Кімде қандай мереке, ал біз бұл күні үйленген едік....

Кімде қандай той, бірақ бүгін біздің үйленгенімізге сегіз жыл толды

2003 жылы Әлия екеуміз үйленетін болдық, қазан айында құдалық болып, тойға қамданып жатқанда Әлияның 90-дағы атасы қайтыс болды, той белгісіз уақытқа шегерілді, екі жақта біраз үнсіз қалды, ал екеуміз болсақ, жүйкемізді жұқартпадық, әжейді кім үгіттегенін білмеймін, әлде біз үй болудан айнып қалады деп үрейленді ме, «Аталарың қарт адам, балаларының ортасынан о дүниеге аттанды, қайғыны түнертетін өлім емес, сондықтан тойды өткізе беріңдер» деп өз шешімін айтыпты. Құдалар солай шешкен соң шешем тойды қаңтардың 24 белгіледі, бірақ, барлық той-томалақ өткізетін орындар бос емес екен, 31-күніне біз ЗАГС-ке арыз бердік, қырсық қылғанда, ол күні мен жұмыста көптен бері жоспарланған іссапарға баруым керек екен, бастық та басқа күнге белгілеуімді өтінбесі бар ма… 7-і ақпанға белгіледік, екі күн қалғанда Әлия үйленбейміз деп бүйректен сирақ шығарғаны бар, обшым той болмайтын, біз үйленбейтін болдық, сонда келіншегіме қаншалықты тойдың шегеріле беруі ауыр тигенін түсіндім, бірақ ЗАГС-тен арызды қайтарып алған жоқпын, қайта тағы бір жұмаға кейін шегерттім, содан соң үгіт-насихат жұмыстарына қазіргі қайынжұрттың барлық беделдісі-аптариқаттысы тарттырылды, қалыңдықты сабасына түсірген соң, сол 14 күні тойды өткізіп, үйленіп едік, ең қызығы, ЗАГС-ке арызды бір рет беріп, оны қайта үш рет шегергеніміз болатын. Сол мекеменің бастығына пара(армян коньягі мен бір қорап шоколадты солай айтуға келсе) да бердік
Бөлісу:

20 пікір

asaubota
ооо құттықтаймын, махаббаттарың ұзағынан болсын!
Ottegin
Рахмет, Сізді де мерекеңізбен (туған күніңізбен) құттықтаймын.
KILYZAMAN
Нағыз прагматиктер екенсіңдер өздерің…
Ottegin
Прагматиктер болғанда, екеуміз де албырт жас емес едік, белгілі бір өмір тәжрибесі болды дегендей....
KILYZAMAN
Тәжрибе
Ottegin
Мен үйленгенімде 31-де, келіншегім 25-жаста болатын
KILYZAMAN
Прагматитікке тіке себеп
VKM
охо, сіз приключениемен үйленіпсіз ғой.
Aizhantabyn
ылғи ойлаушы ем, осы жұрттар бір шешімге кеп, оп-оңай үйлене салады деп))) Қарап тұрсам, керемет бір оқиға екен мынау))))
kokbori
Құрысын қалай үйленгенімді жазайын кешіктірмей, әйтпесе жұрт бас бәйгені алмай кетпеуге бел байлаған секілді ғой, кешке күтіңдер
Ottegin
Біз бұл күнді әдейілеп белгілеген жоқпыз, осыған жағдай өзі жетелеп әкелді, менікі Қожанасырдыкіндей болған секілді:

Үйін тонап қашып бара жатқан ұрыларды қуып жеткен Қожанасыр біраз уақыт оларға ілесіп жүгіріпті, сонда бір ұры сұраған екен:
-Қожеке неге жүгіріп келе жатырсыз?
-Бәрі жүгірді, мен де жүгірдім....
madlen
Құттықтаймын! Өмірлеріңіздің соңына дейін бақытты болыңыздар!
Aigolek
ЕЕЕ Гиена екенсиз гой баягы ))). сонда бугин не той еки жылы кем раушан той ма ))) Темир той тас тойларынызды да корейик виртуал болса да Тойдын аттарын осыннан окыдым )))
rakisheva
Құттықтаймыыыыыыыыыыыыыыыыыын
Ottegin
Рахмет, өзіңізге де бақытты семья құруға, я болуға тілектеспін
Simona
армян коньягі мен бір қорап шоколад
Сондa күнiн шегергенiңiз үшiн пaрa бердiңiз бе?
Бaқытты болыңыздaр
Ottegin
Үш рет шегергеніміз үшін, арыз бір ай бұрын беріледі екен, содон соң, басталды карусель қазір күлкілі, сол кезде шенеуніктің бетін бері қаратам деп жыларман болып едім
VKM
Құттықтауды ұмытып кетпеңдер,Әулие Валентин күні деп жүріп))))