Блог құрылтай 2012 болмайды ма?

  • KazNET


Осы сұрақ мазалап жүр. Биыл болмай қала ма деген қауіп. Өткен жылы Алматыда өткен Блог Құрылтайда 2012 жылы Астанада өткіземіз деп шешкен болатынбыз. Сол кезден бері не өзгерді, қандай мәселелер бар?

— Басты мәселелердің бірі әрине ұйымдастырушы комитеттің болмауы. Иә, Астанада мұндай жұмыстармен жүгіріп жүретін ешкім жоқ. Астанадағы контингентті Алматымен салыстыруға мүлдем келмейді. Алматыда ең болмаса жастар бар. Бұл бір.

— Екінші мәселе: Блог және блогшылардың болмауы. Wordpress.com Қазақстанда жабылғалы қазақтілді блогосфера да өлген сияқты.

Тек бір жекелеген сайт қолданушыларының кездесуі болмаса, былай былтырғыдай Блог Құрылтай өткізу мүмкін емес нәрсе сияқты. Сіз не дейсіз?

Сурет: Dean Cox www.kerekinfo.kz/blog/blogcampkz/1180.html
Бөлісу:

93 пікір

manshukn
Меніңше, егер астаналықтар өткізбесе (яғни, бас тартса), басқа қаладағы блогшыларға эстафетаны беру керек сияқты.
monti
басқа қаладағы блогшыларға эстафетаны беру керек сияқты.
алмат мен астана да блогшылар көп шоғырланған ғо   астана отказ десе...

мын былай ойлайм, астана офишал жасай алмаймыз десе, жай, өз қаражатқа, туса жасап, бурабай төсінде нетіп кеуге болад ғо, 2-3 күнге
qisyq
бурабай төсінде нетіп кеуге болад
бұл енді…
Aldeken
monti
 
қате кетіп қалд айып етпеңіздер түзету тетігі керек/ақ ,
мені үйде айтад, сенің сөздеріңді тыңдап отсаң, неғылған да, нетіліп, сосын андай, етіп т.б. керек емес сөздер көп деп
meirzhan
Керек емес сөздер емес, просто двусмысленный, пошлый сөздер
monti
Керек емес сөздер емес, просто двусмысленный, пошлый сөздер
ал сен пошлый ойлама, атак норма сөздерді қазір айтпаймыз бәрі қазір күлед деп, осының бәрін шығарып жүрген сат атай,
рас айтам ғо мен ага, айтыңдарч
meirzhan
Нетіліп пен андай деген сөздерді Сат шығарған ба?))
Жеке дара ерекшелігіңді жоғалтпауың жақсы әрине.
Zhan
Өткенде бір күйбең тірлікке қатысты бір сөзді айту керек болды. Кейін өзімнен өзім күлдім. Қазір біраз сөздердің тоны теріс айналып кетті. Мәселен, тігіп, жыртып, айырып, айдап,  деген сөздерді қолдануға ұялатын болдық.
Abilakim
төс… нету… Бұлар тұрғанда блогқұрылтай секілді ұсақ әңгімеге орын жоқ
satibaldi
Меніңше, сол шараның шатыры болам дегендерге қазір қызы еме боп кетті жәй. Сайлау, все такое. Жеген адамдар ғой очм.
Marco
Аршат, реалда ақылдасып көрейік
asaubota
ок, хабарласайық. мүмкін бірдеме ұйымдастырып қалармыз, а?
Zhan
Wordpress.com Қазақстанда жабылса да Қазжур.кз жазып жүрген блогшылар баршылық. Бірақ, бұрынғыдай қарқын, қызу пікірталас жоқ. «Керекке» келгелі ол жаққа ат ізін аз салатын болдым. Блогыма кейбір таныстар үшін ғана жазба салып тұратыным рас. Себебі, олар анда-санда хабарласып, «Неге жазбай кеттің?» деп тел соғады или агентке шығады. Сосын ойланып қаласың, «Е, үш-төрт адам болсын оқиды екен ғой» деген ойға келесің.
Өз басым блогқұрылтайдың болғанын қалаймын. Есеп беру үшін болмаса да қоғамда жастардың басын қосып тұратын осындай ерікті түрдегі басқосулар қажет. Былтырғы құрылтайға (жұмысқа байланысты) қатыса алмағаныма өкінгендердің бірі екенімді де айта кетейін.
satibaldi
Оның үстіне — тегін ручкі-дәптер алу ықтималдығын ескерсек, жәй, арампиғыл тұрғысынан да болғаны дұрыс сияқты.
Zhan
Сатико, ручканың заманы өткен. Жаңа түсте остановкада тұрсам «Уақытыңды үнемдеп пернетақтада зырылда» деп жазып қойыпты әкімшіліктің сайтын жарнамалап, тоесть салық төлеушілерге. Сол айтпақшы, ручка да көне жәдігерлердің қатарынан орын алып жатса, таң қалмаймыз.
satibaldi
«Уақытыңды үнемдеп пернетақтада зырылда»
Кабинеттерге жүгірмей деген шығар?
Janasil
пернетақтада зырылда
кезінде сол пернетақта сөзі үшін біраз есік аралаған едім. /алғашқысында «клавиятурада» деп жазылған еді/ Ауыстырғандарын көріп қуанып отырмын.
satibaldi
ол жаққа ат ізін аз салатын болдым.


