Солтүстік жастарының блог платформасы ашылды



Жақында FaraOn1 баурымыздың сұрауымен Солтүстік Қазақстан аймағындағы жастардың блог платформасын ашып берген едім. КерекИнфода жинаған тәжірибесі бар, әрі қарай өзі алып кетті. Атын да өзі қойды, Теріскей деп.

www.teriskey.kz

Былтыр Мінбер ұйымдастырған семинарда осы солтүстіктік жігіттер Фархат пен Ербақытқа блогерліктің біраз қыр-сырын, интернеттің журналистерге пайдалы жерлерін үйреткен едік. Енді жігіттер өздері семинар өткізіп жүр. Сайттарында да видео-сабақтар беріп жатыр.

Теріскейліктерге сәттілік тілейміз!
Бөлісу:

38 пікір

TERISKEY
рахмет, жігіттер, Алладан қайтсын, сәттілік тілеймін!
VKM
Авторлық құқықтары бар ма екен?
TERISKEY
алдымнан өтті, рұқсатын сұрап
FaraOn1
негізі қағылездік танытып бірінші болып тіркеліп қойғаның болмаса мен де осы атты юзерді алғым келген. содан амалджоқтан Перғауын болдық.
FaraOn1
Нақмет Теріскен, тоесть Теріскей)))
patick
Теріскей деген юзеріміз мәз болып отырған шығар
Argyn
Қазақ блогерлері көбейе берсін...  Біз де Оңтүстік Қазақстан облысы блогерлерінің платформасын ашамыз-ау деймін а? Теріскей....
VKM
Бөлінбесеңдерші, бәріміз қазақтармыз ғой.
Argyn
Бөлінгені несі…
asaubota
осындай жүйе негізі сондай аймақтық немесе бір жеке қызығушылық туралы тақырыптық сайттар ашу үшін керемет жүйе. көбейіңдер!
Argyn
ендеше жақын арада сұраныс-ұсыныс түсуі мүмкін Араке…
asaubota
ок.

туған аулымның сайтын да осындай форматқа өзгерткім келіп отыр. оның қасында сендер білдей бір аймаққа осындай сайт ашатын болсаңдар мықты сайт болады.

менің ойым осындай блог жүйесін кеңінен насихаттау, қазақша контентті көбейту, қазақтілді қолданушы санын көбейту.

бір жағынан тәтті бәсекелестік те болады.
Argyn
ия, керемет жоба… облыстық блогкәмп 3 айда бір облыс көлемінде өткізіліп, жылына бір рет Республикалық блогкамп өткізілсе керемет болар ә… )
kokbori
Егер көмек берсең ашамыз ғой
a63a1
мен 22 болып тіркеліп алғам баяяғыда))))
sammita
охо, тұп-тура Керекинфо ғо, тек Аршат пен Сатыбалды жоқ демесең

Сайтқа сәттілік!
FaraOn1
рахмет!!! Аршат та Сатывалды да қос мекенді емес. Сондықтан олар құрлықта қалады)))
asaubota
енді барлығы бір программамен жасалған ғой.
FaraOn1
Бүгін неғып қонақтар көбейіп кетті десем жарнамалып жіберіпті ғооо)))
satibaldi
Жүзге бөлінгенді көз көрді. Руға бөлінгенді көз көрді. Ал енді полюске бөліну… Бұларыңыз енді…
Argyn
басқаша ойлауға тырыссаң жап жақсы баласың…
Kipshakkyzy
Мен Теріскей ашып алған екен десем. Құтты болсын!
TERISKEY
Рахмет, Жәкем, ашпасам да, ашқандай бовотрм
manshukn
Сайт құтты болсын! Ішінен жазбамды көзім шалып қалды
kazprose
Құтты болсын! Меніңше осындай сайттардың көбейгені дұрыс, бәсекелестік болса мықтылары қалады да, әлсіздері ығысып өзі-ақ кетеді.
ken
КерекИнфодан тек атауымен ғана ерекшеленеді.
konvict
КерекИнфо тек атауымен ғана емес, ішіндегі контент, қолданушыларымен ерекше
araika
Ал, құтты болсын! Солтүстікке өтіп кеткен ем, жақсы болды алшаңдап жүретін
Zhan
Құтты болсын, былтыр «Мінбердің» семинарында ауылдың ақсақалдары сияқты "Ә, мына баладан бірдеңе шығады" деп ішімнен топшылап едім, диагнозым наққа кетпепті. Сайтың құтты болсын! Бірақ, кеше ары-бері шұқылап еш тіркеле алмадым. Логин дұрыс емес деп тұрып алды.((
Aldeken
ол жақта Zhan деген никпен басқа адам тіркеліп қойған шығар, бәлкім… )))))))
Zhan
Көрдім ол никті. Сосын "Қазжурдағы" блогымның атымен аттас болсын деп Жаһангер болып тіркелмек болғам. Сонда да тіркеле алмадым.
FaraOn1
тағы да көріңіз. болмаса Adminga айтамыз)))
FaraOn1
Aldeken дұрыс айтты, Zhan юзер тіркеліп қойған екен
salta
Жансая, мен сені бүгін түсімде көрдім. как всегда шашыңа қызығып жатыр екенмін…