Emmy жүлдесін алған жалғыз қазақ
Emmy — Америкадағы ТВ саласындағы беделді жүлде. Жыл сайын әр түрлі номинация бойынша ТВ саласындағы үздік режиссер, продюсер, оператор т.б беріледі.
Осы жүлдені 2003 жылы «Бір түрік жеңіп алды» деп түрік баспасөзі шулаған екен. Шулағанда қалай, олар да кеш естіген екен. Түрік болғанда әрине туған жері Түркия, өзі Түркия азаматы. Бірақ, оның негізі қазақ екенін көпшілік білмейді екен. Маған мұны жақында batyr досым айтты.
Сіздермен де бөлісе кетейін дедім. Мұндай үлкен жүлдені алу әрине біздер үшін де үлкен мақтаныш болуы керек.
Сонымен бұл қаһарманның аты — Хасан Шерефли (Hasan Şerefli). 2003 жылы Эммидің «Зерттеу және деректі фильмдер» номинациясында өзінің 8 адамдық тобымен бірге бас жүлдені жеңіп алған. Discovery channel атынан түскен бұл фильм «Темір тор артындағы балалар» деп аталады. 95 минуттық бұл деректі фильм Америка, Англия, Моңғолия, Грузия, Үндістан, Филиппин және Түркияда түсірілген. Фильмде әр түрлі елдердегі балалар колониясындағы балалардың өмірлері суреттелген.
Жүлдені алуға Хасан бармапты. ТВ саласының Оскары болып саналатын бұл жиынға смокинг кию және 450 доллар төлеу шарт екен. Хасан одан да бұл ақшаны колонияға аударайын деп бармай қалыпты, жүлде алғандарын да кейін естіпті.
Қазір Хасан Америкада футбол төрешісі және университетте жоғары білімін арттыруда. Сондай-ақ сауда саласында консультанттық қызмет те істейді.
Сілтемелер:
Хасанмен түрік тілінде интервью және мақалалар
Миллийет газетіндегі хабар
Википедияда
NtvMSNBC

Фильмді табу керек.
қазақ журиктерге барынша көмек бердім ал. әрі қарай өздері алып кетсін
профилі www.facebook.com/profile.php?id=617547747
Конвикт Абай, тездет. абайшыл ұрпақ порталы да осы ақпарат бойынша запростар істеп жатыр деген тың ақпарат келді маған жаңа ғана
міне мысал: тіркелген 12, қонақ 142))
Хасан беймен сөйлестім жаңа. Сұхбаттың қаншалықты болғанын айта алмаймын. Жазып біткесін осында салармын. Анау менің суретімнің үстінде тұрған Эмми жүлдесі
рас ғо ага, прям аумайд жерлестен*