МЕН ҚАЛАЙ ҒЫЛЫМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТАҒЫ ДА ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛДЫМ немесе біз Дәруішөлгенде діни экстремизммен қалай күрестік

Жалғасы. Басы Гүлжамаштың бірінші санында жазулы тұр.

Мен Ұлттық ғылым академиясының президенті болғаннан кейін, тпә-тпә, бұрын, тоңқайтып қойып айдай беретін ғылымның бетін бері қараттым. Ең алдымен, ауыл мен Баскенттен нешік «бастарды» жинадым: «басы алтын» жігіттер, бұтақбастар, сопақбастар, ешкібастар, балықбастар және жартыбастар…

Сосын, әр қайсысына өзім білетін ғылымдардың шылбырын ұстаттым. Сөйтіп, аспанға қарап «Әу-у-уә! Пюық-Пюық!» деп жүретін, «ауыш Асқар» аталып кеткен, Ауру Асқар (шын аты осылай) уфология ғылымдарының доғдыры атанды. Жұрт дәптердің бетіне, газеттің шетіне жазылған өздерінше ғылыми, жұмыстарын тапсырғанда, бұ мал, әнәң, көтен сүрткен қағаздарын алып келіп жүрді. Амал, жоқ, не айтса да, не жазса да ғалым ғой… Сол қағаздарын «әсіре,құпия,әнәңң» деген мөрі бар пәпкеге тіркеп жүрдім, білә, «Дәруішөлген аспанында байқалған беймәлім ұшу нысандары» деп. Сөйтіп, көтен сүртуге де жарамайтын қағаздар жинаумен айналысты біздің академия, анасс!

Бүйте берсе, бұлардың бәрі арамарақ болып кетер деп, сосын, қырғын ғалымнан елге бір пайда болсын деп, ауылдың анау-мынау «калымдарын» жасап жүрдік.

Бірде, Нақу ақынның келіні Ампи апымның, «ЛыЖи» телебезері сынып қалып, бізді шақыртты. Сөйтіп, телебезер оңдауға екі техника ғылымдарының доғдыры, ол екі мал, әнәңң, тоққа тартылып қалса деп, «на всякий пожар», бір медицина ғылымдарының доғдыры, ана екі мал, әнәңң, анау-мынауды түсінбей жатса, нұсқаулығынан аударатын, бір филология ғылымдарының доғдыры және нұсқаулықтан оқып беретін, мен – Ұлттық ғылым академиясының президенті бесеуміз бардық. Құрал-сайманнан қолымызда бары: балға, балта сосын, қарашаңырағымыз, ультрамарин керегеміз, серобурмалиновый босағамыз Ұлттық академияның бір жерінен босатып алған, даттанып кеткен болт. А, ұмытып барам, сосын, әрқайсымызда екі-екіден, ептібайымайд, екі жүз граммдық қырлы стақан, анасс!

Ала таңнан қара кешке дейін жүріп, қоса алмадық, бұтақбастың телебезерін.Артын балтамен жарып, ашып тастап, ана жерін бір шұқып, мына жерін екі шұқып, жүргенде, «ашық арттың бәріне асық» техниктердің бірі, бұтағын тығып, тоққа тартылды. Ол, азабошенныйға жынданам деп, қолымдағы балғаны лақтырғанда, оның басына емес, нұсқаулық оқып, қыртып тұрған, аудармашы, бұтақбастың басына тиді. Ол, мал, әнәңң, «біреу басын» кесіп алғандай, жарылған басын ұстап бөлмені айналып бақырып жүр. Тоққа тартылған техник, тасағын ұстап талықсып жатыр. Мен медикке:

— Мал, әнәңң, медик емес, бірдеңе істесейші, мыналарды тыныштандыратын, ептібайымайд! Ампи апымнан ұят болады ғо! – деп ем. Медик-ғалымым, мүләйімсіп:

— Мен практик, емес, теоретикпін ғо…- демей ме, мал,әнәң! Хотя, мал емес, әйтеуір, практика мен теорияны ажырата алады, оған да шүкір.

— Шешеңді…-деп, бастап жатыр ем. Тасағын, ұстап жатқанды балғамен, тасынан ұрып, бақырып жүргенді, балтамен тағы ұрып тыныштандырып тастады.

