407
Анау сезімдер туралы қазір күнде естіп жүрмін.

ыптарой на подходе?
Marationok
сонда қанша балаңыз бар?
dark_nazgul
екеуден астам.
19852407
екеуден астам.
бар бол!
sigma
Шын мәнінде жақында ана болатынымды сол кезде бірақ мойындадым.
Бүйірімде әлдене жыбыр ете қалғанда, дүние төңкеріліп, өмір түрленіп сала берді. Бойыма енді жан біткендей, жаңа бір күш, қуат құйылғандай сезіндім.
Осы уақытқа дейін бейхабар жүрдіңіз бе?
dark_nazgul
жоқ білем ғой, бірақ дым сезбеген соң, онша мән бермейді екенсің.
VKM
Әсерлі, Назгүл.Бізге де жазсын
Erkekyz
Маа, жүрегім қоса елжіреп кетті ма, не боп кетті. Ия, ана болуды, андай күшті сезімді бізге де жазсыншы.
salta
Назгүл баланың қимылын сезсе, дәл осы күні 7 жыл бұрын мен тұрмысқа шыққанмын...
satibaldi
Қатты қуанған шығарсың, ә?
salta
жоқ, өкіндім десем сенесіз бе?
satibaldi
Өміріңде бір рет, ең болмаса бір рет, қойылған сұрақтың бағытымен, «иә, әйл бақыты деген осы емес пе!» десең де болады ғой нақ. Жоқ епті, асып түсу керек нақ
Жуватсың ба енді?
salta
сезімге беріліп "«иә,әйел бақыты деген осы емес пе!» дедім, рахмет
VKM
 Сатыпалды да жақсы болып қалған шығар))))
salta
жуыватқан жоқпын, жуынып жатырмын…
19852407
жуыватқан жоқпын, жуынып жатырмын…
 респект!
konvict
7 жыл бұрын мен тұрмысқа шыққанмын...
Меніңше кез-келген әйел, тойыс қыз сол ткүні өкінеді.
dark_nazgul
«Кризис седьмого года брака» деген бәле айналып өтті ме?
salta
торуылдап жүрген сияқты… қорқатын болдым, 3 жылдан скопооойно өтіп едім. 13 жылда не болатынын бір Құдай біледі…
Korkem
Бақыттысыз!
dark_nazgul
Кәдімгі әйелмін))
Korkem
ана суреттегі фотошоп болса болар, бірақ шын, көргенмін)))))
Gastarbaiter
«Секс символ» деген атауға қарсымын. Мен ең алдымен кәдімгі актермін. © Серик Жолжаксынов
dark_nazgul
Ерикті білеміз, Серігі де бар ма?
Gastarbaiter
Бәсе, ептінің аты есіме түспей отыр еді.
dark_nazgul
Қай жері секс символ?
Gastarbaiter
Гүлнар Досматовамен болған сұхбатында сондай сұрақ қойған.
— Сіз осынша жасыңызда әлі секс символ боп келесіз деген сияқты бірдеме. Оған қалай қарайсыз? деген типі.
madlen
Сентиментал постың күшті екен, жалпы балаларың туралы жазғандарың ұнайды. Доктор болып ойнайтыны да бар еді ғой
dark_nazgul
Роддомнан шыққанын айтсаңшы, бәрінен.
neoman
Қарама-қарсы жыныстар әркімге өмірдің не бергенін айтып жыртыла пікірталас ұйымдастырып жатқанда, қыздар жағы осы жазбаға сілтеме жасаса, салмақты аргумент болады екен.
Maya
Керемет сезімдер…  Рахмет сізге Наз! Аллахым бұндай сезімдерді бізге де насіп етті, енді тек аман есен қолға алсақ екен деген арман бар
VKM
Мая, тілектеспін!
