Махаббат мейрамы құтты болсын!



Мейрамдарың құтты болсын ғашық жүректер! Жүректерің әрдайым махаббатқа толы болсын. Махаббат барлық қиындықтарды жеңеді.

Осы күнді Валентин әулиені қоспай жәй ғана «Махаббат күні» деп атауды ұсынамын. Әр күннің бір тарихы болады, бірақ соның атын қосу бізге жараспайды деп ойлаймын. Тарих тарихымен. Ал мейрам өз мағынасымен қалуы керек деп ойлаймын. 8 наурыз Клара Цеткен коммунист әйел мейрамы демейміз ғой мысалы.

Мұндай күндер керек. Осындай позитив сыйлайтын мейрамдар. Сезімін білдіре алмай жүргендер үшін керемет мүмкіндік.
Бөлісу:

42 пікір

Zhan
Негізі жұлдызнамасы Тауешкі бір жігітті жақсы көрем. Лібә тасжүрек бір звонокқа жарамады. Өзім звондап құттықтаймын енді амал жоқ. Қу жүрек пен қу сезім тәкаппарлық пен көкіректік деген тағынан төңкеріп түсіріп кеткелі қашан. Ішем бүгін… Сөйтіп анаған әңгіме айтам миын жеп.
Gulzhanat
Олар, негізі, өте мейірімді (из личного опыта)) Ешкімнің бетінен қақпауға, қолын қайтармауға тырысады. Сіздің жұлдызыңыз Егіздер болса, тіпті сүйіп қалуы мүмкін))
Сәттілік!!!!
Zhan
О, Гүлеке рахмет. Мен Мергенмін. Қалағанымды атып түсіретін жанмын деп бұрын күпініп жүруші ем, жас ұлғайған сайын құдайды көп еске алатын боп кеттік. Валентиннің шапағаты тиіп қалар бәлкім…
kokbori
Жәке, өзгеге еңкейгенді емес, өзіңе иілгенді сүй демей ме? Оданда ана қазақтың демогрфиясын көбейткісі келетін ағамызға маяк тастасай
Zhan
Сәке, өзіме иілгендер болмады емес болды. Менсінбей қойдың, қарамай қойдың, көп ойландың дерсің. Жоға, осының бірі де болған жоқ. Жүрегімді ары да, бері де күштеп, осыны сүйіп қал деп өзіме қанша әмір берсем де ештеңе шығара алмадым. Оны да, өзімді де алдағым келмеді. Меніңше, сүймеген адаммен өмір сүру азаптың азабы. Ал оған деген кішкене сезімің болса оның барлық кемшілігін кешіресің.
kokbori
Шын махаббаттың қадірі айырылсқанда білінетін сияқты ғой, Жакесі! Дегенмен тасжүрек жүрегімді иіткендей болды.
Abilakim
Сезімін білдіре алмай жүргендерге тамаша мүмкіндік екені рас.Бірақ, білдіре алмайтын адам бәрібір білдіре алмайды.Бүлдіретіндер бүлдіре береді
kokbori
Баяғыда бір жігіт қызға сөз айта алмай ит әлекке түсіп отырса, қыз езуі жыртылып кеткен бе күле берсе керек. Сонда әлгі бишара жігіт «Күлме күлме күлдіресің, күлсең бәрін бүлдіресің» деп міңгірлей беріпті Әбеке, сенің сөзіңнен кейін сол оқиға есіме түсіп кетті ғой
patick
15-cәуірмен де құттықталамыз ба?
GulL
Рахмет! Бірге болсын! Бәріңді құттықтаймын
Armanjan
Осы күнді Валентин әулиені қоспай жәй ғана «Махаббат күні» деп атауды ұсынамын
Бабалар мен ғасырлар арада тұр,
Секілденіп ұлттық құн қара бақыр.
Секеңдеуді сән көріп, қызыл кеште,
Жас өрендер азғындап бара жатыр.

Түнгі клуб тепкілеп біз өкшелер,
Сол бір күні маңайға түнек шөгер…
Талай қызды тайдырып кетер сонда,
Қанды жаспен боялған жүрекшелер.

Көкірегін өреннің мұз қылатын,
Келер жасқа тағы да із қылатын,
Валентинді, бәлендей тойлап жүрміз,
«Резеңкенің» саудасын қыздыратын.

Жын шайтанның құтырған долы көші,
Сүйген болып бір-бірін өліп-өшіп,
Азған әлем айқара құшақ жаяр,
Бір күндік пәтерлерге болып есік.

Валентин клубтағы, мектептегі
Құрттаған алыстардан жетпеп пе еді?!
Бесіктен белі шықпас бүлдіршіндер,
Бүлдіргі махаббатты не етпек, тегі?!

