Мини Блог Құрылтай-2: Есеп

БлогҚұрылтай жақындаған сайын, кездесулеріміз жиіліне түседі. Бүгін де 13 адам болып жиналған екенбіз. (Біз үшін қасиетті сан болып кетті ғой дейм, иә? Алдында да отырғанда 13 адам едік.) Арамызға Қуаныш та қосылды. (Келгеніне ол да, біз де өте қуаныштымыз)
.


Сонымен не істедік?
Алдында берілген тапсырмалардың қаншалықты орындалғанын бір қарап шықтық. Алдағы аптаға арналған тапсырмалардың тізімін жасап, оларға жауапты еріктілерді сайлап қойдық. (Bekzhan`ға тапсырма бермеппіз)

Жақын уақытта БлогҚұрылтайға тіркелу формасын жариялаймыз.
БлогҚұрылтай форматын, презентацияларға қойылатын талаптар, оларды жіберудің соңғы
күні қандай екенін де сол жерде айтамыз.

БлогҚұрылтайға жаңалық ретінде презентациалардың баяндамалырын кітапша ретінде шығарамыз. Оның бірнеше пайдасы бар: Кейбір презентацияларды көре алмағандар, кітапшадан оқып, біле алатын болады; Келер жылы БлогҚұрылтай ұйымдастырғанда демеушілермен жұмыс, өткізетін орын жайлы мәселелерді шешкен кезде осы кітапшаны өткен Құрылтайдың нәтижесі ретінде ұсынуға болады.

Тағы бір қосатын жаңалық: Барлық презентацияларды видеоға түсіріп, интернетке салу. Ол үшін әр аудиторияға камерасы бар жақсы фотоаппарат, ноутбугы, екі флеш-картасы бар еріктілерді сайлап қою керек. Оған әлі кейін тоқталамыз.

Қуаныштың айтқан ойы ұнады. Яғни, үздік презентацияларды анықтау үшін барлық қатысушыларды бір аудиторияға жинап, негізгі ойын жеткізу үшін әрқайсына 30 секунд беріледі. Сол кезде аудиториядағы барлық адамдарда әр презентация туралы жалпы түсінік пайда болады. Әрі ойларын іске асыру үшін қолдаушы, демеушілер табылады.

Айтпақшы, өз арамыздан демеушілер қорын да ұйымдастыру деген ұсыныс болды. Ол туралы да кейінірек.

Жобамен БлогҚұрылтай өткізетін күндер осылай болады деп отырмыз:

22 наурыз: кешке бейресми ашылу
23 наурыз: презентациялар
24 наурыз: мәдени іс-шаралар (Астана, я Бурабай, тіркелу формасында анықталады)

Тапсырмаларға еріктілер тағайындалды:

Aizhantabyn Наурыз көжеге жауап беретін болды.
Nurgisa Логолы футболкаларды
huanysh Сайтты техникалық жағынан қатырады.
AKY мен Leyla кітапшаның контентін реттеуді қолға алады.
Алмагүл кофе-брейкті қолға алды.
Жамиля Бурабай жағын өз мойнына алды.
Aldeken Уеб-ресустар байқауын ұйымдастырады.
Erbol Баннерлерді қолға алады.
aikona Логолы қалам, папка, блокноттар жағынан көмектеседі.

БлогҚұрылтай-2012 өткізетін орнымен келістік. Қолдаймыз деп жатыр. Тек бір ресми жауап қалды. Оны дүйсенбі күні алармыз деп ойлаймыз. Өткен аптада презентациалар көрсететін аудиторяларды қарап шықтық. Егер рұқсат берілсе, осы жерде өткіземіз.
Видео:


Сурет мына жерден
Бөлісу:

