Әбіләкімнің постынан кейін...



Ең алдымен Әбіләкімнің бастамасы өзіме ұнағанын және осы ұсынысты айтқанына оған көөөөп рахмет айтатынымды хабардар етейін.
… Сонымен…
Мен туылғанда ауылдан апам келіпті артынып-тартынып. Жол бойы сәбиге қандай ат қою туралы кітап оқып келген ғой… Сонымен менің планетам (туған күнім, ай, күнімен сәйкестілігіне байланысты) Меркурий болғандықтан менің атымды Меркурий қоям деп келген. Сосын келген күні түсінде ата-бабасы қолына тас беріпті де Тасберген деген атқа тоқтап отырған екен… Ал студент әке-шешем құрбы-құрдастарымен кеңесіп сол кезде «модный» болған Данияр деген атқа тоқталыпты… Ал, апам көнбейді… Не істеу керек?!!.. Чек тастаймыз деп шешіпті. Қағаздың барлығына «Данияр» деген жазу жазып, апамның «Тасбергені мен Меркурийін» білдірмей алып тастапты… Сонымен туылғалы атым — Данияр. 10 шақты күннен кейін әке-шешем студент болғандықтан ауылға алып кетіпті. Сонымен апам баласымын. Ешкі сүтімен өскен қазақпын… хехе… полиция қызметкері болуға тағдыр жазбапты..
Бөлісу:

9 пікір

Abilakim
Жақсы естелік екен Тасберген мырза
Nurgisa
Иә, солай жеребе тастаушы еді ғой. Ауылда талай рет болды. «Саудаға» түскен адамның ныспы-ай дейсің де қоясың
chimaq
Neshe jyldyng aldynda men qazaqstangha barmaq bolyp,passportymdy alyp,visany ashqyzyp,(bul daiyndyqtargha jarym jyldai uaqyt ketti),bitkesin,narselerimdi daiyndap ,elding barine men jurgrli jatyrmyn dep aityp tastap,kunning satin tosyp ,endi erteng jurem degende jure almai qaldym, sodan beri ali bara algham joq....dam tartpadyma,bilmeimin...
Zilola
чек емес шек шыгар
araika
Меркурий деп Меруерт атты сіңлімді біразға дейін айтып жүрдік. Кейін өздігінен қалып кетті, бәлкім ол есейгендіктен де болар.
a63a1
полиция қызметкері болуға тағдыр жазбапты.. сиясы таусылып қалғанғой