ОСТАП БЕНДЕР ДЕГЕН КІМ?


Остап Бендер – Илья Ильф пен Евгений Петровтың «Он екі орындық» және «Алтын бұзау» романдарының бас кейіпкері, «ұлы комбинатор», «ақша алудың төрт жүзден астам әділ түрін меңгерген» кейіпкер. Білгіштердің айтуынша ол 1900 жылы 25 шілдеде сағат 20-дан 15 минут өткенде Одессада дүниеге келген. Оның өткен өмірі тұман сияқты, ешқандай анық дерек жоқ. Романның авторлары да оның қайдан шыққанына онша көп тоқталмайды. Тек қысқа да нұсқа жолдардан оның тегінің еврей екенін, кезінде саудамен айналысатын еврейлердің түрік болып жазылғанынан аз-маз хабар береді. Әкесінің аты – Ибрагим екен. Бұл еврейше Авраам деген сөз.
Остаптың ақшаны жақсы көретіні соншалықты, ол ақша табу үшін алаяқтықтың небір түрін меңгерген. Бірде ол алаңғасар ауыл адамдарының аңқаулығын пайдаланып, өзін шахматтан гроссмейстермін деп таныстырып та ақша тауып кетеді.
Аты аңызға айналған – Остап Бендердің бейнесі тұтастай ойдан шығарылған бейне емес. Ильф пен Петров мұндай ақылды алаяқтың образын сомдау кезінде Осип Бельяминович Шор бейнесін протипке айналдырған. Атақты Кеңес жазушысы Валентин Катаев (Е.Петровтың бауыры) «Осип- біздің одессалық достарымыздың бірі. Ол тамаша футирист ақынның ағасы болатын» деген деректер келтірген. Бір қызығы Ильф пен Петров осы прототиптің бойындағы барлық белгілерді Бендерге көшіре салған десе де болады. Мысалы, Осипті достары көбінесе Остап деп атаған. Шор да 1899 жылы 30 мамырда күн сәулетті Одесса қаласында туған. Қалалық мұражайдан тіптен оның тұрған көшесі, үй номері және туу туралы куәлігінің көшірмесі де табылған. Енді шынайы өмірдегі Осип пен кейіпкер-Остаптың өмір жолын тізбектесек тоғысатын жерлері де көп екен. Қалтасында көк тиыны жоқ Осип-Остап он жеті жасында император Николай-І атындағы Технологиялық институтқа түсу үшін Санкт-Петербург қаласына келеді. Алайда, Осиптің студенттік жылдары ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылдың 17 қарашасынан 1919 жылдың 13 қыркүйегіне дейін ғана студент атанған ол өзінің өмірбаянындағы бұл кезеңдерді жиі еске түсіре бермейді екен. Оның немере әпкесі Эльзаның айтуынша Остап Питерде қатты ауырып қалады. Бірде ол айнаға қарап тұрып «бөлмеге біреу кіріп кетті» деп шыңғырады. Өз бейнесін өзі танымай қалған Остап осы сырқаттың салдарынан Одессаға қайтып оралады. Бірақ Санкт-Петербургтен Одессаға дейінгі жол табаны күрестей тоғыз айға созылады. Бұл уақытта Осип алаяқтықтың небір түрімен айналысады. Тіптен мұрнына шахматтың иісі бармаса да ол өзін атақты гроссмейстермін деп таныстыратыны да осы кезең. Қолына қылқаламды қалай ұстауды білмесе де пароходқа суретші болып орналасады. Сөйтіп, Волганың бойын жағалаған бұрынғы студент Одессаға келген соң басқа жақта бастан кешкен оқиғалары туралы өзінің достары Илья Ильф пен Евгений Петровқа айтады. Міне, осы кезде олар басында болашақ роман туралы идея туады. Ал, кейіпкердің аты әлемдегі ең атақты қол жуғыштар мен унитаз сататын атақты «Тарас Бендер және ұлдары» деген фирманың атауынан алынады. Басында Остап Бендер романда «Мүмкін Сізге енді ақша тығулы жатқан пәтердің кілтін берермін» деген бір ғана фразамен «өтпелі фигура» болатын. Артынан Петров «біз үшін Бендер мүлдем тірі адамға айналғаны соншалықты, ол әрбір тарауға сыналап кіре бастады. Ал, біз ештеңе істей алмадық» деп жазды. Өзінің «сыңарының» табысын көрген Осип Шор нағыз Бендерше Ильф пен Петровтан «өз образын пайдаланғаны үшін» ақша төлеу керек екені туралы жиі айтатын. Бірақ жазушылар одан қалжыңдап құтылады екен…
Бірақ өмірдегі Осиптің «өзінің» Остапынан айырмашылығы – Осип Шор ұлы комбинатор бола алмады. Бірақ қылмыстық іздестіру қызметіне кіріп, ең мықты жергілікті «бендер» бола білді. Тіпті қылмыс әлемінің Осиптен сескенгені соншалықты, оны өлтіру үшін олар адам да жалдады. Бірақ қылмыскерлер өз ойлағандарына жете алмады, есесіне қылмыскерлердің оғына «опердің» бауыры ілікті. Бауырының өлімінен соң ол қылмыскерлердің ортасына өзі келеді де, опық жеген кісі өлтірушінің көзіне қарап ұзақ тұрады. Содан соң… кешіреді.
Сталиндік репрессия кезінде НКВД-да істеген Осип өзін өте әділ қызметкер ретінде таныта білді, өзінің көптеген әдебиетші достарын, оның ішінде Юрий Олеш те бар, тұтқындаудан аман алып қалды. 37-ші жылдың аяғында өзінің досын алып кетуге «қара қарға» келгенде Осип әріптестеріне қарсы төбелес ашып, оларды соққыға жығады. Осы оқиғадан кейін оның өзін тұтқындайды. Бірақ, өмірдегі Осип те романдағы Остап сияқты қамаудан қашып құтылады. Соғыс жылдарында ол тері рагімен ауырады, өмірінің соңғы жылдары ол алысқа қатынайтын поездарда жолсерік болып істейді. Біраз уақыттан соң Шор қатарынан екі рет инфаркт алады әрі бір көзінен айырылады. Оның жерлестерінің айтуынша, ол өзінің әдеби сыңары Остаптан жарты ғасыр артық өмір сүріп, 1978 жылы маусым айында дүние салады.
Тарихқа жүгінетін болсақ Ильф пен Петровтың өздерінің айтуынша «Он екі орындық» романының соңын аяқтау әжептеуір әбігерге айналыпты. Тең авторлардың арасында Остапты «өлтіру» керек пе, жоқ «тірі қалдыру» керек пе деген дау туындайды. Ең аяғында екеуі жеребе салуға келіседі. Сөйтіп олар шәй ішіп отырып, қант салғышқа шиыршықталған екі қағаз салады. Көздерін жұмып отырып, суырып алғанда адамның қураған бас сүйегі салынған қағаз шығады да, жарты сағаттан соң ұлы комбинатор «өледі».
Қазіргі баспасөзге сенсек, Минск облысында орман ішінен Остап Бендердің есімі жазылған естелік тақтайша табылған. Онда «Остап Бендер. 1897-1931» деген жазу бар екен.
Бөлісу:

