Диагноз: Орта жас дағдарысы.
«Сақалға ақ түсті, көңілге хуяқ түсті». © Хуйлық мәтелі
«Аға, аға деп шеттетесің, қарағым, ағаң да бір жас қызбен таң аттырып кеп отыр» © Satibaldi
30 бен 45 жас аралығында ал кейде одан да ерте ерлердің (кейде әйелдердің де) маңдайына кішігірім «хуяк» тігіледі. Өз мүмкіндіктері мен өмірлік тәжірибесін қайта қарастырады. Очм, «пизду нақ, ертең істеймін», "Қаңтардың бірінен бастап ішуді қоям", «Дүйсенбі күннен бастап жүгірем» деген сөздер түбінде «ешқашан» дегенді білдіретінін мойындауға мәжбүр болып, көті мұздап қоя береді.
Тіпті бозбалалық күніндегі «түбінде өлемін» деген бұлыңғырлау түсінік «шешес, шынымен-ақ жуырда өледі екем» деген нақты түйсікке айналады.
*************
Тура да, ауыспалы мағынасында зайыбы шыққан еркектің денсаулығы екі есе жылдам әлсіреп, маңдайыңа тігілген кішігірім хуяқ ай өткен сайын үлкен хуякқа бет алған соң, науқас ақыры төмендегідей шешімдердің біріне келеді:
*******************************************
Әлгі херкек өзінің әлі де баяғы бабында екенін барлық қолында бар әдістерімен дәлелдеуге тырысып, жас боз долбоебтың тірлігін жасайды. Тіпті, кейде онысы сәтті шығады. ( жас боздық мағынасында емес, долбоебтық мағынасында).
*********************************************
Жоғарыдағыны оқып болған соң,
Жас қартайса да, көңіл ортаймасын! дейді алқаштардың тізесі шыққан тілегі. Бала-қарт Нұржан сияқты ерекше жағдайларды есепке алмағанның өзінде, біреу 25-ке келмей жатып қаусаған қарттай, ал біреу 70-тен асса да, жастардан айырмашылығы тек бетіндегі әжім мен шашының ағы ғана. Бұған қалай жету керектігін сен тап-тамаша білесің. Дене шынықтыр, жұмыс істе, т.с.с.
Бірақ, сен орта жасқа келіп қалдың, жұмыс істегің келмейді, шынығуға ерінесің, есесіне бүкшиіп отырып, компьютер алдында дамбал тоздырып, осы сияқты интернеттің қыртымбай бір мақаласына шұқшиып отырсың. Қой сним делік, әрі қарай оқи бер, әйтеуір, «керек инфо ғой» деп өзімізді алдарқатып көрелік.
Егер сен өмір салтыңды өзгертпесең, атаулы дерт сені барлық сәнімен қарсы алады. Және бұған өзіңнен басқа ешкім, сука, кінәлі болмайды!
(Орыс википедиясына, әдебиет.кз және луркмоар анонимдер ұжымына ұсынған контенті мен суреттері үшін мың бір алғыс білдіремін.)
«Аға, аға деп шеттетесің, қарағым, ағаң да бір жас қызбен таң аттырып кеп отыр» © Satibaldi
30 бен 45 жас аралығында ал кейде одан да ерте ерлердің (кейде әйелдердің де) маңдайына кішігірім «хуяк» тігіледі. Өз мүмкіндіктері мен өмірлік тәжірибесін қайта қарастырады. Очм, «пизду нақ, ертең істеймін», "Қаңтардың бірінен бастап ішуді қоям", «Дүйсенбі күннен бастап жүгірем» деген сөздер түбінде «ешқашан» дегенді білдіретінін мойындауға мәжбүр болып, көті мұздап қоя береді.
Тіпті бозбалалық күніндегі «түбінде өлемін» деген бұлыңғырлау түсінік «шешес, шынымен-ақ жуырда өледі екем» деген нақты түйсікке айналады.
*************
АЛҒЫШАРТТАРЫ:
- Теледидар, кітаптар, газеттер, көтке жел беретін кинофильмдер бізге бала кезден үлкееен армандар береді. Ата-анамыз көбіне сол армандардың нығаюына себепші болады. Бірақ ертелі-кеш есейген жігіт ешқашан ғарышкер/президент болмайтынын, ғылыми жаңалық ашпайтынын, және футбол жұлдызы болмайтынын әлгі жерімен сезе бастайды. Өзіне небары миллиардтаған ештебайымайтын ептібайымайттардың қарапайым ғана бейбіт өмірі бұйырғанын біліп енегі езіледі.
