Мамандығым - ...

«Мамамның мамандығы да папамның мамасындай, тфьуй — мамандығындай» © Дәрігерлер отбасынан шыққан бозбаланың сұқбатынан.

Пафосты сипатсыз дәл қазіргі қызмет[тер]іңізді жәй жаза салыңдар. Мысалы — «Мұғалім, арасында вагон түсірем». Маркетологқа оқып едім, қазір диетологпын деген жылап-сықтаулардың керегі жоқ. Мына сайттың қожайыны бірдеңе жасау үшін статистика керек деватыр, коккер-спаниелім түсініп пе. Анау сауалнама да жарамайд, типінақ тірі жазба түрінде керек көрінед.
Кеттік.
Бөлісу:

117 пікір

satibaldi
1000 В-қа дейінгі жабдықтар электригімін. Мед. қондырғылар орнатам. Арасында мотор орайм.
sammita
өзің тым құрыса шыныңды жазбадың ба, мынаумед?
satibaldi
ОллAhi -буддаһи шыным осы. Осы сендер адамның түрлену мүмкіндігін неге жоққа шығарасыңдар, а?
saken
кәллегі.
Мед.қондырғылар орнатпасам да, кезінде мотор/двигательдың орамдарын орап көргенмін.
satibaldi
Уа, қаріптес! Қалай жағдай!
Қазір бірақ қалды ғой мотор орау: 0.8 мм мыс катушкаға пақанының құнын сұрайд.
Тағы қандай шабашкілер бар, амиго?
saken
қазір менде ондай дбижениелерге уақыт жоқ қой.
А так қасымдағы інішектер бос уақыттарында қаладағы бай-манаптардың коттедждеріне барып монтаждау жұмыстарын істеп, сол арқылы тиын жасап жүреді.
Кейде кішігірім дүкендердің өрттен қорғау құрылғыларын жасап дегендей.
Nurgisa
Қызық сауалнама екен! Қолдайық!!!
Aizhantabyn
заңгермін, арасында аудармашы, арасында тырнақ пен шаш әрлеуші боп кетем.)
sammita
шаш әрлеуші емес сәндеуші))
satibaldi
Иә, сені «корректор» деп жазып қояйын…
Aizhantabyn
аха))) Сәндеуші)))
satibaldi
Бастарына бүркіт ұя салғандай боп дудырап, әрең жүріп келе жататын жылтыраған қыздар сенің шығармаң ба сонда?
Aizhantabyn
мен табиғилылықты қолдаймын))) сол себеп, ұялар мен башнялар менің жұмысым емес)))
asaubota
мен де түсінбедім. кім сұраватыр?
sammita
сайттың иелік құжаттары өзіңде ме? Сатыбалды
asaubota


тап осылай емес еді. бірақ, бұл да жарайды.
19852407
 афераның иісі аңқи ма?
asaubota
газет сайтының админімін, оған қоса сканерлеушімін, распознаваюшымын, гуглденсуреттауыпберушімін, гуглден материалтауыпберушімін, хатжазыпберушімін, т.б неше түрлі жұмыстарым бар. қайсыбірін айтайын Құдай-ау!
satibaldi
«Организации требуются пожалуйстеры, вашфиоеры, выходздесьеры, подписьтутеры»
aza
ҚӘ мұғалімімін негізгі мамандығы бойынша, тележурналист, мәдени жұмыстарды ұйымдастыру бөлімі бастығы, концерт жүргізуші, дәстүрлі әнші, ақын, сценарист, прозаик… Анардың жігіті)))
satibaldi
ақын, сценарист, прозаик
Бұл атақты меніңше, ұмытпасам — халық бере ме деймін…
aza
иә, қатырып кеттің. нақ )))
satibaldi
Анардың жігіті
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
aza
Болды))) Анар Қайратқызы! 1991 жылдың тумасы, иманды қыз!
ferdaus
кай телеарнада істейсіз
aza
Еуразия-ОРТ, қазақша ақпараттар бөлімінде
Marco
кети нақ! іргемде отырып сәлем бермейтін бұғайсың а???
aza
201 ге келіңіз)))
19852407
оһһһ! Вощым санағым бойынша 9 қырлы, көп сырлы жігіт екенсің
aza
Ішімде ғана қыр деген, сыртымда қыр жоқ)))
Aldeken
Мемлекеттік қызметшімін… қызмет бабымен жүк түсірушіден жиналыс төрағасына дейінгі аралықтағы барлық жұмыстарды атқара берем… мамандығым — 1) Тарихшы, 2) Заңгер.