Maya
Әумин, жаным, әумин!!! Негізі қуаныштан қорқыныш басым, біріншіден кейін, көп уайымдайтын болыппын. Алла жар болып, аман — есен құшағыма алсам екен.
salta
екіншісінде оңай болады, үшіншісін түкіріп тастағандай боласыз ))))) көбісі солай айтады(үшінші туралы әрине)
Armanjan
екіншісінде оңай болады, үшіншісін түкіріп тастағандай боласыз
пах шіркін-ай, қазақтың қыз-келіншектері жиі-жиі қақырып-түкіріп тұрса, азғана жылда Өзбектерді басып озар ма едік?
dark_nazgul
білмейм білмейм… кенжетайда қаттырақ қиналған сияқтымын…
Zhan
Жақында ғана бір құрбым екінші рет босанды. Ұлының атын Заңғар деп қойды. Сол құрбым екінші толғақта босанып болғаннан кейін толғақ сияқты қайта-қайта ауырды деді. Дәрігерлер екінші босанғанда осындай болады депті-міш. Сосын маған подругам толғақ қықсан кезде «Күйеуге тигеніңе өкініп кетесің, бірақ ұмытшақ ауру екені рас, баламды көрген кезде бәрін ұмытып кеттім» деп айтты телефоннан" деп бәрін подробно айтып қойған ба.
salta
менде де сондай толғақ болған… біреулер оны ай толғақ дейді екен, енді біреулер ай толғақ жас келіншекте болмайд дейді. ұмытшақ ауру ғой шынымен де…
Aldeken
біздің келіншек айтып ед, күйеуін боқтап, қарғап-сілегенді, родзалдан көрдім деп…
dark_nazgul
ай толғақ деген, нағыз толғақтан бір екі апта бұрын басталады. Ай толғақ бірінші балада да бола береді. Орысша оны «тренировочные схватки» дейді.
dark_nazgul
босанғаннан кейін жатыр жиырылады. Бірінше балада білінбейді, өйткені эластичность бар. Екінші баладан кейін жатыр қаттырақ созыла бастайды да, баланы емізген сайын, окситоциннің әсерімен жатыр жиырылады. Ол бір аптаға дейін созылуы мүмкін. Шын айтса, толғақ ол ауырғанның қасында ойнаймай қалады.
dark_nazgul
Аман есен бөпеңді бауырыңа бас)))
konvict
Саған да тілектеспіз
Maya
Алла разы болсын!
a63a1
Мына тақырыпты пайдалана отырып бір сұрақ қояйыншы))) менің келінім де босанды осыдан 1 апта бұрын баласы 4 келі 200 грамм, Неліктен кейінгі кезде көбісі осындай салмақпен туып жатыр?
salta
9 ай бойы қимылдамай, диета сақтамай жүрсе немесе тұқымы ірі болса солай болады дейтін мамам
a63a1
қимылдатқанда қимылдатып бақтығой, ол келінім ауылдық жерде тұрад. Бір қызығы босанар күні таяғанда біздікіне келген еді сонда апам жерге түйме тастап жіберіп көтер деп те прикол ұстаған, оп-оңай көтеріп еді
Abilakim
түймені көтере бере к*ттен кеткенде прикол тіпті джынды болар еді
a63a1
Gastarbaiter

Минус қойып отырғандар нағыз овуляшка екен
a63a1
 жасырын болсада жеңілдеуге септігім тисе қоя берсін енді
Gastarbaiter
Сөзсіз ғажайыбына ғажайып сезім шығар. Сендірдіңдер.
Бірақ, мынадай мәселе де бар ғой, айтпаса сөздің атассс өледі деген:
Аяғы ауыр әйелдер аздап қуатыны тағы бар. Бүкіл туыстар, күйеуі, ағайындары, өз жұрты, қайынжұрты нағашы жұрты аяғын жерге тигізбей оны шыр айналып жүруге гендік деңгейде міндетті деп ойлайды. Кейде эгоцентризмнің шарықтау шегіне жеткенде, көшедегі қаймана қазақтар да оған қарыздар іспетті көріне бастайды.
Әрине тап сол мезетте миллиондаған әйелдер жүкті екенін, оған дейін де миллиардтаған әйелдер босанғанын, және бұның орасан ерлік емес, кәдімгі табиғи процесс екенін сезінбейді.
Әрине, оған ашулану да бекер. Гормондар өз ісін жасайды. Кейбіреулер тіпті реально қуып кетеді. Менің бастауыш кластағы ең сүйікті мұғалімім жүкті боп жүргенде нервный психоз болып асылып өлген.