Жол-жөнекей қанша мүмкіндіктер жастықпен, мастықпен Ақтөстің көтіне қыстырылып кеткені де есіне түседі. «Шіркінайынан» "әттеңайы" көбейсе, тоқ ішегіне дейін торығып кетеді. Бұған дейін ішпесе ішіп, шекпесе шегіп, ішіп-шегіп жүрсе депрессиядан уішівөлуі де ғажап емес. - Адамның ағзасы да күннен күнге мерзімі өтіп жатқан және кейде істен шығып тұратын жылжымалы мүлік. Уақыт өткен сайын оның құны да, мүмкіндігі де арта түспейтінін, орташа өмір ұзақтығы 58-60-ақ жас, және сол жасқа дейін де жұмысқа қабілет сақтау қиын екенін мойындайтын уақыт. Оның үстіне 25-45 жас аралығында ішілген сыраның шексіз мөлшері ағзадағы әйел гормондарын көбейтіп, кезінде сыбыртқыдай болған «мачо» жігіт салпықарын, қатынемшек контурларға ие бола бастайды
- Очм, қызығы аз-ақ:( Мұның бәріне, қасындағы қосағының да шыбықтай майысқан қыздан құшаққа сыймас емендей қатынға айналуы, төсек рахатының күнделікті күйбеңге айналуы қосылғанда, науқастың зайыбы шығады.
АРТҚЫ ШАРТТАРЫ
Тура да, ауыспалы мағынасында зайыбы шыққан еркектің денсаулығы екі есе жылдам әлсіреп, маңдайыңа тігілген кішігірім хуяқ ай өткен сайын үлкен хуякқа бет алған соң, науқас ақыры төмендегідей шешімдердің біріне келеді:
- Барлық өзгерістерге мойынсұнып, "өмірлік жоспардың да әкесін, қатын-бала-шағаның шешесін, денсаулықтың әжесінсс!" дейді. Сөйтеді де газет, пульт немесе компьютер құшақтап біз білген қуаты кемеліндегі жігіт ағасы әрі қарай семіріп, сыраны сылқытып, диван тоздырғыш маубас, ештеңе де, ешкім де жанына жақпайтын күңкілдек шықбермес Шығайбайға айналады.
- Херкектердің екінші тобының жүрегі шыдамай елуге жетпей инфаркттан, не инсульттан өледі. Кейбіреулеріне Табиғат папа мықты жүрек бергенімен, мықты ми бермеген. Олар уішівөлед, ия басыменжарсоғывөлед.
- Үшінші нұсқасындағы херкек ақыры өзінің еркек екені есіне түсіп, барлық шарттылықтарға үлкен бұтақ қойып, өлеңдетіп бақытты өмір сүреді, тіпті бала күніндегі арманына да жетед, алайда бұл вариант өте-мөте сирек кездеседі, себебі көбісі..
*******************************************
ОЖД-мен күресудің бұрыс жолын таңдайды
Мәселен:Әлгі херкек өзінің әлі де баяғы бабында екенін барлық қолында бар әдістерімен дәлелдеуге тырысып, жас боз долбоебтың тірлігін жасайды. Тіпті, кейде онысы сәтті шығады. ( жас боздық мағынасында емес, долбоебтық мағынасында).
- Әдістер әртүрлі.
Кейбірі тым жасөспірімдік киімдерді киеді (сиырға ер тоқым салғандай үйлеспей тұрса да), шашының қалдығын өсіріп, өріп алады. Боғымен жасты контингентпен топтасып жүреді. Әлбетте, егер ол адамның жастарға берері бар болса немесе өзін шынымен де жас сезінетін болса, бұл мақала ол туралы емес. Алайда, айтылған әрекеттер ОЖД-ға шалдыққан адамның амалсыз, жастарға еліктеу үшін шалған құрбандығы болса, ол әрекеті бірден көзге түсіп, көрген жұрттың тышқысын, тойыс құсқысын келтіреді... - Қалтасы көтерсе, жас ашына тауып алады. Аяқ астынан ғашық боп қалғандықтан емес, әрине, тек өзіне әлі сол баяғы «ебін тапса енесін итеріп алатын, бұтағымен жер жыртатын» сабаз екенін дәлелдеу үшін. Қатын да қарап қалмай, кейіпкеріміздің… ақшасы мен соңғы денсаулығын сорады. Өйткені, жас қатын салауатсыз қызыққа, ішімдік, қыдырыс, клубқа әлі тоймаған. Ал кейіпкеріміздің денсаулығы ондайдан бордай тозады..