Albasty
Жастар клубының төрағасымын. Боском президенттігінен босағаныма 2 жыл болды. Сценарист, қоюшы режиссер, кей күндері обл. әкімнің орынбасарының сөзін жазып беруші боп кетем (бірақ мәжбүрлік) Журналист, блог әлемін жаңадан игеруші, т.б. Ең маңызды сүйікті мамандығым кітап тоқушы. Ал атақтан тілі тікен — Албасты деген атағым бар, болды
a63a1
МемлекеттіҢ қызметшісімін, кез келген жұмыс жасай берем — ет үйреніп алған, кейде таксисит болып нәпәқа табам.
негізгі мамандығым ИНЖЕНЕР ҚҰРЫЛЫсшы, қосымша СӘУЛетші, үшінші заңгер.
ushkin
Студентпін, интернет порталда қызмет істеймін.
Daniar-Alan
«Не істейміз» фирмасының директорымын… десең даааа
Daniar-Alan
мамандық — тарихшы, жұмыс — журналда дизайнер-беттеуші. бұрыыыыыыын официант болып истегем
TERISKEY
мамандық — филологпын, қазіргі қызметім — саудагер.
19852407
Нені, кімді саудалайсыз?
TERISKEY
үй жиһаздары мен аксесуарларын
19852407
үй жиһаздары мен аксесуарларын

тааак
Nurgisa
Аксесуар болғанда… Ну, очм, андай… Сіз ойлағандай емес
monti
күдік, күдік жегедей жеген күдік ©
Abilakim
Мамандық бойынша журиктердің санын көбейтушімін. Қазір мәдениет саласында жұмыс атқарып жүрмін.Ақшасы жақсы болса қосымша табыс ретінде қар күреу мен көмір түсіруге де бара беремін.
sammita
5 мыңға бір пакет мусор шығардым деген сен бе ең
Abilakim
Мен, мен едім мен едім
Мен мусор шығарып жүргенде
Бес мың алған ер едім)))
19852407
Қолы қимылдағанның аузы қимылдар
salta
продюсермін, бірақ администратор, режиссер, ассистент режиссера, монтажер, звукорежиссер, делопроизводительмін, үйде кір машина, флорист, аспазшы, бала күтуші, мұғалім тағысын тағы тағы тағы…
VKM
Мамандығым менеджер, спорттық биден тренер болғанмын, жарнама агенттігінде менеджер болғанмын, Твда «Таңертеңгілік дене шынықтыруды» жүргізгенмін.
арманым-журналист болу
Adiletshu
Туризм менеджері мамандығын бітіргем. Колледжде мұғаліммін. Кешке тойларды видеоға, суретке түсірем
asaubota
мен де  мамандығым бойынша туризм және қонақүйі менеджерімін (1997-2004, Анадолу Университеті, Эскишехир/Түркия)
Adiletshu
Мен ҚазҰУ-ді, Ішкі туризм
19852407
Негізгі ас ішетін қазандығым — журналистика. Тілші, жаухатшы, замред болып бұл қазанда бірталай қайнадық. Қазір «тұрмысты сана, сананы қалта билеп» PR-дан сып-сыпециалист болвалдық (уақытша, бәрібір "өз ауылыма" қайтам).
Қосымша компаниядағы түрлі шараларды ұйымдастырушы(), имиджмейкер(), фотограф&видеограф (), той&мерекелік шаралардың ұйымдастырушысы(), сценарист(), аудармашы, жергілікті&жергіліксіз газет-журналда тілші(), племяшкаларды тәрбиелеушіоқытушыкиіндірушімін, тағы да спекулянткамын (). Қысқаша осылай.