Беті аулақ әрине, болашақ аналар жүктілік кезінде өздерін жеткілікті дәрежеде күтсе (фанатизмсіз), өзінің жүктілігіне айналшықтап қалмай, жұрт қатарлы комедия көріп, бұттан кетіп, таза ауа жұтып, дұрыс тамақтанып, дұрыс ұйқтап жүрсе, арақ-темекіге жоламаса, тұқымқуалаушылық аурулардан ада болса, әр нәрсені уайымдап, босқа жұртты әбігерге сала бермегені дұрыс деп ойлаймын.
madlen
Менің бастауыш кластағы ең сүйікті мұғалімім жүкті боп жүргенде нервный психоз болып асылып өлген.
dark_nazgul
Бүкіл туыстар, күйеуі, ағайындары, өз жұрты, қайынжұрты нағашы жұрты аяғын жерге тигізбей оны шыр айналып жүруге гендік деңгейде міндетті деп ойлайды.
міндетті деп ойламаймыз, бірақ сәл пәл қамқорлық көрсетсе деп қалаймыз
Gastarbaiter
міндетті деп ойламаймыз, көрсетсе деп қалаймыз

Әңгіменің норма шеңберіндегі "сәл пәл қамқорлыққа мұқтаж" болуы туралы емес, «эгоисттік истерия» жайында екенін түсінбедім демеш.
dark_nazgul
Өз басым ондай истерия жасап көрмеппін. Жалпы, аяғым ауыр кездерім, мен үшін рахат кезең болатын. ТОксикоз деген атымен болмайтын менде, жерік болып көрген емеспін, денсаулығым — ТТТ — мықты, тек өз ішкі сезімдеріме рахаттанып, сәбиімді қолыма алатын күнімді күтіп жүретін едім.
Сол үшін, жөнсіз еркелеп, түн ішінде балмұздақ әкеп бер, немесе тағы бірдеме істеп бер ешкімді әурелеп, мазасын алып көрген жоқпын.
Gastarbaiter
Енді… мен де өз тасым бала күткен кезде еш токсикоз болған емеспін. Бірақ әңгіме тек сен екеуміз туралы емес сияқты. Ал қуатын екіқабат әйелдер аз емес.
Жарқын мысалдар
dark_nazgul
Мен туралы емес екенін біліп отырмын.
Жай, қуып көрмеппін, сол үшін оның қандай болатынын білмейді екенмін деген әңгіме ғой.
Gazizkizi
ЕҢ КЕРЕМЕТ СЕЗІМ!!! ҚҰРСАҚТА ЖЫБЫРЛАҒАН ЖАН ҮШІН ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТАТЫНЫҢДЫ ҰҒАСЫҢ!!!
Zilola
Жaрaткaн иeм бeрсe, aкeсiнe тaрткaн aдeмi кaк минимум 4 бaлaшкa дуниeгe aкeлсeм дeймiн )
dark_nazgul
Максимумын сұрамай-ақ қояйық па?
Zilola
aлдымeн бaй тaуып aлaйын, a то aрмaндaп кeтiппiн ))
dark_nazgul
 алдымен біреуін туып көр. «Енді өлсем де тумаймын» деп айғайлаған первородкаларды талай көргенбіз.
Gastarbaiter
Бір қызығы баласын қолына алғанда мұтып кетеді екен
dark_nazgul
ол рас. Еш жерің ауырмайды. Кейде «толғақ деген қандай болады?» деп сұрайды қыздар. Сипаттап бере алмайсың. Өйткені есіңде жоқ, болмаған сияқты.
Gastarbaiter
Жүктілік жайлы сенен артық біліп қойыппын, білуімше өте қауіпті нышандар, овуляциясынсс… Қой қисайдым мен, елге сәлем айт
dark_nazgul
Жайлы жатып жақсы тұруыңа тілектеспін!
Zilola
Ештeнeсi жок, aнaм 5 бaлa тугaн, 4aк бaлa тугaндa, мeн бул омiргe кeлмeс eдiм. Корeтiн жaрыгым бaр eкeн, шукiр. Сол aнaмнын жолын жaлгaушымын го мeн, АЖБ!