- Басты көп қатырмастан мауқын ішкілікпен басады. Бұның түбі кейіпкердің ақыры алконавтқа айналып, денсаулық, карьера, мүлік және тағы басқа пендеуи бақыт дерекөттерін тіктіртіп тынуымен бітетінін болжау көті қарақты адамға қиын емес.
- Қарқынды түрде өзі сияқтылармен серіктесіп жүреді. Науқастар бір тобырға жиналып, бір-біріне олай да былай херкектігін байқатып бағады. Мұны олардың бірігіп футбол қарап, айғай-шумен жанкүйер болып, херкекше құпия әңгіме-дүкендер, яғни блекджек пен жәлептерді бірігіп талқылау арқылы өздеріне жетілген «мачо» екендіктерін жеткізіп әлек болуынан көреміз. Отырыстарда цистерналап
сідіксыра ішіледі. Бұдан ОЖД-ға шалдыққан амигомыз (жолы болған жағдайда) боққарындыққа немесе (сәтсіз жағдайда) алдыңғы бапқа ұшырайды - Үйде херкектің бақуаттылығын барынша көрсетуге тырысушылығы қатынға күш көрсетуінен, өскелең ұрпақты ашық тәрбиеге салуынан, баласын барынша кемсіту арқылы өз мәртебесін көтеруге тырысуынан байқалады.
- Ал енді кейбіреулері, «не бүк болам, не шік болам» деп, балалық арманын орындауға бар күшін салады, және әдетте, нендей бір ақыл-амалға сүйенуді ұмытып кетеді. Біреу пәтері мен бар мүлкін сатып, өзіне қызыл ферари сатып алады (бір аптадан кейін оның күлталқанын шығару үшін), біреу бицепсіне бір жігіттің қолынан көрген тату-суретін салып алады (ал ол өз кезегінде түрмедегі "әтештің" қара бетін белгілейтін таңба болуы мүмкін), біреу бас салып парашютпен секіріп, денсаулығына төнетін қауіпке пысқырмай, түрлі «экстремалды» далбасамен айналысып кетеді. Жақсы хоббиден айырмашылығы, бұл әрекеттер жан талабынан емес, бекер өткен күннің есесін толтыру үшін жасалатыны. Дәл осылай сенделіп кетудің немен бітетіні «Американша сұлулық» фильмінде ашық көрсетілген.
*********************************************
Жоғарыдағыны оқып болған соң,
Тәліб-ау, енді қайттік?
деген заңсыз сұрақ кесарь тілігі арқылы туады
Жас қартайса да, көңіл ортаймасын! дейді алқаштардың тізесі шыққан тілегі. Бала-қарт Нұржан сияқты ерекше жағдайларды есепке алмағанның өзінде, біреу 25-ке келмей жатып қаусаған қарттай, ал біреу 70-тен асса да, жастардан айырмашылығы тек бетіндегі әжім мен шашының ағы ғана. Бұған қалай жету керектігін сен тап-тамаша білесің. Дене шынықтыр, жұмыс істе, т.с.с.
Бірақ, сен орта жасқа келіп қалдың, жұмыс істегің келмейді, шынығуға ерінесің, есесіне бүкшиіп отырып, компьютер алдында дамбал тоздырып, осы сияқты интернеттің қыртымбай бір мақаласына шұқшиып отырсың. Қой сним делік, әрі қарай оқи бер, әйтеуір, «керек инфо ғой» деп өзімізді алдарқатып көрелік.