Бабамның қалған жолы бекер дей ме?
Шатасқан мейрам сондай шекер дей ме?
Ұл-қызға тәлім берер ұстаздар да,
Тойлатып, бірге еліріп кетер кейде!

Санаңды талай мұңды ой қамайды,
Ақиқатқа арсыз жан бойламайды.
Валентиннен әсерленіп жүретіндер
Ұлық күнді дәл бұлай тойламайды.

Азғындық емес, сірә, жалғанға ырыс,
Болсыншы бұл да бізден қалған бір іс!
Шіріген жерден шыққан мейрамсымақ,
Біздің де қоқыс жақта қалған дұрыс!
KILYZAMAN
Кемпрімді қай пірісоққандығын білмеймін:«бүгін маған не сыйлайсың» -демесі барма?  Атан түйе ойнақтаушы еді — кейуанаға не жоқ димда
Abilakim
Ол кісі Әжемтүйе болды ғой)))
KILYZAMAN
 Ондайда барма еді?
Abilakim
атан түйе ойнақтағанда әжем түйе қарап қалмас дегенім ғой
KILYZAMAN
Солай.МА.еді — Түйіншекке жібердім. Рахмет!
bazuka
Ғашықтар күнімен!
a63a1
Ал маған поқи рас айтам
a63a1
Мен түбегейлі қарсымын, өз басым тойламайд, Қазағым ай жұртым-ай, Кайнайды қаным Кайран халкым, ашиды артым
VKM
сен бір қызға ғашық болып, о, махаббат, деп жүр едің ғой кеше ғана. Енді өзінше болывотр ғой.
a63a1
еркек болғасын күнде ғашық болмағанда қайтеміз енді
Abilakim
«Мен однолюбпін, куніне бір қызға ғашық боламын...» деген осы да…
Lyaila
Ұлы сезім-махаббатты дәріптейтін күндер адамзатқа артықтық етпейді
Қазіргі таңда, Әулие Валентинді ешкім еске алмайтын сияқты… Ал, осы күннің көптеген жандар үшін айтарлықтай маңызға ие болып, пайдасын тигізіп отырғандығы көпшілікке таныс. Сондықтан, "ғашықтардың тойлар күні көбейсін!"-деп тост көтерейік
Zilola
Қозы ғашық болғанмен, Баянның бағы жанған жоқ.
Төлеген ғашық болғанмен, Ол Жiбектi алған жоқ.
Кебек ғашық болғанмен, Еңлiк бақытты болған жоқ.
Абай ғашық болғанмен, Тоғжанға орамал салған жоқ.
Бiржан ғашық болғанмен, Ләйлiм iздеп барған жоқ.
Бiр бiрiн сүйiп қосылған, Ғашыктарда арман жоқ!
Ғашықтар кунiмен!
майл. агентте танысым жіберді
rauka
Махаббатты тойлау бір күнмен шектелмейді. Күнде тойлай беріңдер!!!
Serzha
кеше (не алдыңғы күні ма) тв-дан бір бағдарламада талқылап отыр еді осы күнді. валентинді жек көретіндер оны билікке қарсы шыққан деп айтып отырды. бірақ баян мен қозы көрпеш қазақтың әдет-ғұрпына қарсы шыққан адамдар…
kokbori
бірақ баян мен қозы көрпеш қазақтың әдет-ғұрпына қарсы шыққан адамдар…
Сен сол жырдың таза қазақтың жыры екеніне сенімдісің бе?
Serzha
білмедім, бірақ көтриоттар оларды валентинге қарама қарсы қойып отыр ғо
kokbori
Жоқ, қоюы дұрыс, тек пайдасы болғандығынан, бізге шатысы болғандықтан. Тек сенің
бірақ баян мен қозы көрпеш қазақтың әдет-ғұрпына қарсы шыққан адамдар…
дегеніңе қатысты айтам да
Zilola
әулиені қоя бер, Қозы Көрпеш пен Баянды жалкі, арасында әріп+shift басып тұрсаң
aza
Күн келді, көңіл күй орынында, қалтада қаржы да бар…
Білесіз бе, менде қыз жоқ…
Zhan
Аза сен қазір Түркістандасың ба?
kokbori
Батырлық жоқ дегенді қоса салсай
madlen
Бар еді ғой? Бір қызды айтып мақтан тұтушы едің ғой?
VKM
Мен жұмыстамын.Сондықтан Аһи сияқты, тойламаймын мейрамды. Жәй  сендер үшін қуаныватрм
kokbori
Жұмыста болмасаң тойлайтын ба едің?
VKM
ол жағын ойламаппын.
kokbori
Бірдеңе айтсам, көтриот атанамын ба деп отырмын
GulL
www.obtampons.ca/apology
Қыздарға арналған сілтеме