“Сайлауға барасыз ба?” сауалнама қорытындысы


Алдыңғы күні “Сайлауға барасыз ба?” атты мақала жазған болатынмын. Ол жазбамда Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан шығатын ЛадаТВ газетінің сайлау қарсаңында кімнің сайлауға баратыны немесе бармайтындығы, бара қалған жағдайда кімге дауыс беретіндіктерін білу мақсатында сауалнама жариялағандықтарын айтып едім. Сөз соңында мен де баршаңызға өзімнің тарапымнан жасалған шағын сауалнамаға жауап берулеріңізді өтінгенмін. Міне, сол сауалнама уақыты аяқталды. Өйткені, таңертең, яғни қаңтардың 15 күні ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына байланысты дауыс беру басталады. Еліміздің барша елді мекендерінде таңертеңгі сағат 7-ден, кешкі 8-ге дейін сайлау учаскелері өз есіктерін қалың электоратқа айқара ашпақшы.
Ал мен қазір сіздерге өзімнің шағын сауалнамамның қорытындысын жариялағалы отырмын.

Кестеге назар салсақ, дауыс берушілердің басым көпшілігі, яғни 39 адам “Сайлауға бармаймын” десе, ”Нұр-Отанға” да, ”Жалпыұлттық Социал Демократиялық Партиясына” да, 13 адам дауыс беріпті. Бір айта кетерлігі, екі күнге созылған сауалнамаға дауыс беру барысында бұл көрсеткіштер ит жығысқа түсіп отырды. Бірден “Нұр-Отан” шауып шықса, ізінен “ЖСДП” өкшелеп, осы уақытқа дейін бір ғана дауысқа артта қалып келді. Ал сауалнама аяқталған кезде қарағанымда, ол екеуі теңесіп те үлгерді. Қалғанын суреттен тамашаласаңыздар болады.

Алғашқы рет мұндай сауалнама жасап тұрғандықтан, бұл тәжірибе маған қызық болып көрінді. Сол үшін қолым жеткен жердің барлығында жариялауға тырысып бақтым. Біреулердің жүйкесіне тиіп, мезі етіп жіберсем кешірім сұраймын. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысып, дауыс бергендердің барлығына өз алғысымды білдіргім келеді.

ПыСы: Тағы бір қызығы, бұл сауалнама 718 рет қаралғанымен, дауыс берген адамдардың саны — 82
Бөлісу:

18 пікір

ken
ПыСы: Тағы бір қызығы, бұл сауалнама 718 рет қаралғанымен, дауыс берген адамдардың саны — 82
Кейбір адамдар бұл бетке бірнеше рет кірген ғой. Өзің де солай еткен шығарсың.
izbasar
Театралды қойылымға ұқсады сайлау. Бір жерде істейтін 3-4 адам қатарынан сайлауға түсіп жатыр. Әрине бастықтары өтеді, қалғандары қуыршақ болып қала береді.
ken
шалдар түгел кетпейінше осылай болып қала беред
izbasar
Шал шауқандар жастардыда тәрбиелеп жатыр ғой тұқымдарын шашаып жатыр.
Gastarbaiter
Шалдардың балдары да бар, Кен. Шалдар қартайып өлгенде, бәрі өздігінен өзгере қалатынына сенетіндерге таң қаламын.
Adiletshu
Кеше барамын деп едім, сайлау учаскесі алыс екен. Удостоверениемді мектепте істейтін жеңгем алып кетті. Сен үшін мен дауыс беремін деп
e_zhalgas
бармаймын деп дауыс бердім, бармадым да
Gazizkizi
Бармаймын өзім сайлауға!
MickThatsMyNick
керісінше сайлауға бару керек сосын бармаймыз да әділетсіздік болды деп айтамыз. негізінде сайлауда интрига болғаны дұрыс!
Gastarbaiter
Меніңше партияны ауыстырғанша, халықты ауыстыра салған жеңілірек.
Delhi
Барғам жоқ. Үйде қазір 10 адам отыр, бәрі де бармаған. Біздің дауыстар біреуге кетеді ғой әйтуір.
Marco
Бардым, бірақ дауыс беруге емес, дауыс берушілерді түсіруге. Жұмыс(((
Delhi
Барып тұрып дауыс бермей кеттінбе сонда?
Marco
Иә, дауыс беру үшін Ақтөбеге баруым керек еді. Открепительный талон ала алмадым.