- Ең алдымен, «уақытым тәмам», «пойызым өтті», « бәрі кеш, хуяқ келді» деген құсық ойларыңды пешке таста. Сен үшін жабық болатын жалғыз есік — ол ғарышкерлікке апаратыны. Ұшқыштар оқуына ересек ағайларды алмайды және полицияға (заң бойынша онда 35 жасқа дейін алады, десек те...). Соның өзінде, саған қарқынды түрде ақша тауып, зайыбыңды алған көктігілгір ғарышыңа турист ретінде барып қайтуыңа мүмкіндік бар. Кейбір спорт түрлерінде де әлемдік рекорд қоюың қиындау енді. Мүмкін емес ештеңе жоқ десек те. Ал қалғанының барлығы дерлік 40-тағы жігітке де, 25-тегі жігітке де тең дәрежеде мүмкін. Әлбетте, бұдан саған әрі қарай уақытыңды унитазға ағызып, әшәуіңмен ойнап жүре беруге болады деген қорытынды шықпайды. 25-жастан айырмашылығың да сол ақылдылығың болуы тиіс.
Қалай өмір сүрдің, солай өмір сүре бер, тек енді нақты да қолжетімді мақсат қой өміріңе, және соны жүзеге асыруға да кенеттен 20 жасқа жасарғандай ынтамен кіріс. Нәтижесі тап сондай болады. Қателіктерді бәрі басынан кешіреді, бірақ ең сорақы қате — оларды түзету мүмкін емес деп ойлау. - Тура бүгін (ия, шешесті, тап, сука, бүгін!) өмір салтыңды өзгерте баста: темекіні қой, арақты сылқылдатып ішпе (бастысы өмірдің бар қызықтарынан бас тартам деп миыңды тоңқайтудан аулақ бол), сосын таңертеңгілік дене шынықтырумен айналысшы құдай үшін, (ия, тек дене шынықтырумен. Спортпен денсаулығың қатайған соң ғана айналысасың). «Дүйсенбіден бастап емес», «ыңғайы келгенде» емес, тап қазір (лібә, еркексің бе өзің әлде есектің бұтағысың ба?). Ішкен тамағыңды ретке келтір, артық салмақтан арыл, сыралық қарынды қуып таста (иә, иә, мұның барлығына да қолжеткізуге болады, егер сен жігерсізсүмелек болмасаң.
- Еркектер алпыс жасында да секс символ бола алады. Бірақ ол үшін, алдыңғы баптағы амалдың бәрін жалтармай, жалқауланбай орындау керек. Бастысы — өмірсүйгіш оптимист болу.
- Жоғарыдағыдан шығатын қисынды қорытынды бойынша, жас көрінем деп «Эмо» боп киініп, көшеге шығып мұрынбоқтармен ролик тебудің қажеті шамалы. Тіпті зиян, себебі бұл бойын ОЖД меңдеп алған, өзіне сенімсіз кісінің белгісі.
Басыңның тазы бар ма? Онда көтіңнің жүнін жұлып басыңа жапсыруға асықпа. Көбене, шашыңды тықырлап алып тастасаң жетіп жатыр. Тақырбас еркек (Вин Дизель, Брюс Уиллис) тазын жасырған шақшабас еркектерден, тіпті кейбір шашы ұзындарынан көріктірек, айбындырақ көрінеді. Кейбір таз еркектер де шұбырған жас қыздарды өзіне ғашық ете алады… Бірақ бес тал шашыңды басыңдағы қасқаңа тарап суреттегідей жасырудың қажеті жоқ. Бірден бүкіл комплекстеріңді бетіңе шығарады. - Егер үйленген болсаң, ал әйеліңнің бүгінгі кескініне күрсінбей қарау мүмкін емес болса, әйеліңе өзін-өзі күтуі қажеттігін түсіндір. Әлбетте, өзіңнің жарқын үлгі өнегеңмен шабыттандыру арқылы. Егер ол көмектеспесе — оның былшиған семіз сиыр болып кеткендігіне жаймендеп меңзеп қой. Тек тым асыра сілтеп жіберме. Әйтпесе, ол өзіне басқа нақ сүйер тауып алады. Кез келген мыржық қатынға, оны сол мыржық күйінде қабылдап, жата кетуге дайын тыржық херкек табылады.