— Маладес, медик!-деу ғана қалды маған.

Сөйтіп тұрғанда, Ампи апам келді.

— Әй, қарақтарым…

— Өй, апа мынауың оңдалмайды. Шаруасы біткен телебезер мынауыңыз! Наққа да пайдасы жоқ, мұның енді, экранын алып тастап, шкаф қылып қойғаннан басқа… — деп, едім. Бетіме бажырайып қарап тұрып:

— Атамның аруағын сыйлап, өлсе де атын атамайтын едім. Бірақ, сен, нақу, қыртып, тілімді қышытып тұрсын, нақу! Мен, нақу, скелрозбын ғо, нақу… Таңертең, балам қалаға кетіп еді ғо, нақу. Неге деш?

— Неге?

— Бұтақты же!

— Өй, апа, мынауың уаще соқпайды ғо…

— Есесіне, шындық, нақу! Не айтып тұр едім, нақу?

— Балаңыз, қалаға кетті…

— Уот, со бала таңертең айтқан, телебезердің «пөлтінің» батарейкасы отырып қалыпты де-е-еп! Нақу! Атамның аруағы разы болып, бір гимнастика жасап қалған шығар!

Сөйтіп, ғылымды «алғаш жол салушылардай» өз қателіктеріміздің арқасында, игеріп жүргенімізде. Мені, Мейірқұлова ханым, Министрлікке шақырады. Оны отыз күн тойлап, сосын, «барайын ба? бармайын ба?» деп, тағы отыз күн ойланып. Баратын болып шешіп. Округордамыз Дәруішөлгенге есекпен, келдім, ептібаймайыд.

«Мен қызға баратын күні, ауылға свет беріпті» дегендей, мен келген күні, кезектен тыс жедел жиын бола қалды! Барсам, кілең министрлер жиналып алған, нақ! Біздің министр жоқ екен тек. Ғылым,ғылым және тағы да ғылым министрін айтам. Кембридж университеті кітапханасының шаңын сүртуге кетіпті, мал, әнәң, министр емес!

Общым, қай жеріңді ауырта берейін, бас бұтақбастардың басқосуының себебі, Дәруішөлгенде діни экстремисттер пайда болыпты, нақ! Бұл біріншіден, біздің экономикамызға күлдей зиян ғо, нақ! Ішетін адам азаяды, анасс! Бұдан, ішкі нарықтағы сұраныс төмендейді, ептібайымайд. Дағдарыстан Дәруішөлгенді араққұмарлар құтқарады деп жүргенде, пиздес болайын деп тұр. Екінші, «минус»: әлемдік қауымдастық алдында беделіміз түсіп кетуі мүмкін, саясаттың сақынасынсс! Бұйырса, шамамен 3010 жылдарға қарай, ЕҚЫҰКПБЖҰ (Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымынан Кейін Пайда Болған Жаңа Ұйым) төрағалық етіп қалуымыз мүмкін деген болжам бар, білә. Қазірден бастап соған дайындалып жатырмыз, нақ!

Түнімен ішіп келген менің, жағдайым, аспандағы «ауыш Асқардың» Сібірдің үстінде соғыстырған спутниктеріндей болып отыр. Мастұр батыршаласақ, «төртеу түгел болса, төбедегі отырған бесінші де келеді, алтау ала болса, «ауыш Асқар» да, ауызға беріп кетеді, Жеті бөтелкені жалғыз өзің ішсең, алдыңнан да, артыңнан да кетеді…Бәлкім кіреді. Жынысыңа байланысты, бұл енді, нақ!». Сөйтіп отырғанда, менен премьер-министріміз:

— Балықбасов мырза, ғылыми тұрғыдан, экстремизмге қарсы қандай, шаралар қолдануды ұсынасыз, нақ!-деді.

— Білә, енді, ол экстрималдарды, нету керек шығар, енді, нақ… Былай, нетіп нетсе, нететін шығар, ептібаймайыдтар… Нету керек қо…

— Дұрыс, оларды нету керек, нақ! – деді де, үкімет басы, бұтақбастарға қарап, — дауай, ептібайымайдтар, нетіңдер, нақ! –деп тапсырма берді.