TERISKEY
фотограф
бәсе деймін-ау
MINbala
Мамандығым-қаржыгер… Студент кезімде қарауыл болғам, бақандай 16 ай… арасында сауда жасағам атақты барахолкада....3 айға жуық. Одан кейін даяшы… жатақханада студенттер кеңесінің төрағасы...2 жыл… факультетте студ.кеңесін басқардым...2 жыл… профсоюздің мүшесі… Ой студент кезімді сағынып кеттім… Фриланссер болдым… журналист болып көрдім 1 ай… Қазір сату менеджерімін… аа айтпақшы банкте менеджер болған екенмін ғой бақандай 9 ай… крезиске дейін… Осылай айта берсең созылып кете береді… Арасында 10 айдай түрктің тілін меңгердім… тәжірибе жоқ болған соң біраз ұмытыңқырап қалдым… Әлі де жоспарларым көп.....іске аспаған, соны жүзеге асыру…
sammita
микрофон берсең осы қаззақтарға
VKM
Саммита, сен жазшы.
19852407
Насылсыңыз, Мыңбала бей!
Zhan
Мына жерде біразы біраз жерге дейін мақтаныпты. Атасына***т мен қалысам ба… Мамандығым журналист. Журналист деген сөздің қосымша «журик», «журье» деген атауы барын осы «Керекке» келіп білдік, көзің ашылғыр… Сосын қосымша заңгермін. Лібә, «бір жерді» сүртуге жарамай, "қашан сүртем" деп армандап, шаң басып, жатқан дипломыма 4 жылдан асып барады екен қарап тұрсам. Сосын қара жаяу тілшіліктен бастадық. Содан жауапты хатшы (әріптестерім мені сол кезде жауапсыз хатшы деп тиісетін), кезекші редактор болдық. Одан бұл қалада типі вершинаны бағындырдық, енді Астана қайдасың деп тартып бердік. Содан, 2012 жыл болды. Тілшімін, жан-жағыма қарап қалсам әлі тілші екенмін. Ағылшын тілінде суша сайрап кетем деп ойладым ба әйтеуір бір кездері 4 ай оқып, оны да аяқсыз тастап кеттім. Оқытатын апай да ұнамады, өзімді босқа алдап жүргенімді түсініп, қойшы деп қолды бір сілтедім. Содан не керек қатты жүргізуші боп кетем деп армандадым ба, әйтеуір 2,5 ай көлік жүргізудің курсын оқып алдым. Оқығанымды қайтейін, правам жатыр шіріііп. Өткенде бір әріптес Баха деген досым (Алдан біледі кім екенін ) аздап қызулау, машинаны сен жүргіз дейді. «Ойбай, көлігіңнің тұмсығын соғып, үйіңе мүйіз тұрмақ сақалсыз қайтып жүрерсің» деп жоламадым. Осы мендегі типі мамандықтар и то деуге келсе… хе-хе.
sammita
«Сәлем-сөздің анасы», алдымен амандасып алайын «сәтсіз бе, қаяқта жүрС?»
үйіңе мүйіз тұрмақ сақалсыз
мүйізі нес?
Zhan
Сәлем! Туу, сенде коммент сұрап. Әріптесім қызулау да. Гайшниктерге ұсталып қалам ба деп қорқып тұр да. Сосын машинаны сен жүргіз дейді. Мен оған айттым: "Қой айналайын, «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыптының» кері кеп жүрмесін, өзің жүргіз" деп айттым.
sammita
Zhan
Жаңа ана адам қаққыштар туралы постыдағы жарысқа қатыссам қалай болар екен деп көп ойландым. Бірақ, адам емес басқа зат па, сондай нәрселерді қағып көріп эксперимент жасағым келді да. Ой бл… оффтоп боп кетті.