39 пікір

dark_nazgul
өткенде @esheber Елдар айтып отыр еді, блогкэмп ұйымдастыруды Қуаныш мойнына алыпты деп…
huanysh
әх Назгүл Астанаға келгеніме бір апта болды өзі ))) @esheber дұрыс түсінбей қалыпты!
Nurgisa
Пысыктауымыз кереу тагы не бар, сол жагына да акыл коса отырса екен алматылык тажiрибелi майталмандар.
a63a1
Анау азаттықтың сөмкесімен тұрған АКУ ма?
talgatjez
Дәл өзі.
a63a1
ммм
Nurgisa
Азаттык дорбасын асынганнын барi солакай екен деп ойлап калма бiрак.
a63a1
Сырттай тон пішіп отқам жоқ, жай әншейін көзге бірден ұрып тұрғасын сұрағанымғой
19852407
оң қолмен ет жейтіндердің де бәрін оңқай деп айтуға болмайды
19852407
БлогҚұрылтайға жаңалық ретінде презентациалардың баяндамалырын кітапша ретінде шығарамыз.
 алақай дедік
AKY
ЖынД болып тұрм ба?
a63a1
солақай болып тұрсың
araika
 Талғат, бірер сағат уаұытыңды бөліп, сабақ алуға бола ма? (блогкэмпке қатысты)
satibaldi
«Суға кетіп барам, суға кетіп барам, ма-мааа! Жоқ Сіз емес, ана жігіт құтқарсыншы!»
araika
Сізден дәмелі де емес едім
meirzhan
Капитан құтқарсыншы десеңіз, дұрысырақ болар.
satibaldi
Aizhantabyn Наурыз көжеге жауап беретін болды.
Екі есеп — бір есеп: тетрациклинді де өз мойнына алса екен деген тілек.
19852407

Тетрациклинді қонжыққа міндеттеу керек
Altygradus
Екі есеп — бір есеп: тетрациклинді де өз мойнына алса екен деген тілек.
спасение утопающих дело самих утопающих
konvict
Қарқылдаған менің дауысымды үйдегілер естіп шошып кетті
Aizhantabyn
)))) Сізге өз қолыммен пісіріп ала келем, қалғандарына заказной))))
madlen
Презентацияларға уақыт аз емес пе? Старт-апты қай жерге сыйғызамыз?
talgatjez
Презентацияларға жеткілікті уақыт беріледі. 30 секундтан түсінідіреді дегеніміз, ең соңғы отырыста, бір аудиторияда жиналғанда.
zheniskaz
1.5 ай уақыт болғанымен ол өте аз уақыт деп ойлаймын. Жаппай ат салысып, іске кірісе беру қажет. Нурекең осы кездесуге дейін сайтта аяқталып қалады дегендей ой түйген едім егер дұрыс түсінген болсам. Сол сайтты да тездетіп ашқан дұрысырақ. Әлі блогкемптің мән-жайын түсінбейтіндер жетерлік. Кіріп таныса берсе деген ой. Келесі мәселелерді сол сайтта талқыласа кірушілердің саны артып түсіндіруді сұрағандарға жақсы сілтеме болар еді.
Aizhantabyn
Қуаныштың айтқан ойымен келісемін! Өте қызық және тиімді әдіс)))
Zilola
Если что казы берiп жiберемiн таныстардан, пiсiрiп апаратын адам табылса болды.
Aizhantabyn
мамааа! ЗИ)))))
Zilola
Если что саган тапсырамын, алдымен уйге жетiп алайын, согымнан калган казыдан алып беремiн.
Aizhantabyn
hehe, jekege jazu kerek edi DD biz by kyzdarmen sami oprihodyvali DDDD
kazprose
talgatjez Шетелден, яғни қытайдан келеміз деушілер көп биыл. Бұл іс жайлы ақпаратты кімнен алсақ болар екен?
konvict
Франциядан да келгісі келетіндер бар. Олардікі қалай болады екен?
TOTY
@talgatjez, сені "құдай бере салған", Астанада жүргенің мұндай көрім болар ма?  Үлкендеріміз айтушы еді ғой, біздің кішірек кезімізде, «сендер туғанда неге қуандық осы біз» деп…
Abilakim
Маған «Сен туғанда бекер қуаныппыз» деп бірнеше рет айтып еді…