Блогқұрылтай - 2012: Кім және неге қатысқысы келеді?

ЕСКЕРТУ: 20.01.2012 жазба толықтырылды

Сауалнама арқылы шамамен Блогқұрылтайға «Кімдер қатысады?» «Не үшін қатысқысы келеді?» деген сұрақтарға жауап алуға тырыстым. Бұл нәтижелер бірінші кезекте Блогқұрылтай форматын анықтауға жәрдемдеседі деп ойлаймын.

Бір апта көлеміндегі уақыт ішінде сауалнамаға жауап берген 90 адамға алғысымды білдіремін.



Өзім үшін ашқан бірінші жаңалық: Астанадағы блогқұрылтайға қатысқысы келетіндердің ішінде Блогқұрылтай дегеннің не екенін, оған не үшін қатысу керектігін нақты түсініп отырғандар азшылық.



Біріншіден, жауап бергендердің көпшілігі Алматыдағы Блогқұрылтайға қатыспаған екен. Екіншіден, Астанадағы Блогқұрылтайға қатысқысы келетін адамның мақсаты былай суреттеліп отыр:

5 мың теңге жұмсап, Астанадағы бір кафеде интернеттен тапқан достарыммен кездесу. Бейресми түрде өтетін шараға жай ғана қатысушы ретінде келіп, ақша туралы тақырыптағы презентацияны тыңдау.

Бірақ қорытынды жасауға асықпайық. Интернетшілердің бас қосып, емін-еркін жағдайда бір-бірімен жақыннан танысуында тұрған ештеңе жоқ. Мені қуантқаны шараға қатысушылардың дені кем дегенде 5 мың теңгені демеушілік ретінде бере алады екен. Яғни, егер есеп-шот ашып ақша жинар болсақ, бұл қаржыны Блогқұрылтай аясындағы сәтті стартапқа тағайындасақ болады деген сөз.





Сонымен қатар шараға қатысуға ниет білдіріп отырғандар қазақ интернетінде қазақша контент көбеюі керек деп санайды. Әрі көпшілігі өзінің болашақ кәсібін осы интернетпен байланыстырады. Блогқұрылтайда Интернетте бизнес жобаларды бастауға көмектесетін презентациялар болып, мейлінше Интернет және бизнес деген сипатта ұйымдастырылса, пайдалы болатын сияқты.



Дәл қазір арамызда «Блогқұрылтайға қатысқаннан жеке өз басыма қадай пайда?» деген сауалға нақты жауап таппағандар бар. Бұлай болуы заңдылық. Себебі әркімнің өмірлік құндылығы, болашаққа бағдары әртүрлі. Ондайларға өзімнің түсігімдегі Блогқұрылтайдың не екенідігімен бөліскім келеді:

1. Блогқұрылтай қазақ интернетін дамытсам деген ниеттес жандардың кездесуі
2. Осы кездесудің жақсы өтуі үшін ешкімге міндетсімей қолынан келген бар көмегін аямай үлес қосуы
3. Өзінің білгенімен өзгемен бөлісуі, үйретуі, көрсетуі.

Блогқұрылтайдың былтыр маңызды ережесі бар еді:

Бұл шараға ешкім шақырылмайды. Әрі ұйымдастырушы деге ұғым болмайды. Бастамашыл топ үйлестіріп отырады. Қалғанын келгендердің өздері ұйымдастыруы керек деген. Соны әрбір адам өзінің санасында зерделесе деймін. Себебі бұл — той емес. Ресми конференция да емес.

Қазірдің өзінде былтырғы құрылтайға қатысқандар «Біз мына нәрсені өз мойнымызға алайық», «Менің қолымнан мына нәрсе келеді. Уже істеп қойдым. Қарап көріңдер» деп көмектерін ұсынып жатқандар бар. Осындай мәліметтер әрі қарай үйлестіру жұмысына атсалысуға жігер береді.

Сауалнама бәріміздің ортақ мақсатымыз бар екенін көрсетті. Қазақ интернетінде контентті көбейту. Себебі ертеңгі күніміз сонымен байланысты. Ендеше, осы бір ортақ мақсатқа жетуіміз үшін бір-бірімізге көмектесейік!