sammita
адам емес басқа зат па, сондай нәрселерді
әбіләкім қалай
Abilakim
мен қарсы емеспін))
Zhan
Обал ғой, бала-шағасын асырасын. Тірі жүріп, жүз жасап, көзі көрмей шөбересінің қолынан жетектеп жүрсін деген тілеулеси әрі қарғыси ма, сондай тойда айтылған тілек. Әрең жаттап алдым шы.
sammita
мына минус басыңа келсін
Abilakim
келіншегі бар жігіт шығар
asaubota
Алдан біледі кім екенін

осы Алданның білмейтіні жоқ қыз-қырқын жағынан ))
Aldeken
сенің әлеміңе жету қайдаааааааа, бізге…
Bekzhan
Көптен көрінбей кетіп едіңіз, сағындырып барып келуді ойлаған екенсіз ғой
Түрік тілін үйренуге қалайсыз, ағылшын тілінен гөрі түрік тілі жақындау сияқты біздің тілімізге.
Zhan
Ух ты, менде сізді сағынып кеттім))) Түрік тілін үйретем десеңіз еш қарсылығым жоқ. Аз-маз түрікшем бар енді нан, шай сұрап жей алатын. Ал былай түрік әдебиеті мен баспасөзін өз тілінде оқығанға не жетсін! сонымен қашан үйретесіз тілді?
Bekzhan
Менен мықты аспаз шықпайтыны сияқты ұлағатты ұстаз шығады деуде қиын. Бірақ практика болсын десеңіз кездесіп тұруға жәнеде түрікшеңізді дамытуға үлесімді тигізуді ойланып көруге болады. Дегенменде нан, шайсұрап жей алатын түрікшеңіз болса, менен пайда аз болама деп қорқам.
sammita
Салтаның 32-ші қағидасы))))
Bekzhan
Өзіңізге тым көп алмайақ қойыңыз енді  маған Жансаяның қандай көзбен қарайтынын ол өзі ғана білетін шығар
sammita
ойбу шетінен нервный
sammita
32. Өзіңе тым салмақты көзбен қарама. Олай саған ешкім қарамайды.
ақталатын хәм ренжитін дым жоқ.
менен пайда аз болама деп қорқам
дегеніңе жаздым.
а былайынша маған бәрібір
Zhan
Практика болсын, түрікше үйретіңізші.
Guka
Мамандығым — эколог. Қосымша мамандығым — фотограф, тойларға шығып кететінім бар кейде. Қолөнер шебері, яғни моншақтармен, аспазшы, тырнақ пен шаш та сәндеуші болып кетеміз анда-санда…
omarbirat
Мамандығым — төңкермеші. Кәсібім де — төңкермеші. Жұмыс кезінде төңкерме жасаймын. Айлықтан бөлек тиын-тебен табу үшін де жұмыстан кейін үйде төңкерме жасаймын. Басқа тиын таппайтын нәрселерді де жасап тұрамын енді, былай.
VKM
төңкермеші??? Не деген мамандықтар бар КЗда
Zhan
Төңкерме деген не?
omarbirat
Ол өзі сондай, екі тіл білетіндер үшін тиын жасап тұруға ыңғайлы кәсіп. Қазір кеңінен тараған
Zhan
Лібә, бекер ағылшыншаны тастап кетіппін ғой. Уым қайда, Саммита, әкел. менде төңкерейін.
Nurgisa
Тілді үйрену қай кезде де кеш емес қой, Жансая. Оның үстіне, түпнегізіңде гуманитарлық икем болса… Ақыры, табандылығың бар екен. Алдыңғы «опытта» үйретушіңнің әдісі ақсаңдаған шығар ма деймін. Қажет деп тапсаң, Астана нарығындағы тәуір трейнинг-орталықтары туралы сұрастырып көрейін.
Zhan
Универде жүргенде де ағылшын пәнінен мінезі қытымыр апайға түсіп едім, бұл жолы да бір үйрене қалайыншы деп барғанымда одан өткен бір қытымырға жолығып. Бірақ, ол апайларды қоя берші, менде икем деген атымен жоқ екен. Ағылшыннан гөрі араб тілін тез үйренетін сияқтымын.
