Алладан басқа біреудің атымен ант ету
Алладан басқа біреудің атымен ант ету — ширк (Аллаға тең біреу бар деп сену). Аллаһтың елшісі былай деген: «Кім ант ететін болса, онда Аллаһпен ант етсін немесе үндемесін»(Бухари 6107, Муслим 3/1646).
Басқа бір хадисте пайғамбарымыз: «Кім Аллаһтан өзге нәрсемен ант етсе — ширк жасағаны» — деген (Әбу Дәуд 3251, Тирмизи 1535).
Кімде-кім Алланың атымен ант етпей, керісінше басқа жаратылған бір нәрсемен ант етіп қойып, сол айтқанына жуып-шайғысы келсе — «Лә иләһә илла-Ллаһ» (Алладан басқа құлшылық етуге лайықты ешкім жоқ) деп айтуы қажет. Пайғамбарымыз бұл туралы: «Кім Ләтпен немесе 'Уззамен (пұттардың аты) ант етіп қойса, лә иләһә илла-Ллаһ деп айтсын» — деген. Осы хадистен көріп тұрғанымыздай, кім Алладан басқа біреумен ант етсе — оны тек таухид (бірқұдайшылық) сөзімен ғана жуып-шайа алатыны айтылып тұрғанын аңғаруға болады.

8 пікір