Жасөспірімдер арасында Қысқы Олимпиада басталды



Бүгін Австрияның Иннсбрук қаласында алғаш рет Жасөспірімдер (15-18 жас) арасында Қысқы Олимпиада ойындары басталды. Біздің спортшылар 11 түрден жарысқа түседі. Араларында Қыздар Хоккей командасы да бар.

Мұндай жарыстарды өте маңызды деп есептеймін. Біздің спортшылар тек Азиада сияқты бәсекесі аз жарыстармен шектеліп қалмай әлемдік жарыстарда да жүлделерді иеленуі керек. Осындай жас спортшылардың жарыстары арқылы қысқы спорт түрлеріндегі болашағымызды бағдарлай аламыз.

Ойын нәтижелерін осы тақырыпта жазып тұрайық.

Ресми сайты: www.innsbruck2012.com/en
Бөлісу:

25 пікір

Abilakim
Сәттілік тілейміз. Құрамамыз толықтай өзіміздің қаракөздер ме екен? Марсель ағамыз не депті бұл жайлы?
asaubota
ойындар біткесін бірінші болып айтуға таласып жатқандар көп
AL-ASTER
19-желтоқсан, 2011 ж. Польшада өткен 20 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы Әлем чемпионатында, Қазақстан құрамасы ІІ-орынға ие болды.
asaubota
Хоккейші қыздарымыз алғашқы ойында алаң иелері Австрия қыздарынан 1-8 есебімен жеңілді
asaubota
конькиден 500 м. Мальцева 6-шы орын.
asaubota
500 метрге жігіттерден Палкин 5-ші орын.
TERISKEY

Биатлон,Қыздар. 6км. Отандасымыз Галина Вишневская олимпиада күмісін алыпты. Тағы бір жерлесіміз Кондратьева Александра 32-орында.
asaubota
ооо маладес! енді пасьюттен де медаль алу шансы бар ғой.
TERISKEY
Галина сіз айтқан пасьюттен қола жүлде алыпты. Қазақстан қоржынында 1 күміс (алдыңғы ойыннан), 1 қола! Галина қыз маладеси! Өткен жолғы жарыста Галинадан 33,2секундқа қалып кеткен орыс қызы Ульяна Кайшева бұл жолы алтын алыпты! Басылымдар орыс биатлонында тағы бір жарық жұлдыз туғанын жар салуда. Ал, біз де өз кезегімізде Қазақстан биатлонындағы жаңа толқын туралы айта отырып, мақтанып қояйық
asaubota
Кайшева 3-ші болып шығып, алдындағы екеуін озып кетіпті.

хоккейші қыздар Швециядан 17-0 ұтылып, Словакияны 2-1 жеңіпті.
TERISKEY
Сергей Малышев 10км классикалық әдіс. Қола жүлде алды! Құтты болсеееен!
asaubota
бар екен ғой бізде резервтер!
TERISKEY
иә, ризамын қыз-жігіттерге, Владимир Смирновтың жолын берсін бұ жігітке!
TERISKEY
Біздің жігіт марапаттау барысында бүй депТ: «Bronze medallist MALYSHEV dedicated his medal to his, „Country and President [Nursultan NAZARBAYEV], because without the support of my country I wouldn't have won this. Our Chef de Mission is in hospital, so I want to tell him to get well too.“» ағылшынша білетіндер, аударжверіңдерш, не дейд?
Janasil
«Бронзовый призер МАЛЫШЕВ посвятил свою медаль с его," Страна и президент [Нурсултан Назарбаев], потому что без поддержки моей стране, я бы не выиграл этот. Наш шеф-миссии находится в больнице, поэтому я хочу сказать ему, чтобы получить тоже хорошо. дейді google
Nurgisa
Телевизионщиктерше аударып берейін:
«Дүбірлі додада қола медаль тағынған Малышев өзінің жетістігін „Қазақстан Республикасы мен сарабдал саясатымен елдің игілігін ойлап жүрген елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнаймын. Бұл жетістігім елбасының тікелей көмегінсіз мүмкін болмас еді. Біздің топты басқарып келген бапкер қазір емханада, тезірек сауығып кетсін деймін“.
TERISKEY
Бір таңғалдыратыны, отандық тв-де тым болмаса жаңалықтарда да бұл жеңістер туралы айтылып, видеосы еш көрсетіліп жатқан жоқ шы. Әлгі жасөспірімдермен қосып, 1-2 журналистті жібергенде ғой, шіркіннің! Еуропалық спорт телеарналарынан да эфир алып жатқан жоқ
asaubota
ақша жоқ  және журналистер өз беттерімен ізденбейді
Nurgisa
Құдай қаласа толық бітіп болсын, шет елдік бір арнадан жымқырып, жалпылама екі минуттық бір шолу жасай салар әлі. Енді басталып жатыр ғой.
KILYZAMAN
Қыс бойы соғымның етіне малдануды қашан қояр екенбіз осы?..
TERISKEY
Ақпанның 20-26 күндері Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан дүниежүзілік жасөспірімдер чемпионаты болады екен. Құрама сапына алынғандардың ішінде Галина Вишневская мен Кондратьева Александралар да бар (27-қаңтардағы елішілік чемпионаттың нәтижесі бұлардың пайдасына шешілген-тін) Бір қызығы, жасөспірімдер олимпиадасында Ресей қоржынына бір алтын мен бір қоланы тоғытқан Ульяна Кайшева Контиолахтидағы бәсекеге бармауы мүмкін. Ресей чемпионатында елішілік іріктеу жарыстарының екеуіне де белгілі себептермен қатыса алмаған Ульяна тиісті ұпай жинай алмауы себеп болыпты. Бұл хабарды естіген ата-анасы РБО-на шағым түсіріпті, қорытынды алдағы аптада белгілі болады. Ол бармаса, демек біздің қызға да бір шанс бар.
TERISKEY
Кеше дүниежүзілік жасөспірімдер чемпионатынан Галина қыз жүлде алды. 10км жекелей сында күмісті қанжығаға байлады. Алтынды неміс қызы Бартолмаес Юлия алса, қола норвег Хильде Фенге бұйырды. Сайысты бірінші нөмірлі жейдемен біздің тағы бір қыз Бельченко Елизавета мәре сызығын 66-болып кесті. Жасөспірімдер олимпиадасында Галина серік болған Александра Кондратева 55-болды. Жалпы нәтиже мұнда.
asaubota
ана сілтемеңнің қазақшасы жоқ па? соны тап та Алаш айнасының почтасына жібер тездетіп.