- Егер сенің жасың 35-те, бірақ өзің бойдақ болсаң, онда «керекинфосыз»-ақ қалың жамағат "Үйленгің келмей ме?" деген сұрақпен зайыбыңды алған шығар. Сондықтан, өзіңе бір тәтей тауып алып, бір екі-үш паразит балдырғанды сүргілеп тастау туралы ұсынысы бар бап өшірілген болатын. Бірақ, сонда да ойланып көр. Бәлкім, жетіп қалған шығар мезгілі, а?
- Жұмыс жоқ болса, бар ресурстарыңды, таныстарыңды, біліміңді, айла-амалыңды, күш-қуатыңды аямай жақсы жұмысқа тұрып ал. Жұмысың болса, онда "қолымнан келмейд", «кейінірек жасайм» деген сөздерді ұмыт. (Тіпті ол жұмыста өзің бастық болсаң да). Бұл сөздер сені осындай күйге әкелген қарапайым жалқаулықтың сылтауы. Сенің ынтаң таусылмайтын болуы шарт, өйткен кәрілік ынтасыздықтан басталады (қайдағы бір туған күндік тортқа тығылған кезекті шырақтан емес); Сен мақсатыңа жеткенше ынтызар, шыдамсыз болуың керек. Мақсатың алдыңда екенін, және барлығы әлі де саған байланысты екенін ұмытпа. Осылайша, сен күні бойы жұмыста ұйқысырап, түнімен Варкрафт ойнайтын жас әріптестеріңнің аузына құм құясың.
- Жалпы Варкрафтты ұмыт. Атын атама. Оған қоса, барлық уақытыңа зиянын келтіретін компьютерлік ойындардан, интернетті босқа шарлаудан, агентте пәтуасыз әңгіме соғудан бас тарт.
- Егер жоғарыдағы екі бапты орындасаң, бір-екі жылдан кейін ақшаң қатты көбейеді. Тексерілген. Өзіңнің алдыңда да, басқаның алдында да қадірің бірнеше есе өсіп, жаңа мақсат маңдайыңа тігілген орта жас дағдарысын қалай шайып кеткенін байқамай да қаласың.
- Егер барлық аталған амалдарды орындап шықсаң, онда дағдарыстан аман құтылып ғана қоймай, оның не екенін ұмытып, (төбеңнен не артыңнан кездейсоқ пездес келіп қалмаса), ұзақ бақытты ғұмыр кеше аласың.
- Осының барлығын оқып болған соң, бәрібір өз күшіңе сенім қалмаса, онда төмендегі сілтемедегі кісілерге қара.
- 70-тен асқан чемпион
- Балуан қариялар
- Еңбекқор қария
Айтпақшы, есіңде болсын жас боз белсенді веб-қаңғыбас!
Егер сен өмір салтыңды өзгертпесең, атаулы дерт сені барлық сәнімен қарсы алады. Және бұған өзіңнен басқа ешкім, сука, кінәлі болмайды!
(Орыс википедиясына, әдебиет.кз және луркмоар анонимдер ұжымына ұсынған контенті мен суреттері үшін мың бір алғыс білдіремін.)
Еркелеген унайды, жас айырмашылыгы улкен болса, еркелетер деген дамем го
Бірақ, әлбетте, белсебет менікі емес, жай айдап жүр едім деп, мақаланың қате айтылған жері болса, жауапкершіліктен басымды алып қашпаймын.
Әрбір пунктімен келісемін, және біреуге пайдасы болар деп өзімді өзім алдағым келеді. Әйтпесе, аударып, оған мысалдар іздеп басымды қатырмас едім.
Әдетте бұл диагнозды оңды-солды қою маркетологтар мен арнайы категорияға арналған журналдар, дәрі-витамин шығарушыларға, ақшаға кризистен шығарам дейтін психотерапевттерге тиімді дейді.
Бірақ бізде, Қазақстанда, ондай психологиялық центрлерге бару онша тарамаған үрдіс, дәрі-витамин, арнайы бағдарламадан бұрын, адамдар қарапайым тәсілдерге жүгінеді, сондықтан, «Бұл дерт кімге тиімді?» деген сұраққа онша тоқталған жоқпын.
ПС.
Біләд, саған «ия, нақ, арнайы эксперимент жасадым ал!- десем, нотариуске куаландырылған скриншот сұрап зайбалымды шығатын щығарсың
Мына жалған өмір өзің айтқандай өтірік әлем болғандықтан, бұнда жасаған жақсылықтарың ана дүниеде есептелмейді екен. Сондықтан потхолим болмай-ақ қойыңдар деп жатыр, білетін періштелер.