23 пікір

KILYZAMAN
Қазақ шығар деп жетіп келсем …
Daniar-Alan
қазақ болмаса да қазақ туы туралы жазып ем алдында жақтырмады.… былай көрейн деп жатырмын
KILYZAMAN
Ренжіме… Менікі жәй әзіл — Остап қашанда Остап!!!
qisyq
«Атымды көтім, көтімді атым жақтырмады» дерсің бәлкім, бірақ, саған юзерлық ыстық пейіл қосылған кеңес: мақаланы сонша ұзақ жазбауға, сосын қызыл жолға жиі бөліп, монитордан адамның оқуына ыңғайлы етуге тырыс. Сосын ана абзацтарың тым ұзақ, жеке өзім, мысалы оқымадым, қиын, сондықтан бір абзацты бірнеше шағын-шағын абзацқа бөліп таста. Ал, жалпы, «Двенадцать стульев» жақсы кітап…
Daniar-Alan
пах шіркін, үйретуін…
Abilakim
Дос, достың сөзінің жаны бар. Мен мысалы тиіп қашып оқыдым.адам аттары бар жерлерінен.Эльза деген жеріне біраз тоқталдым, бір қызықтар болып қала ма деп…
qisyq
Е, мақұл, өзің біл, Daniar-Alan, менікі әшейін ниет қой.
Daniar-Alan
ӨТІНІШ! БОҚТЫҚ, ЛАС СӨЗДЕР (К… Т ДЕГЕН СЕКІЛДІ) АРАЛАСТЫРМАЙ КОММЕНТТЕНДЕРШ…
Aldeken
Не ғо… Кез-келген сөзді боқтық, лас деп қабылдамаған дұрыс, негізі… Сен боқтық, лас деп отырған сөздер әдеби сөздер қатарына жатады. Пікір жазған қолданушы бұл жерде ол сөзді нақты (бұл сөзді боқтық емес десең, осындағыларға айтып көр ) біреудің дене мүшесіне қаратып емес, орайы келген мәтелдің ішінде қолданғанын байқаған боларсың… Онда боқтық сөздері бар деп ұлттық фольклордағы біраз мақал-мәтелдерді құрбандыққа шалу керек болар. Ренжіме, үйретіп жатқан жоқпын… Дегенмен кеңестерге де құлақ түрген жақсы болады…
qisyq
Менің пікірімді айтып отырсаң, онда жеткізе кетейін, өзің де білесің ғой, ол жердегі «көтті» мен өз жанымнан шығармадым, қазақтың сөзі ғой, әлде сен қаймағы бұзылмаған, қайың тербетіп, көл шайқаған, аққудың әнін, өмірдің мәнін жеткізе алған, суалмаған, сырылмаған, сарқылмаған, сын кетпеген қазақтың тілін көзге ілмей отырсың ба?
Daniar-Alan
әңгіме бұл жерде тек сенің «көт»-іңе қатысты айтылған жоқ. жалпылама айтылды. мысалы:… ссс (сөз соңында жалғанатын «жалғау»), шешесс т.б., немесе боқауыз сөздерге ұқсас сөздер: ептібайымайд т.б.
Daniar-Alan
… қате кетіпті:… боқауыз сөздерді еске салатын сөздер: ептібаймыйд т.б.
qisyq
Дәруішөлгеннің «Епті байымайд, бақты байид» деген мақалы бар еді…
Gastarbaiter
Мен де кейде өз ойымнан өзім шошимын, небір ассоциациялық қатарлар көзіме елестейд, нақтың нағын айтар болсам:
«Соңғы дамбалымды ақыры тіктіртіп тындым» дегенді қалай түсінуге болады?
Gastarbaiter
Бұл жерде талай уақыттан бері пайда болған айтылмаған ішкі әдеп жүйесі, тілдік нормалары, пайда болды. Көбіне түрпідей тиеді.

Түсіністікпен қарарсың.
Daniar-Alan
дегенмен кеңестеріңізге рахмет. келесіде учтем.