Қазір Астанада өтетін Блогқұрылтай жұмысына Талғат бас-көз болып, үйлестіріп жатқанынан хабардарсың. Сондықтан Талғатқа қолдау білдіріп, демеу білдіре отырайық. Әсіресе, астаналық блогшылар әрнәрсені бір сылтау қылмай Талғат айтқан сенбілік кездесулерден қалмай қатысып отырса деймін.

Алдағы жазбаларымда сауалнамадағы басқа да жауаптарға тоқталмақпын. Бұл презентация тақырыптарына, әрі ұйымдастырушылар мен қатысушыларға айтқан пікірлерге байланысты болмақ.

Пы.сы. Игі бір істі қолға алынғанда кесірін тигізбей, үндемей қалу да кейде үлкен көмек болатынын ұмытпайық  Сондықтан сауалнамаға қатыспай, жауап бермегендерге де үлкен рахмет!
Бөлісу:

52 пікір

satibaldi
5 мың теңге жұмсап, Астанадағы бір кафеде интернеттен тапқан достарыммен кездесу. Бейресми түрде өтетін шараға жай ғана қатысушы ретінде келіп, ақша туралы тақырыптағы презентацияны тыңдау.
Керемет, ыххы-ха-ха-ха-ха-ха-хааа  VKM болса керек
monti
5 мың теңге жұмсап, Астанадағы бір кафеде интернеттен тапқан достарыммен кездесу. Бейресми түрде өтетін шараға жай ғана қатысушы ретінде келіп, ақша туралы тақырыптағы презентацияны тыңдау.
 жаман жақсы фоторобот жасапсыз
satibaldi
«Блогқұрылтай — бастаңғы емес!» деген муаххахала өзінен өзі сұранып тұрған сияқты
Gastarbaiter
интернеттен тапқан достарыммен кездесу.

Ұлы планмен таныстар жоқтың қасы екені таң қалдырмайды. Ынталандыру, ақпараттандыру (үгіт-насихат) шаралары қалай өтіп жатыр Асхат?
urimtal
Былтырғы Блогқұрылтайдың ережелерін қайтадан жаңғырту керек болып отыр. Сол жағынан көмектерің керек. Әрқайсысы бұл жай ғана «тусовка» емес екенін түсінсе деймін.
dark_nazgul
сонымен, Астанада болатын болып нақты шешілді ме?
urimtal
Астанада ұйымдастыруға күш салып жатырмыз.
dark_nazgul
5 мың теңге жұмсап, Астанадағы бір кафеде интернеттен тапқан достарыммен кездесу. Бейресми түрде өтетін шараға жай ғана қатысушы ретінде келіп, ақша туралы тақырыптағы презентацияны тыңдау.

сол үшін былтырғыдай алматыда өткізу керек. жұрт астананы аралап, саяхаттап кетеді, әйтпесе
Abilakim
Астанада аралайтын жер бар ма?
Gastarbaiter
Қарағанды сияқты үлкен қаладан келгендер үшін жоқ шығар, ал шеткі аудан, кішігірім қалалардан келгендерге басты мотивтердің бірі болуы мүмкін.
Жалпы Блогкемп арқылы жаңа жұмыс, табыс көзін тауып, мықты идеялары бар энтуиаст болсаң өзіңді қалталы инвесторларға көрсетіп қалу мүмкіндігі бар екендігіне екпінді көбірек қою керек сияқты.
Содан кейін барып, "Ұлы Жоспар" егжей-тегжейіне қанықтыруға болатын сияқты.Өз ойым: Пиар әрекеттерді күшейту керек шығар.
Gastarbaiter
энузиаст
Gastarbaiter
Өй, епті пидарас емес әйтеуір түсіндіңдер ғой
sammita
шеткі аудан, кішігірім қалалардан келгендерге
аттан, шап, АКУ, сені мазақтап отыр, ужасты қара
AKY
өзің шеткі аудан  13-ші магистральсс
sammita
13-ші
әріби сауатсыз