Zhan
 Адам соқыр болса сыболышқа да есі кетеді екен-ау.
monti
 сізде ерікпейсіз ага
коладж жасап жүрес
patick
мұрттыбаймайд-ай
rauka
Қатырыпсың, сөзді суретпен көрсету не деген шеберлік, satibald!
balzaminka
жақы болар еді Талғат та қашан болады деп жүрген еді ғо
asaubota
егер алматылықтар ұйымдастыра аламыз десе қуана қуана Алматыға берер едік
AKY
Астанада потеция, тойыс потенциал жоқ деп кім айтып еді осы…
Janasil
Аршат бас тартса онда бітті дей бер. Астанада болмайды!!!
Abilakim
Табиғат аясына бас қосатын шығармыз түптің-түбі.
Zhan
Монти айтқан ұсыныс негізі күшті!
өз қаражатқа, туса жасап, бурабай төсінде
өте ресми, серьезный құрылтай жасауға болады.
monti
өте ресми, серьезный құрылтай жасауға болады.
ой керегі не оның? қазір бәрі дұрыс түсінбейд, менің айтпағым: спонсор іздеп, көп жұмыс істемей/ақ айтқысы кеген, бөліскісі кеген адамдар, ортаға шығып сөйлеп түсіндіріп(көк шөптің үстінде болсада), айтса сосын, әркім өз қаражатына барып, жай әрі демалыс, әрі, керекинфо ау ғо
Nurgisa
ҚазНЕТ деп НЕТтегендер оңбайды. Оян, қазақ қалқы. Құйтырқылыққа мойынсұнба. Тізе қос. Жаса, қазақ ұланы!
Janasil
Деп осы лекпінмен Құрылтайды өткізіп жіберсек е Астанада.
satibaldi
Аццкий сотоно, әбеновсттың
mirasasem
ҚазЖурмен қоса Қазақы блогтұғырда да блогшылар бар. Қазақтілді блогосфера да өлген сияқты, деу әзірге қисынға келмес.
satibaldi
Бір ауыз сөз жазу үшін табан астында тіркелу, неткен жанкештілік.
meirzhan
Кинода кейіпкер өліп бара жатып, соңғы сәтте кірпігі дірілдеп, саусағы қозғалатын эпизодтар еске түсіп кетті.
Бар екенсіңдер ғой
qusbegi
 Осындай сценаларды қайдан тауып аласың
Gastarbaiter
Қазақтілді блогосфера да өлген сияқты, деу әзірге қисынға келмес.
Өздерің көріп отырғандай, Самат допты айып алаңына іліп ала жөнеле кете жаздаған болатын, бірақ…
ushkin
болса екен
satibaldi
Алматыда дейсіз ғой.
patick
Оралда
ushkin
Оралда өзім ұйымдастырам 2-3 жылда, Гүлфайруз әпке бар ) бармыз ғой
satibaldi
Ойбай, бірін-бірі тауып ала қоюын!
satibaldi
Оралға кетіп қалды ма не мейірімнен жұрдай Мейіргүл?
ushkin
қайда болса да .әйтеуір қазақ тілінде )
Zilola
Қолдан келер көмекті аямаймын
qusbegi
Былтырғы еңбегіңізді ерекше атап өтсем бола ма, болмай ма
yerbol89
Негізі Астанада болса дұрыс болар еді. Әттең қанша дегенмен Басым блогшылар Астана мен Алматыда шоғырланған. Шымқалада ұйымдастыра алу тіпті қиын. Астанада болса біз Астанаға барсақ та жұмыс істеп жүрген ағаларымыздың үйіне 1-2 күн түнесек те терлетіп барып белсенділік танытып қайтуға болады. Бірақ бәрібір солардың басын біріктіретін ұйымдастыру алқасы керек.
izbasar
Былтыр Алматыды өткенде аузымның суы құрып сырттай тамашалаған едім. Мен ұстаз ретінде кәсіби блокшыларды таңқалдыра алмас едім. Бірақ қазақ тілді интернетке өз үлесімді қосу үшін Астанада өтіп жатса баруға тырысып, тәжірибе алмасқым келеді. Рахмет жігіттер ұйымдастыру керек.
dark_nazgul
менің төбемнен түскен суретімді қойып қойғандай ақ…
Асхат келсін, болады ғой.
Айтпақшы, бүгін Асхат экспертонлайн сыйлығын алды. Құттықтаймыз!!!
araika
Wordpress.com Қазақстанда жабылғалы қазақтілді блогосфера да өлген сияқты.
Осыны тірілту үшін блогшылардың басын қосу керек.
madlen
Әрине, болсын. Блогкэмпті қатты күтіп жүргендер көп қой. Әсіресе, алдыңғы жылы ұйымдастырушылар алқасында болып, барлық қызықтан қалып кеткендер. Қай қалада болса да, қолымыздан келгенше көмектесуіміз керек, тек ұйымдастырушыларға ғана сенбей… Мен за!
urimtal
Аршат, тақырыпты бастағаның жақсы болды. Мынадай ұсынысымтарым бар:

