Сайлаушылардың талабы күшті

Сайлау додасы кандидаттарды алды-артына қаратуға шамасын келтірмей жатыр.Тіпті, заңсыз әрекеттерге де жол беріп қоюда. Әупірімдеп, депутат болудың әлегі ғой, сол. Бұл жолғы сайлауда ОҚО-дан ұлты өзбек төрт үміткердің өкілетті биліктен дәмесі бар екен. Олардың кейбірі насихат жұмыстарын өзбек тілінде жүргізсе, ал кейбір кандидаттар үгіт материалдарын зират басына жапсырып кеткен. (Неткен сұмдық! Енді өлілердің дауыс беруі қалып еді). Осындай заңсыз әрекеттермен облыстық сайлау комиссиясы айналысуда.
Ал, шымкенттіктердің тапқырлығы да таңқалдырады. Олар сайлау қарсаңында өз кандидаттарына талап қойған. Диваев көшесінің тұрғындары өзін насихаттаған үміткерлердің плакаттарының қасына талабы бар үндеулер де жапсырып қойыпты. Олар өз көшесінде қордаланған мәселелерді тізбектеп, жазған. «Егер көшенің жолын кім жөндесе соған дауыс береміз»,- деген үндеу бүткіл аумаққа жапсырылыпты. Ал, тұрғындардың бұл үндеуіне кандаидаттардың қалай жауап берерін кім білсін? Әзірге жауап қатқан ешбірі жоқ.
Бөлісу:

1 пікір

Marco
Мадес, тұрғындар қатырыпты! Бірақ, уже «поздно пить боржоми».