20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Төртінші бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші және үшінші постта.

Қылмыскер әйелдер туралы постымды жалғастырайын.


Мафияға жұмыс істеген жезөкшелер. Мейрамханаларда бай клиенттермен танысып, олармен кездесіп жүреді. Уақыты келгенде махаббат ойындары қызыл қырғынға ұласып, құрбандардың пәтерлері түк қалдырмай тоналады.


Ал мына қыздардың жастары небары 18-19 толған. Притон қызметшілері. Көбіне ұрлықпен айналысқан.


Қорлыққа төзе алмаған әйел. Күйеуі көзіне шөп салып жүргенін білгеннен кейін, жарын аса қатігездікпен жазалаған. Күйеуін есінен танғанша мас етіп, ваннаға ыстық суды толтырып қойып, оны тірілей «пісіреді». Күйеуі өзінің осылай жазалану себебін анық түсінбестен о дүниелік болып кетті. Әйелдің өзі полицияға келіп, бәрін өзі айтып берген.


Вера — ұры, алаяқ. Пәтер тұрғындарына келіп, жаңадан көшіп келген көршісі болып танысып сенімдеріне кіреді. Содан кейін үйлерін аса ұқыптылықпен тонап отырған. Мафиямен бірге зергерлік дүкендерді тонауларға қатысқан. Көбінесе қарулы ұрлық кезінде "өзгелерді алаңдата тұру" міндетін мойнына алады.
Бөлісу:

16 пікір

patick
Келесі потта мафияға қайтып ораламыз
qisyq
Әңгіме жоқ. Күшті серия. "Өкіл әкенің" кітабын оқыдым, көп дүние туралы біліп қаласың.
Бірақ, менде осындай суреттер мафиядан гөрі хоррор-фильмдермен ассоциацияланады))
sammita
"Өкіл әкенің" кітабын оқыдым
мен де. «оқымаңдар, 3 жылға кетесіңдер» десе де
qisyq
Шатыстырып отырсың-ау, ғашығым))))))
patick
девушка рамсы попутала
sammita
аха, өкіл қайын ата

мына кітаптың эл. нүсқасы бар ма?
patick
тапқан екенсің оңай ұстап беретін адамыңды, қилызаманссс
sammita
кетШ, "Өкіл әке«ні айтам
Abilakim
"Өкіл қайыната"
sammita
Вера — ұры, алаяқ
Соңында Америкада дені дұрыс әйел қала ма соны айтшы
patick
Заманың солай болса қайтесің. Мен Америкадағы 20-ғасырдың басын Қазақстандағы қазіргі заманмен теңестіремін. Өте ұқсас: жұмыссыздық, білімсіздік, өршіген қылмыс, ұйымдасқан топтардың билікке енуі, биліктің қылмыстық топтарды ұстауға әлі келмеуі, т.б.
sammita
қандай жаза арқалағанын да жазсаң. Киімдері жынды екен))))
patick
Қандай жаза болсын, Америка заңында бұндайларға жаза біреу: Өмір бойы түрмеге отырады
Gulistan
Ол кезде электр орындыққа отыру, тамырдан егу сияқты жазалар әлі қолданысқа енбеген бе еді?
patick
Оқу керек екен ол жағын
Baisaldy
Қазіргі жезөкшелер әдемірек