1. Көпшіліктің Блогқұрылтайдың ұйымдастырылуын қалайтыны түсінікті болды. Енді осы шараны ұйымдастыру үшін арнайы бір топ керек. Астанада жасаймыз десек, осы іске бел шешіп кірісе алатын адамдар бар деп ойлаймын. Астаналықтарға барлығына бір рет басып қосып, жақсылап ақылдасу керек тәрізді.

2. Былтырғы жылғы жұмыстан түсінгенім — "қойшы көп болса, қойдың арам өлетіндігі рас". Сондықтан бірінші кезекте кімнің қолынан не келетінін анықтап алуы керек сияқты. Ол үшін қарсы болмасаңдар мен арнайы сауалнама дайындайын. Бұл шамамен ұйымдастыруға кімдерді жауапты етіп сайлай алатынымызды анықтауға жәрдемдеспек.

3. Блогқұрылтай шынымен де бейресмилігін сақтауы керек. Бірақ қатысушылар өзара пайдалы мәліметпен алмасатын жағдайдан бас тартуға болмайды. Ойын-күлкі өз ретімен, ал кәсіби тұрғыдан өсуге септесетін шара өз ретімен өтуі керек.
yerbol89
Ия 2011 жылы бастау алған үрдісті тоқтап алмауымыз керек. Осы Блогкемп-2011-дің өзі қазақ тілді интернетке көптеген алға жылжыту алып келді. Биыл да бұл үрдім өз жалғасын тапса деген үміт бізде.
rauka
Дұрыс айтасың, Асхат! Ортаға ұсыныс тастап отырса, жұрттардың сөз қуып отырғандары қалай?
dark_nazgul
қазақша айтифрайдэйлар неге өткізбеске?
yerbol89
Екі қолдап келісемін. Айтифрайди өтіп тұрса да тамаша болар еді. Мен өзімнің бар біліміммен жинаған тәжірбиеммен бөлісетін едім. Талғат(Геогебра), Абай(Конвикт) т.б. жігіттер СЕО-оптимизация т.б. тақырыпта сұрақтар қойған еді. Олардан ұят болды толық түсіндіріп беретін жағдай болмай жатқаны. Осы Блогкемп-2012 болса, қалай Гуглдан трафикті жоғарлату, СЕО-оптимизация жайында әңгіме өргізіп Сұрақ-Жауап сайтының қалай Зерода ТОП 70-80 Қазақстанда танымал сайттардың қатарына бір жылда кіргендігі туралы баяндап беретін едім.
berkut
блогшы достар, бұл сұрақ мені де мазалап жүрген еді.Сол құрылтайды сағынып жүрмін. Ат салысамыз
Abilakim
Иә, бұл блогқұрылтайды сағынбау мүмкін емес. Әркімді,әрнені сағынып жүрген боларсың))))
berkut
дәл таптың! Әсіресе…
Abilakim
үйленген соң ондайды айтуға болмайды дейсің ғой))))
berkut
Әрине! басқа партияға өтіп кетуі мүмкін
urimtal