Блогқұрылтайдағы міндетің не?
nurbergen_makym
Астаналықтардың ұйымдастырушылық дәргейі жоғары ғой, негізі. Әлем діндері мен конфессиялары съезі, халықаралық журналистер форумы, ОБСЕ саммиті…
Бірақ, Блогкэмп, ол — Алматы...
omarbirat
5 мың теңге жұмсап, Астанадағы бір кафеде интернеттен тапқан достарыммен кездесу.
Несі бар. Ұйымдастыру деп шапқылаудың қажеті аз болады екен. Ақша жағынан да тиімді
AKY
ма*мааа, ият болған екен
Бірақ 5000 теңге бере алам дегенді мен де белгіледім
asaubota
90 адам аз сияқты. қатыспағандар қатыссын, әсіресе былтырғыға қатысқандар.
urimtal
Азаматтар! Жолдастар! Қорытынды жасауға асықпайық! Бұл басы ғана.  Позитивті қорытынды жасауға да негіз болатын мәліметтер бар!
Gastarbaiter
Әзірге адамдарды жинауға жалғыз мотив сол тусовка болып тұр. Интернет қауымы көбіне/бәрі емес/ жалқау қауым, бірдеңе істегенше бес мың теңге бере салып, әртіс көйлегін киіп бара салу жеңілдеу. Көбісін бір уақытта көрудің де бірден бір мүмкіндігі сендердің мақсаттарыңды түсінбеген орта статистикалы интернет қолданушы үшін.

Тіпті әлденені ілісіп, жапсырысып, жуысып, жинасуға да бар. Тек ойлануға жоқ.