Мен, Ішкі істер Министрі – Біләл Сігемнақуып (осының пәмилиясы қызық, нақ! Не «сігем нақу» сосын «ып», не «сігем на қуып». Өзі де білмейді, ептібаймайыд!) және қорғаныс Минситрі Семен Семенович үшеуміз, КабМиннің фойесіне наша шегуге шықтық, анасс.

— Бізге, бағдарлама, кентқордан қаражат, жұмыс жоспары деген керек емес пе, нақ?-деп, едім мен.

— Е, оның бәрі, бұтаққа керек пе? Барам да, білә, сігем на, қуып жүріп, бәрін! — деді. Кім дейсіңдер ма? Иә, сол – Семен Семеныч! Министір Сігемнақуып сақау еді. Бір жапырақ қағазға, бірдеңе жазды да, бізге оқытты, нақ:

«Құрметті, бұтақбастар! Сіздердің жасағалы отырған шараларыңызды, мен әлдеқашан, «Сігем, нақу!» жедел операциясы аясында жүзеге асыруды жоспарлаған едім. Алайда, бұл іс-шаралар оң нәтиже бермеді. Осы операцияны жүзеге асыруға жұмылдырылған, біздің министрлікке қатысты басқарма қызметкерлерінің барлығын, экстрималдар өз жақтарына тартырып алған. Сол себепті, бұл орайда жаңа ұсыныс пен талаптарды мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймын…»

— Тфьу, ептібайымайд, мынауың, мал ғо, әнәсс, министір емес!-дедім мен, СС-ға қарап.

— Мынау бұл бұтақбастың адам болғаны қайта, кезінде, мал,әнәңң, жиналыс сайын өйстіп, бұтағымды жеп отырып алатын еді… Тілін кесіп алдық, атасының батырлар жыры мен әжесінің ертегілерінссс!

Содан сол жерде, «Кетнақ, мен – кәпірмін!» арнайы тобын құратын болып шештік, нақ! Ауылдан, арақ десе, өзімде бар нақ, дейтін, он жігіт алдырттым. Арнайы киім, қару-жарақ, жабдықтармен жадықтап, әнәсс, өзімізді. Ауылшаруашылық, арақ және туризм Минситірлігінен (бізде осы минситірлік экономика, қаржы тағы да басқа, ақшаға қатысты, құлақ жеген министрліктерді алмастырады, нақ!) оларға, сегіз фура, арақ әкелдірдік. Жібердік, әнәсс, сегіз фура араққа аманаттап, бұтақбастарды! Өзіміз оған дейін, үкіметтің басына, мүшелері атынан хат жолдадық, Ішкі істер министрлігін, Ішкіштер Министрілігі қылып өзгертуге өтініш жолдап. Астына мен қол қойдым, сосын, СС қол қойды да, «пы.сы. …осыдан рұқсат етпесең, бүкіл қалған өмірің де артыңнан айдаймын, нақ!»-деп, жазды.

Жігіттерміз келе жатыр деген хабар келді. Он батырды қарсы алуға халықты жинадық, әнәңңді. Алыстан, бір толпа қарауытты. Бинөкілмен қарап едік, біздің он батыр, Мастұр батыр аталарының аруағы қолдап, экстрималдарды біздің жаққа өткізіп алыпты, нақ! Сөйтіп бұл жігіттерге, «Дәруішөлген сенімен дәвөлні бұтақбас!» өрденін табыс еттік те, оларды дереу өз идеологиямызды жаһанға жаю мақсатында, сосын, экономикалық мүдделерімізді көздеп, США-ға жұмысқа тұрғыздық. Қайдағы АҚШ, нақ? США – Сыртқы Шаруашылық Агенттігі.

Енді, олардан хабар күтеміз, әнәсс! Жылына, бір рет шығыңдар дедік, байланысқа. Нақ, әйтпесе, олардың, бұтағымды күйсеген әңгімелерін тыңдап?! Білә, дамып жатырмыз. Бұйырса, арақ өндіруді көбейту керек шығар, сукамал!

Айтпақшы, мен, Дәруішөлгеннің қорғаныс вице-министрі де болдым, нақ!

Ептібайымайд!!!
Бөлісу:

3 пікір

Bakitoral
Дәруіш деген аты жақсы ед
nurbergen_makym
Ну, енд, отбасында бір Квазимүше болуы керек қой…