Қазақтың тойына қанша ақша керек......

Иа. Қанша ақша керек…
Есімде бала кезім, ағаларымның тойы үйде, ауылда және аулада палатка құрылып, ағайын туыстардың басы қосылып, думандатып өте шығатын… спиртке су қосып арак жасап, юппиге су қосып түрлі түсті соктар жасап,,, анау мынау дегендей, не керек бәрі бар тамаша жайналған дастарханда жайқалған думанды той кеші өтетін.
Ал қазір ше??? Қайран сол кездер дейсің іштей… сол кезде үйленіп тұрмыс құрғандарда солай дейді…

Ал сіз қалай ойлайсыз қазіргі заманда той тойлау үшін қанша ақша керек… Той тойлағандар білгендерімен бөліссе, үйленейін деп жүргендер дайындала жүрсе деген ой ғой біздікі.
Бөлісу:

27 пікір

Aldeken
Дархан көңілің мен қаржылық мүмкіндігіңе байланысты бәрі…
Той жасамай-ақ, бақытты болып кеткендер де бар, негізі…
asaubota
әдемі өмір сүруге тыйым сала алмайсың.

мүмкіндік болса шетелде де өткізуге болады, ағайын-тума, көрші-көлем, сүйкімсіз құдалар, коллегалар у ішіп өлулері үшін.
Altygradus
Қазақтар Стамбулда осылай үйленеді
Your text to link...l
satvaldo
сіз сонда болған жоқсыз ба?
Altygradus
жоқ, болған жоқпын, пыросто Аршаттың коментінен кейін есіме түсіп кетті. шынымен ақ бүкіл қонақтарды ҚЗнан алып барып жасайм десең де…
satvaldo
қателесіп кеттім онда…
a63a1
лібәә бауреееем сенде сол палатканы аңсаушылардың бірісіңбе? Келшіііі бері…
19852407
Сол кезде қазан басында жүрген көрші апайлар аңсауларыңды құптай қоймас деп ойлаймын
Жұрт қазір ауылда тұрса да, қалаға кеп той жасайтын болды.
Қалада, ресторанда өтетін той жақсы, жақсы бола бермек!  

Жазда апайымның қызы тұрмысқа шықпақ. Жездем жүр гүлденіп: «Бірінші қызым, бірінші қызығым, бірінші тойым, ауылда өткіземіз» деп. Қаратөбеге барудың қияметін ойлап біз жүрміз... (дастархан жаю, әзірлеу, жинау туралы үндемейінші)

*Қай жақта қалай екенін қайдам, бізде ұзату тойдың өзіне кемі 10-15 мың $ кетеді
Zhan
Жұрт қазір ауылда тұрса да, қалаға кеп той жасайтын болды.
Рас, қазір ауылда тоесть біз жақта ешкім ауылда той жасамайтын болды. Той өз шығынын жабады деп тәуекел етеді.
satibaldi
Жігіттің теріс қарай жазу қабілеті таңдай қақтырды.
saken
айнаға жазып жатса керек…
Zhan
Планшетші болса керек))))))
User
Кем дегенде 2 млн тг керек 600 мыңын қайтып аласың.
a63a1
сен 300 адамға 7000 мыңнан есептеп отсыңба?
boztorgai
сиви келін мен баланың үйлену қуанышын дубайда тойлайтын болдым деген ағама алғашында таңырқай қарағаным рас
өзім баламның тойына үйдің жанындағы жігер тойханасын қанағат қылдым
aza
Рас айтады! Екі миллион теңге тек үйленуге ғана, құдалықты бірге жасаймын десең молырақ шашылуға тура келеді ғой. Бұл енді қарапайым, бюджеттік мекемеде қызметкер қазақ жігітінің тойына керек қаржы. Әлеуметтік топтардың әлеуетіне қарай кетер ақша да әр қилы болар. Министрдің баласы менің той жасайтын ақшама бәтеңке де сатып ала салу ықтимал)))
KILYZAMAN
Қазақы болмысымыздан айнымасақ, той өзін өзі жабады…
Serzha
Той салығын енгізу керек
Abilakim
шашылған той жасағаннан шағын құдалық жасаған пайдалырақ болар еді қарапайым қазақтарға. Біра, туған-туыстан, елдің сөзінен қорқып шашыла береміз
aza
Ақтауда бір жаңа дәстүр пайда болған, соңғы жылдары. Құдаласқан екі жақ бір ресторанда араласады. Барлық шығын тең бөлінеді. Әрі уақыт ұтады. Жақсы дәстүр менімше, ысырап қылып екі жақта да той қылғаннан…
a63a1
 Ей байдың баласы, оқып отсаң күлме нақ Тәубә де
aza
Оқымайды ғой, оқыса да күлмей кете алмайды)))
VKM
Қымбааат екенін білемін.Бірақ… тойсыз қызық емес)
Abilakim
бұл жерде қазақтың қазақпен тойы, мына ұлтпен болған тойы, мына облыстың мына облыспен болған тойы деген сұрақтарға жауап бере отырсақ.Мысалы, орыснамай жақтармен құда бола қалсаңыз шығыныңыз аз дегендей.Біздің Қарағанды өңірінің аудандарының шығындары әр түрлі.Шығынды көп шығаратын және талап ететін Жаңаарқа ауданы
Adiletshu
Біз жақта той өзін-өзі жауып кетеді. Пайда табатындары да бар. Үйленген соң той жасау керек қой. Әйтпесе сөзге қаласың