Достар, пікір қалдырып жатқандарың жақсы болды. Жаңа алматыдағы біраз блогшылармен және Аршатпен сөйлесіп едік. Нәтижесін шамалыдан соң арнайы жазбада жарияламақпын. Сабыр сақтай тұрыңыздар. Биыл Блог құрылтай өткізейік деген тоқтамға келіп отырмыз!
asaubota
мүмкін атауы Блог құрылтай емес басқаша болар? блог сөзін алып тастасақ па деймін.
urimtal
Аршат, пікірің орынды. Қазір бұл тақырыпқа қатысты пікірлер көбейген сайын ортақ бір келісімге келуіміз қиындау болмақ. Сондықтан сәл сабыр сақтасақ деймін  Сауалнама мәтінін әзірлеп жатырмын.
Nurgisa
Асхат, алған жүлдең құтты болсын!!!
tengrinews.kz/internet/205579/
Abilakim
Астына «Народ, я этого пацана знаю» деп жазып кетсең,ә
urimtal
Көп рахмет, Нұреке!
qisyq
Блогкемптен гөрі баркемпке келтірген дұрыс сияқты маған.
berkut
Сәттілік тілейміз!
serjan
Құрылтайдың мазмұны кеңейте түскен дұрыс жаңа Назгүл айтифрайдэйлар деді ме? сол пікірмен толық келісуге болады, құрылтайда тек достар тауып көңіл көтеруден өзге, ІТ саласынан бірдеңе үйреніп қайтсақ, кейбір жобаларды бірге қолға алуға келісіп қайтсақ деген ой ғой.
urimtal
Достар, алда өтетін Блог құрылтаймызды өткізу үшін пікірлеріңізді білу маңызды. Бірақ бәрін бірдей жазбаның астынан жинап алып, жүйелеу қиын болмақ. Сондықтан мына жазбадағы сауалнаманың сұрақтарына жауап берулеріңді өтінемін.
Gazizkizi
«Сонда Астананы жоққ шығарып тастап осылай емеурін тастап отыра береді ме жұрттар» дейін десем сөзімнің ұшы өзіме тиіп кетердей… Жансая, не істеу керек сонымен
Gazizkizi
Блог құрылтай болу керек, сылтау табыла береді болдырмауға…
estetika91
Блогқұрылтай Астана қаласында болса екен
satibaldi
Аццсотонодо махаббатың бар ма еді?
estetika91
Жоқ  Ел ордамызда болғанын қалаймын. Былтыр Алматыда өтті. Енді еліміздің басқа жерлеріндегі де блогшылар белсенді болса деймін.Үнемі бір орында бола бергенше, эстафетамен болғаны дұрыс шығар…
Gastarbaiter
Онда бәрі әділ болсын:
Тарихтың хронологиялық қатары бойынша бұрыңғы елордалардан бастайық.
Aldeken
кеттік онда Орынборға…
izbasar
Орынбор емес Сығанақтан бастау керекинфо.
dark_nazgul
Болатын болса тезірек шешіңдер. Мен командировка жағын қузаулай берейін)))