Хасан Шерефли: Жаман бала болмайды
Естеріңізде болса, Админәкә Эмми жүлдесін жеңіп алған қандасымыз туралы айтып еді ғой. Сейсенбінің сәтті күні таң ертең жеңімпаз Хасан мырзамен скайп арқылы сөйлесіп едім. Сол сұхбатты сіздермен де бөлісейін.
–Хасан мырза, сіздің «Эмми» жүлдесін жеңіп алғаныңызды кеш те болса естіп, қуанып жатырмыз. Осы жайлы толығырақ айта кетсеңіз?
–Бұл сонау 2003 жылы болған еді. «Эмми» – Америкадағы телевизия саласындағы үздік сыйлық. Ең үздік деп танылған 23-тен астам аталымда телевизия саласына беріледі. Маған «Зерттеу және деректі фильмдер» аталымы бойынша жүлде табыс етілді. Бұл фильмді түсіру туралы ұсынысты БиБиСи-де жұмыс істейтін танысым айтқан болатын. Бірнеше адам жиналып түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан балалар туралы деректі фильм түсірмекші екен (Хасан Шерифлимен бірге жұмыс істегендер: Леван Адами, Суприя Аваси, Кэйт Блоует, Кларинда Кэппейдж, Джон Майер, Джед Родштейн, Дебора Шипли, Брайан Вудс – А.А). Оларға зерттеу жасайтын адам керек екен. Қолымнан келетін іс болғандықтан бас тартпадым. Көптеген елдердің түзету мекемелерінде болып, балалар өмірімен таныстық. Алты ай бойы жүргізген зерттеуімізден кейін көптеген нәтижеге қол жеткіздік. Мысалы, жазасын өтеп жатқан әр түрлі жастағы үш баланың күнделікті өмірін бақыладық. Ұйқыдан оянып, қайта ұйқыға кеткенге дейінгі бір күнін қалай өткізетінін назарымызда ұстадық. Олардың тәрбиешісімен, аспазшылармен, мұғалімдерімен сөйлестік. Бір сөзбен айтқанда, өмірге темір тордың ар жағындағы балалардың көзімен қарауға тырыстық.
–Осы орайда қай елдің балаларды түзету мекемесі көңіл толарлықтай жұмыс істейтіндігін сұрай кетсек…
–Өкініштісі, дамымаған және дамушы елдердің балалары көбіне ауыр қылмыс жасайды екен. Мысалы, Үндістан, Моңғолия сияқты елдерде жас балалар арасында адам өлтіру немесе қасақана адам өлтіруге талпыну, қарақшылық, қорқыту секілді аса ауыр қылмыстар орын алған. Ал, дамыған алдыңғы қатарлы елдерде балалар қылмысы аз. Мәселен, ағылшындар дүкеннен зат ұрлаған баланы түзету мекемесіне жіберсе, Америкада әкесінің мәшинесін рұқсатсыз айдап кеткені үшін де түрмеге қамай алады.
Жүргізген нәтижелерде көз жеткізгенім, Түркияның түзету мекемесі сәтті жұмыс жасап жатыр екен. Түркияда жалпы түзету мекемесінен бөлек «түзету үйі»(Islahevi) деп аталатын бірнеше мекеме бар. Түзету үйінің ерекшелігі, ол жерде бала түрмедегідей қоршаудың ішінде болмайды. Қалаған уақытында емін-еркін сыртқа шығып жүруіне мүмкіндік бар. Оқу оқитындары мектебіне, жұмыс істейтіндері жұмысына бара алады. Түзету үйінде олардың тәрбиешілері бар. Балалар ол жерде білім және тәрбиемен қатар қолөнер де үйрене алады. Осы арада бұзық балалар қалай ол үйге өз еріктерімен барады деген заңды сұрақ туады. Оның жауабы – көшеде аш-жалаңаш жүрген балалардың «түзету үйінде» басқаша атмосфераға тап болуында жатыр. Ол жерде қылмыс жасаған балалардың түзелуі үшін бар жағдай жасалған.
–Оқырманға өзіңіз туралы мағлұмат бере кетсеңіз?
–Мен 1971 жылы Стамбұл мен Анкараның арасында дүниеге келіппін. Анам мені автобустың ішінде босанған екен. Ол кезде қазіргідей айын-күнін санап отырмайды. Босанатын уақыты жақындағанша мән бермейді. Анам Жәмилә бір туысының құдалығына бара жатқан екен. Жолда мені босанып қалады. Содан бері үлкендер кімнің баласы екенімді естігенде «Ә, жолда босанып алған баласы сен бе?» деп айтушы еді. Отбасында алты ағайындымыз. Алтауымыз алты жақта жұмыс істеп жүрген жайымыз бар. Жұбайым, бір ұл, бір қызым бар. Ұлдың атын – Алтай, қызымызды София деп атадық. Экономика мамандығын меңгергендіктен, біраз жерде менеджер болып жұмыс істедім. Қазір Нью-Йоркта жеке бизнесім бар. Ара-тұра фильм түсіру туралы ақыл-кеңес беріп тұрамын. Жұбайым Кәмила бір фирманың менеджері. Жақында кенжемізді босанғандықтан баламен үйде отыр.
–Бір жылдай Қазақстанда тұрған екенсіз. Жарыңызбен сол уақытта таныстыңыз ба?
–Дұрысы бір жарым жыл, 1998-99 жылдары тарихи Отанымда тұрып қайттым. Оқуды бітірген соң ата-анамыз атажұртын көрсін, ана тілін үйреніп келсін деп Қазақстанға жіберген еді. Алматыда «Туркуаз» фирмасында жұмыс істедім. Кәмиламен сол жақта таныстым.
–Алдағы уақытта атажұртқа келіп-кету жоспарыңызда бар ма?
–Ел жаққа барғымыз келіп жүр. Бірақ, кішкентайымызбен жолға шығуға әлі ерте болғандықтан, бұл жоспарды кейінге шегердік. Алла жазса, жазға таман барып қалуымыз мүмкін. Кино саласында проект жасаймын дегендерге көмектесе аламын.
–Істеріңізге сәттілік тілеймін! Әңгімеңіз үшін рахмет!
Әңгімелескен Абай Асанкелдіұлы
Мақаланың толық нұсқасын Нұр Астана газетінің сайтынан оқи аласыздар.
П.С. Жаңалықты жеткізген Аршат аға мен Айтер мырзаға айтар алғысым шексіз.
Апдейт: Видеосы осы болуы керек
View this movie at cultureunplugged.com

Кино түсіру жөніндегі консалтинг бағасы қанша екен?
Керемет мақала Абай!