“Ќазаќстан Республикасыныѕ Конституциясы” немесе Ата Заңды қорлағандарды кім жауапқа тартады?

… Күйдіргілер көп қой…
Жақында ҚР Дін істері агенттігі өздерінің интернет-сайтын ашты. Адресі: http://din.gov.kz Дұрыс қой енді. “Жаңа ғасыр”… 2012 жыл. Бірақ… Жалпы менің қаным қайнайтын кездер бар. Ол, мен біреуге қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді құрметтеу керектігін, ол тілде ақпарат алуға құқылы екенімді айтып жатқан кезде, екінші адамның “Орыс тілі ресми тіл. Бұл халықаралық тіл. Ұлтшылдық жақсылыққа апармайды. Өзгелер үндемей отырғанда, сенікі не?..” деген секілді, айналғанда өзімді кінәлі қылып, қазақ болғаның үшін мал болып кететін кездер.

Екіншісі, сол өздері айта беретін жаңа ғасырда өмір сүріп тұрып, мемлекеттік мекемелер мен банк жүйелерінде қазақ әріптерінің қате немесе мүлдем қолданылмауы. 2002 жылы алғаш жеке компьютеріме отырсам, содан есімде, Windows 98 жүйелері жаппай қолданылып тұрған кезде, қазақ әріптері шынайы проблема болатын. Бірнеше қазақ тілінің драйверлері бар етін. Біреудің қазақша шрифті екінші біреудің қазақшасын қолдамайтын. Үнемі конвертермен жүретінбіз. Қалай Windows XP шықты. Солай көзіміз ашылған етін. Оған да 10 жылдай болып қалыпты. Бірақ… Біздің мемлекеттік мекемелер өткен ғасырда қалып қойған сияқты. Күннің жадысы 2012 болса да әлі күнге дейін қазақша шрифттің проблемасымен отыр. Ағайын-ау, бұл не?

Өзгені қайдам, Ата Заңымызды осыншалықты күйге түсіру, мен үшін оны қасақана қорлаумен бірдей! Осыған жауапты адамды сотқа берер ме еді? Әттең жүргім келмейд, надандармен арпалысып. Қол астындағы мекеменің сайтында әріптер қандай болып шығып тұрғанын Қайрат Лама Шәріп көз салып қарамайды да ғой. Неткен жауапсыздық десеңізші?.. Саналарына берсін!
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
тек олар емес. өткенде бір заңдарды іздегенде көргем
міне
timurrr
Өөөөөй, сауатсыздар! Бір-бірінен көшіріп баса берген болып тұр ғой?
balzaminka
жауапкерсіздік пе, жауапсыздық па?
timurrr
«жауапкерсіздік» деп те, «жауапсыздық» деп те айта беремін. Түзетейін
balzaminka
жоқ, өзіме білмекке сұрадым. Себебі, жауапкерсіздік дегенді алғаш көруім, мүмкін терминком солай бекіткен шығар, кім білсін
timurrr
Қой, терминкомда шаруам шамалы…
jambo
Бұлар шенеуниксымақтардың көбісі тек орысша жүріп, орысша ойлап, орысша тамақ жейтін халыққой, олар қазақ тілі қызық емес. Екі тілді мемлекет болғандықтан ауылдықтарға, қазақша сөйлейтіндерге, қара халыққа бәрібір, қазақша салдықпа салдық деп қате-мате қазақша іле салады. Біз айтқан сындарды көткеде қыстырмайтын олар шешесс… орысша қате жазып қойса өліп кете жаздайды. Өздерін орыспыз деп ойлайтын сияқты.
Onlasyn
№15 кіреберіс
Подьезд деген қазақша кіреберіс екен ғой.
asaubota
ұят та болса айтайын, тілдерге қатысты бір мекеменің сайтын жасап едім. қызметкерлері маған материалдарын берген кезде заң, қаулыларды дәл осындай форматта берді. ерінбей дұрыстарын іздеп тауып салып қойдым.
timurrr
Эх, қаззззззззақтар!