"Халық сөзі" халыққа жетіп жатыр ма?
Маған соңғы кезде ұнап жүрген газеттердің бірі — Халық сөзі. Шыны керек сатып алмаймын, бізге жұмысқа әкеліп тастайды. Сондықтан алып, оқып жүрмін. Дизайны да, мазмұны да мықты газет. Ешқандай ұлтшылдық пафос жоқ. Әсіресе тек Айгүл Аханбаева үшін ғана алып оқуға болады. Іш пыстырмайтын газет.
Бірақ, осы газетті көпшілік білмейді екен. Сайттарына кіретін адам саны да аз. Сонда олар не үшін жазады екен деймін? Кең таралуларына не кедергі? Әлде жалпы қазір халық газет оқымайтын болып кетті ме?
Сіз қалайсыз? Газет оқисыз ба? Газет сайттарына кіресіз бе?
Тұрсынбектің Базар жоғы туралы күшті жазған соңғы нөмірінде.
Арасында осы газеттің арқасында 5-10 мың алып тұрамыз)))
Егеменді әрқашан оқимын деп айта алмаймын. Ішін бір ақтарып, өзіме ұнағанын оқимын. Бірақ, бір байқағаным Егеменді қанша жамандасақ та, онда шыққан мақаладе көтерілген мәселе тез шешімін табады. Әрі бұл мемлекеттік газет болғандықтан сын айта берген де дұрыс емес деп ойлаймын.
«Жас Алаш» бар екен ғой айтпақшы, Көбіне сайтына кіремін, кейде үйдегілер сатып алса оқып шығатыным бар. Кіл бос сөз. Әсіресе, Жанболат Мамай секілді "ұлтшылдардікі" ұнамайды.
Аль екеуміз базарды басымызға көтеріп күлдік.
titledarinda ozgertpegen saittan ne kutuge boladi.Arine kagazga basilgan turi baskasha bolar