Қазақ тілі немесе "Если мой родной язык умрет завтра то всегда готов умереть я СЕГОДНЯ"

Ассалаумағалейкум, достар!
Әр елдің өзіне тән қасиеттері бар! Біздің елде ол — қонақжайлылық! Ол шын мәнінде мақтан тұтуға тұрарлы нәрсе! Бір жағынан әйтеуір орнында тұрмай өсіпте келе жатырмыз. Бірақ осы қонақжайлылығымыз кейде өзімізге зиянын тигізеді! Ол қалай?! Өз тілімізді қорғай алмай келеміз! Тіпті қазақ тілін үйренген шет елдіктер біздің елге келіп таң қалады және өкініпте қалады. Өйткені неше уақыт жоғалтып үйреніп келген қазақ тілі Қазақстанда оған қажеті болмай қалады… Бәріміз орысша, ағылшынша, немісше, французша білуге тырысамыз, бірақ өз тіліміз жайына қалып кетеді. Бір орыс тұрса тоғыз қазақ сол орыс үшін орысша сөйлейміз! Тағыда қонақжайлылық? Білмеймін! Бір уақиға айтып берейін, репрессия уақытында болған!

Бір неміс әйелі жазады:
Бір түннің ішінде бізді Мәскеуден алып кетті, ештеңе айтқан жоқ, түсіндірген жоқ! Құжаттар алуға ғана кішкене уақыт бердіде бір түннің ішінде пойызға артып жіберді.(Ең керек жеріне бірақ өтейін)
Өзеннің жағасында қамыс орып жұмыс істеп жүрміз. Қарнымыз аш. Жылап алам. Тағдырым осылай болғанына қатты қынжыламын, бірақ шыдап жүрмін! Бір кезде қазақтар ауылынан бір-екі шал немерелерімен келді, қолдарында қара тас толы дорбалары бар. Екі шал қырдың үстіне отырып балаларына бірнәрсе айтып еді ол балалар жаңағы таспен атқылай бастады. Канвоирлер мазақ қылып күліп жатыр. «Көрдіңдер ме сендерді қазақтарда жек көреді» деп шек сілері қатып! Сол кезде қатты жыладым, түсінбедім, неге сонша тағдыр мені қатты қинады? Қазақтарға не істедім? Не жазығым бар? Балалар ойнап болып тастары таусылып кеткеннен соң бір дәмді иіс шыға бастады! Кейін байқап қарасақ, жаңағы бізді атқылаған тастары тағам(құрт) болып шықты!
Түнімен жылап мұсылмандардың құдайына жалындым! Өзіме емес жаңа келіп кеткен қазақтарға Алла көмек бер деп! Өз жанын, балаларынын жанын тігіп, өздеріндеде жейтін тамақтары аз болсада бізге көмек бергені үшін!

Бұл хат Алманиядан қазақтарға алғыс ретінде келген! Барынша қолымнан келгенше түсіндірдім!
Мен ұлтшыл емеспін! 70 жыл кеңес өкіметінің қол астында болдық! Жарайды орысша білмесек ол кезде адам болмадық! Бірақ бір ашуым келетіні тек қана бір ұлттың ғана қазақша білмейтіні!!! Ол орыс ұлты! Олардан басқа ұлттың бәрі көпшілігі қазақша біледі! Ал 70 жыл Қазақстанда тұрған орыс ең болмаса сылағаны үшін үйреніп алатын кез келді гой?! Жалпы кейде өстіп «атамның ауылына» кетіп қалатыным бар! Қазақша түсінетін орыс болса мұнда ренжімесін!

Енді қызыққа көшейік!
Орыс тіліндегі айтыс

Америкалықтардың қазақ тілінде таза сөлеуі және қазақтарды мазақтауы "қазақша білмейді" деп!

Ана туралы жыр! Америкадан

Назарбаев Қазақ тілі туралы

Канадалық жігіттің домбыра тартуы
Бөлісу:

21 пікір

KazaXXX
Сен мың тіл білсеңде өз тіліңді білуге міндеттісің!!!
satibaldi
Христиан бауыр, үнемі леп белгісімен жазу моветон болып естіледі.
Бұл хат Алманиядан қазақтарға алғыс ретінде келген!
Бұл — шылқыған өтірік.
KazaXXX
Хабар телеарнасында көрсеткен! Неге өтірік дейсіз?
satibaldi
Пропаганда Министрі Мұқтар Геббельстің ойлап тауып жүрген шытпағы. мен де көргем. Суайттықтың шыңы.
KazaXXX
Ол жағын білмеппін…
salta
«Включите Хабар, хочу забыться!» дегенді білмейді екенсіз ғой...
KazaXXX
Және мен журналист емеспін ғой! Ал христиан бауыр дегеніңіз қатты тиді олай болмайды! Мен 5 уақыт намаз оқитын таза мұсылманмын сіз кімсіз?
satibaldi
Бүгін — Исаның үмметінен болам, бауыр. Бір құдайдың астында жүргесін, айта салғаным еді, айып етпессің.
KazaXXX
Жарайды! Достық — ұрыспен күшейеді.
satibaldi
Крещін қазақ дегенді естуің бар ма еді? Солардан болам: Сатыбалды Беляков.
KazaXXX
Шынымды айтсам бірінші рет естуім. Бірақ енді ұмытпаспын
satibaldi
Халиф Мұхаммед келіп үлгіре алмаған Саратовтан болам, ол келем дегенше Иоанн Первозванныйға иман келтіріп қойдық, нақтың әулиесіне.
KazaXXX
Өркімге бұйырған долы бар ғой!!!
satibaldi
Долы ештеңесі жоқ, кәдімгі қарапайым кісі, жартылығын қойып, тіскебасарын жайып, «жігіттер, давай приколға шоқынып көрейік!» деді.
Жаман болған жоқпыз.
KazaXXX
 долы емес жолы дегенім ғой, қателестім.
satibaldi
Ааа, әйтпесе конфессияаралық қақтығыстың алғышарттары қалыптасты деп, хабар берейін деп жатыр едім архиепископке.
KazaXXX
 Жоқ а. Қайдағы? Маған ешқандай ұрыс қажеті жоқ!
Gastarbaiter
Қалайсың мүсье Нуб?
Қалай екен Ютуб?
Әйтеуір Саттардан қалмай, сен де Мегалайнның базовый пакетіне қол жеткізіпсің, жумаймыз ба?
araika
Пунктуацияны көп оқып, қатты меңгергенге ұқсайсыз…
Adiletshu
Көзілдірік таққан амигомен бірге бұттан кеткенше күлдім
VKM
Бір жерден көргенмін