Әлденеге әдемі фундамент жасалып жатқанын түсініп отырған сияқтымын.
Тек, кез-келген массовик затейникте «шаруаға — жер, жұмысшыға зауыт, ал советтерге билік» деген сияқты идеясы болады ғой. Сол барбароссаның кескінін толық түсінсем, маған да өте қызық болар еді.
Aizhantabyn
men de bes myn tenge bere alam degem, nu poka osylai  sosyn kore jatarmyn. Katyskym keletin sebebi de jogarydagydai, kezdesu, pikir almasu, prezentaciya tyndau, jana adamdarmen tanysu degendei.
Toksan adam az ak eken
huanysh
Анкетада Алматыда болса екен, деп жазған едім, енді өзім, қазір Астанадамын. Астана дүрыс болады десем
Aizhantabyn
Kuanysh how keldin ))) Astanada tusit eteik )))
huanysh
Талгат бугін катокка деп шакырыпты ғой, пәтер тауып жатсам келермін
ал былай әзірше пәтер жоқ па таныстарыңызда
Aizhantabyn
nea, pater jok (((
huanysh
мм, рахмет, ары қарай іздейміз
edige
Ештене айта алмаймын, себеб1 баруга мум1нд1к болмайтын тар1зд1…
MINbala
келтірілген схемалар статистика жақсы көрінбейді екен… улкенірек болса жақсы болар еді… келесі жолы осыны ескерсеңіз…
Жалпы жаман емес қолдан келсе баруға тырысам…
urimtal
Ескертуіңіз орынды. Кейбір суреттерді өзгертіп, қайта жариялауға тырысайын.
asaubota
Керекинфоға сурет жүктеген кезде 500 пиксельге дейін кішіретіп тастайды, сондықтан басқа ресурсқа жүктеп алып мында кодымен салған дұрыс.
TOTY
Иә, суреттер анық емес екен
Gazizkizi
мына жазбаларды оқып, не деп пікір жазуды да білмей қалдым. Қалай болғанда да тек келіп қана қоймай, демеушілік көрсетуге тырысу керек сияқты… Шама келгенше әрине.
Gastarbaiter
Келіп ғана қоятындар болмайды ғой онсыз да. Демеушілік деген де дұрыс сөз емес.
Өйткені ұйымдастырушы = қатысушы. Типі жәрмеңке сияқты, базарға тоқыған шұлықтарыңды, қысқа жапқан әгүршік-помидорларыңды апарып сатасың, өзің сатып аласың.
Идея мен тренинг, семинар, презентация жасаушылар аздығына байланысты қол/аяқөнер туындыларын апарып көрме жасауға да болады, қателеспесем.
balzaminka
жақсы идея ше, осындағы қолөнерден көрме жасаса қалай болады екен, әрі қолөнершілерге жақсы болар еді, мүмкін қаражатты бір қорға құюға болар, а?!
madlen
Алдыңғы жылы осы жетпеді. Бір қолөнер заттарының сатылып тұрғанын көрген ем, но ол жерде выбор аз болды.
urimtal
Идея керемет! Әлдебір заттарды сату, сатпау өткізетін орынның құзырында. Себебі бұл шараны біз коммерциялық емес мақсатта деп таныстырғандықтан орынды тегін алуға тырысамыз. Ал оқу орындары көп ретте тек қайырымдылық мақсатта мұндай «жәрмеңкелер» ұйымдастырады. Басқа жағдайларды оқу орындарының ішкі ережелеріне сәйкес сауда жасауға рұқсат берілмейді. KIMEP-те біз оны сауда емес, көрме ретінде таныстырдық. Әрі ол көрме иесі, бізге демеушілерге беретін сувенирді тегін істеп берген соң, оған да промоушн жасауға жәрдемдескен едік. Әлі де ойланып көрейік. Меніңше, бұның басқаша бір жолдарын табуға болатын сияқты.
Gastarbaiter
Басқа бір жолы болғанда, былай ештеңе сатпай, сатып алмай тек көрме жасауға болады. Контакт алмасып, кейін сатып алам, тапсырыс берем десе, бөлек жерде кездесіп алысып-берісе жатар.
Бұл жағдайда қолөнер көрмесі тек өніммен танысу қызметін атқарады, және маркетингілік қосымша қызметі болады. Маркетингілік әрекет коммерциялық әрекетке жатпайды, білуімше. Оған ешқандай салық та салынбайд.
Erlan
шұлық, ақ қонжықтарға қарағанда ) Жәрменкеде операциялық жүйе, антивирус, планшет, веб камера, блок питание, оперативка, картридер, сосын флешка сыртына наклейка жапсырылган Блогқұрылтай — 2012 деген сиякты естелік ретінде.
Aizhantabyn
iaaaaaaaaaaa! Mende solai aitkym kelgen, estelik bolatyn magnitikter, sosyn breloktar, zna4oktar bolsa,
Gastarbaiter
sosyn breloktar, zna4oktar bolsa,
«мыналарың фейк менің қонжығым да ұстамайды бұндайды» -деп жүрмейсің бе
zheniskaz
Менің ойымша әлі шешетін мәселелер көп. Жәрмеңке ме көрме ме ұйымдастырылатын болған күннің өзінде де көпшілік әр тараптан келгендіктен артық қаражат жұмсай қоймайтын сияқты көрінеді. Бұл жалпылама ойым әрине. Егер қажетті маңызды дүниелер болса қаражат қайда шықпай жатыр. Негізі сол жағында ескерген жөн дегенімғой. Орын табылмай жатқанда жәрмеңке немесе көрме деп тағы бір мәселені қоспай оңай шешілетін жолдарын қарастырған дұрыс сияқты.
Жарнама ретінде пайдалы нәрселерді жарнамалауға яғни плакаттар ілу жағын қарастырса болатын сияқты. Жарнамалаған үшін құрылтайдың көп шығыны бар, соларға жаралсадеген ой. Мысалы былтырғы кселдің берген қорабымен суреттері сияқты блогқұрылтай деп жазуымен қорап жасалып сатылса. Ол жайма базары сияқты емес көзге көрінбейді. Тек кішкене болсада ақша түсер еді. Демеушіліктің бір жолы ретінде жасауға болатын сияқты. Сурет көпшілікке қажет дегендей…
serjan
Мені қуантқаны шараға қатысушылардың дені кем дегенде 5 мың теңгені демеушілік ретінде бере алады екен
Сауалнамада ақша бере алмаймын деген нұсқа жоқ болып тұр ғой, әйтпегенде бұлай қуанбас едіңіз.
beko
Биыл қай күнге белгіленген, Блогкэмп?
asaubota
23-24 наурыз деп отырмыз. өзгерістер болса алдын ала хабарланады.