Nurgisa
Негізі апайдың педагогикалық әдіскерлігі көп рол ойнайды мұндайда. Әлімсақтан белгілі нәрселер ғой: білу бір де, үйрету — екі. Жас келе тіл үйрену қиындай түседі дегенмен келісе бермеймін. Сол тілді сөйлейтін орта керек деп те сылтаурату негізсіз: оқимын десең газет, қараймын десең ағылшынтілді арна аз емес. Әлем бойынша үйрену үшін бар жағдай жасалған тіл осы ағылшын тілі ғана шығар. Қайда қарама, барлық жерге англицизм ұрланған.
sammita
әмпей-жәмпейлігін қарай гөр
Nurgisa
Қалеке, әлі-ақ бәрі оңалып кетеді. Соған сенейік
Zhan
Сөзіңе қарағанда ағылшынша үйренуіме болатын сияқты. Негізі шынымен әлгі апай ұнамады. Сосын мен оқыған курста өз араларында тіл үйрететін ұстаздарды ауыстырып тұратын әдістері бар екен. Сол кезде басқа группаны оқытатын Татьяна Николаевна деген апай бізге келді, бізді оқытатын әлгі стерва оның группасының тіл білу деңгейін тексеруге кетті. Сол кезде әлгі орыс апайдың оқыту тәсіліне риза болдым. Туу, осы апайдың тобына түскенімде ғой, осыған ауысып алсам ба екен деп жүрген кезде кетіп қалдым.
sammita
соңғы кзедері біртүрлі боп жүрсің сен
төңкеру-қирату, бүлдіру, тас талқан қылу, аудару)
Ministry
Министрдің көмекшісі, болашақ министрмін
salta
жыртыл қазақ, жыртыл…
sammita
арманыңды емес мамандығыңды сұрап отыр.
Gastarbaiter
Мұнай саласында техникалық тілмаш. 65 пайыз өндірістік үшқабатты боғауыздан тұратын қиалогтарын қазақшадан ағылшыншаға, және кері қарай тоңқайтып, еңкейтіп ояу да ұйқылы да аудара берем.
sigma
мен де кейде СМК дәкүметтерін әрі-бері аударам, түсінбесем де.
KILYZAMAN
 Сапа жайындағы мәселені мас қылып саналы түрде қазынаны қанау деп түсіндім СМК-ны…
Esdaulet
Қайыпомар Рәдішев. қайда екен? қалған әкттерін күтіп жүрмін
AL-ASTER
Арман көп, дәрмен жоқ
madlen
Мамандығым — ағылшын тілі мұғалімі. Event manager болып жасаймын.
Erlan
алған мамандығым экономист, азірзе разнарабочимін
Gastarbaiter
Мен де ағылшын тілі мұғалімімін, екінші тілім корей, маркетинг пен логистика менеджментінен үш жылдық жұмыс өтілім бар. Былайшай айтқанда корпоративті сауда мен снабжение мен складта істегем.
бірақ ана ішкішке «маркетолог оқыдым, диетолог боп жүрм» дегендер қажет емес деген соң…
Gulistan
Инженер-электронщик мамандығы бойынша алған дипломым бар, 100 пайыз болмаса да, алған білімімнің 60-80 пайызын осыған дейінгі және қазіргі жұмысымда пайдаға асып жатыр, одан қалса іс-қағаздарын жүргізуші, әлдекімдердің сұрауы бойынша құттықтаулар жазып беру, аударып беру, әрлеу, кеш ұйымдастыру, тамақ пісіру, гүл өсіру, қасымдағы жандарды қамқорлау деееп кете береді…
bazuka
компьютердің алдында отырушы
boztorgai
эконом классификатордың(окэд) 71-ші тармағы бойынша жеке кәсіпкермін
meirzhan
Оқыған мамандығым — тарихшы. Бірақ басқа да салаларға қызығам.
Marco
мамандығым журналист. қызметім журналист, КВН филиалының директоры.
edige
Физик, математик — оқыған мамандығым…
қазіргі жұмысым — Табыс жинау бөлімінің жетекші инженері… «Метрополитен» МКМ