Арзан бағамен ұшақ билеттері

ЭйрАстананың жылда арзандатылған бағамен билет сататыны бар. Кеше кезекті науқанға старт берілді. «Дүниежүзілік сатылым» науқаны деп аталады.
Мысалы, Алматыдан Лондонға стандартты баға 62 999 теңгені құраса, науқанмен ары-бері 40 800 теңгеге барып қайтуға болады. Алматы – Ыстамбұл 29 750 теңге (54 500 теңге), Алматы – Бангкок 46 750 теңге (74 998 теңге), Алматы – Куала-Лумпур 46 750 теңге (86 997 теңге), Алматы – Дели 21 250 теңге (39 998 теңге), Алматы – Мәскеу 28 050 теңге (44 500 теңге), Алматы – Санкт-Петербург 31 450 теңге (48 999 теңге), Алматы – Абу-Даби 21 250 теңге (46 999 теңге), Алматы – Сеул 46 750 теңге (97 998 теңге), Алматы – Үрімші 21 250 теңге (31 000 теңге), Астана – Франкфурт 46 750 теңге (86 997 теңге), Астана – Мәскеу 29 750 теңге (50 500 теңге), Астана – Абу-Даби 29 750 теңге (49 998 теңге), Астана – Ыстамбұл 29 750 теңге (54 999 теңге), Астана – Үрімші 21 250 теңге (53 998 теңге).

Толығырақ: www.airastana.com/kaz/kz/world-offers.aspx?mid=57
Бөлісу:

13 пікір

Nurgisa
ЭйрАстана кассаларында адам көп деп жатыр таныстар. Айтпақшы: «Тарифтер тек 2012 жылдың 16-шы қаңтарынан 30-шы маусымына дейін орындалатын ұшуларға жарамды.»
Gulistan
Мен бе, сен бе бірінші салған?
sammita
Nurgisa
қандай сілтеме? Сорок қырыққа, қырық сорокқа лақтырып жатыр?
sammita
қазақшасы міне, орысшасы әне.
Janasil
Неге Астанадан-Шыментке қымбат?
madlen
Иә, осы сатылымдар кәдімгідей ажиотаж туындатып жатыр. ЭйрАстана офистері амадеуспен ақпаратты беріп үлгермей қалды аж  

Сосын бар ғой, бұл билеттердің (О-класс) алдын-ала брондалмайтынын және қайтарылмайтынын ескеріңіздер.
satibaldi
Амадеус деген не, моцартқа қатысы бар ма?
madlen
Авиабилеттер мен қонақүйлерді онлайн брондау жүйесі.
satibaldi
Оффлайн, өз аяғыңмен барып брондау Шопен деп аталатыны рас па?
Nurgisa
Менiнше, олай брондау ушiн шоппен болуы шарт па деймiн. Мнение гой.
Gastarbaiter
Өтем десең Амлатыда КазЖол-дың ғимаратында, 7-ші этажда, арнайы курстары бар, арзан.