КВН-шілердің құлқы қандай? (Алдекең жазбасындағы пікірден кейін)
Жаңа Алдекеңнің жазбасын, соңындағы пікірлерді оқи отырып, ойға қалдым. Мынау төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған орекеңдерден импортталған ойынды қазіргі таңда жастардың қызыға тамашалайтыны белгілі (әрине, кейбірі ұнатпас, бәлкім). Алайда, не күнкөрістің қамымен тоңып секірген, не қарынның тоқтығынан тойып секірген жасөспірімдерді мәдениетке қарай, өнерге қарай икемдейтін қасиеті КВН-ге деген құрметті арттырып тұр. Мектепте көрінгенмен төбелесіп, болмаса темекі шегіп, арақ ішуді жөн санаған жандардан, ел аралап, халыққа күлкі сыйлаған жастардың бағасы қашанда биік екені даусыз. Ендеше, бұл да бір өнердің түрі деп түйіп қойыңыз.
Десек те… Десек те осынау ойынның жасөспірімнің мінез құлқына келтіретін залалы да жоқ емес.
Менің аздаған сыншылдығыма Алдекең, Марколар (т.б. квнсүйер қауым) ренжімесін. Алайда КВН-мен айналыса бастаған жастар ұнамсыз қылықтарға бой ұратын секілді. Мысалы, Жұлдыз ауруы. Әрине, мектептегі қарапайым қай баланың тілбезерден тіл безеп сөйлегені қанаттандырмай қоймас деймісіз?! Алайда, от боп тұратын кезінде сол қасиет айналдырған жас квншік айналасындағыларды менсінбей, кейін достарымен арада түсініспеушілікке соқтыруы ғажап емес. Содан соң күлдіргіштік. Ия, күлдіргіштіктің зияны көп. Өзгені күлдіргеніне мәз болып, күлдіре алмаса бет аузын қисаңдатып, соған күлгенге малданған кiбiнiшi сайқымазаққа айналады. Ең аяғы күлдірем деп күлкіге қалады. КВН-нің тағы бір жамайтын қасиеті — білімсіздік. КВНшілердің көбі білімсіз екенін байқатып алады. Республиканы, облысты, немесе аудан орталығын қаламен шатыстырып, масқара болғанын көзімен көрдім, т.с.с.
Осылайша, КВН-нің жақсы жағы мен жаман жағын жөпелдемеде ойға түскенімен саралап шықтым. Бұл ойынға байланысты ойым осындай болды. Ал реті келсе, күлкі туралы, әзіл сықақ отаулары туралы кеңірек толғағым келеді. Оны бұйырған уақытта көрерміз.

түйегеквнщикке жүк болайын деп тұрған сияқтыЖансаяның құрбысы, Алданның үйінегі жеңгеміз, Алдан, Марко.
Данияр мен жұбайы, Саясат (Көкбөрі)
Көкбөрінің беташары блогқұрылтайда болатын болды…
Әйелім мен Жансая екі жағымда қалып кетіпті.
Саясат дееееЖаңаөзендік жігіттер.
Осы жігіттің бір сөз айтпай бұрышта тұрғанының өзі әсерлі болды.
Ең кіші қатысушылар. (тіл көзден сақтасын)
Жүргізушілер.
мен КВН қараған кезден бері көп жыл өтті. сол кезден бері команда саны қатты көбейген. сан көбейген сайын сапа да жақсарып келеді. мысалы кеше өткен Маусымашарға тек іріктелген командалар қатысты. әрине сәтсіз әзілдері де болды, бірақ басым көпшілігі сәтті шықты. болашақта әлі де жақсарады деп сенемін.
болашақта мына баладан мықты актер шығатын сияқты. кинодан көрсек таң қалмаймын.