Ал о дүниеде барлығы априори риза. Сондықтан ондай сұрақ туындамайды.
(Ин.18:29-38)
Итого 40 жылдан соң тек 70-тен асып, замандасын сағынып кемсеңдеген бес-алты амиго қалады.
Сонымен қатар, аллаға жалбарынып жүріп ел аралауға да, парашютпен секіруге де болады.
Психологиялық тұрғыда, адам Жаратқанға емес, өзінің түпкі арманына, мәңгі кайфта өмір сүретін образына жалбарынады.
Жұмақта олар көзін жұмғанда, ең алдымен періштелерді, немесе Құдайды емес, өзінің масайрап жүргенін елестететін сияқты.
1) Сен мәңгі жас, мас ахуевший, күші кемеліндегі красапшік жігіт боласың ба?
әлде
2) Ешкім болып көрмеген, бірақ жұрттың айтуынша, қырық қордың қызы күтіп тұрған бордель-жұмаққа барасың ба?
-десе.
Соңғысын таңдай ма екен?
жалғыз қорыққаннан гөрі, басқалармен бірге қорыққан жақсыкен…
Ол кездің адамдары қанша жабайы дегенмен, азмұз Мұқаммедке дейін де бір тұрмыс-тіршілігін реттейтін моральдық нормалары болған шығар.
Әйтпесе, ұрлама, алдама, өлтірме дегендер Мұсаға келген он талапта болды ғой.
Қарап отырсаң, жетекші діндер адамзаттың әлеуметтік санасымен бірге өсіп отырған. Өйткені, адамның санасы жоқ жерде дін жоқ. Демек дін, конституция, кез келген адамды реттейтін интеллектуалды еңбектер адамның табиғатпен, және өзі сияқты адамдармен қарым-қатынасынан туған кері байланыс.
Кез келген әлеуметтік топ құрылған кезде спонтанды құрылады, біраз уақыттан соң, сол жердің этикеті қалыптасады. Ол этикетті аспаннан Құдай жібермейді.
Білу бөлек, машық болу бөлек. Машықтық майдандағы тәжірибемен ғана келеді.
— Балам, мына қарындастарды жібере бер… Мен… Тұрам ғой мен…
-Аға бұ қыздар провизорға дәрі дайындатыватыр, кезекте тұрған адамдар емес. Айта беріңіз!
-Ааа… Маған… Маған екі вигара беріп жіберш… Ана ше, виагра ше...
Сосын «хуяк» дегендi калай тусiнемiз?
— лібә, ол үшін ерте тұру керек, күн салқында шығып, қайтып кіріп, душқа түсу керек. қой нақу, осылай жүре берейін, — дедім.
менің бұл ойымды қолдайтындар көп шығар деп сенгім келеді.
Менің де істегім келгені шамалы еді о баста, просты өзім сау-саламатты болу үшін бұтақ та істемей, ауырып қалғанда, емнің ебін таппаған враштарға ренжуге ұялам да.
өзіңе өзің боққарын дей алмайды екенсіңкетіру ең қиыны екен. Тиімді амалдарын айт, Гаста20-дан кейін асқорыту жылдамдығы баяулайды.
Қимыл-қозғалыс азайған тамақ жеу жиілігі де азаяды. Яғни бір-екі рет отдуши тамақ жейсің күніне. Сосын, күйлі болғандықтан көбіне жейтінің майлы, етті тағамдар, қазы-қартадан да мүмкіндік боолса опырып аласың, және ақ нан ғана жейсің. Гречка, пшенка, перловка, қара нан, капуста, редька, чечевицат.б шөптесін тамақты қаратабан пролетарийдің тамағы ретінде сыйламайсың.
Ол үшін өмір стилін түбегейлі өзгерту керек. Бірақ бір күнде емес. Біртіндеп. Басын бастасаң кайфына түсіп кетесің. Қарыннан арылу үшін ештеңе істеп көрген емеспін, бірақ жоғарыдағы себептерінен арылған дұрыс ау.
Ал сыраны сирету керек. Тек Кереккемпте ғана, немесе братвамен кездескенде деген сияқты.
Как раз кездесуге дейін формаңды келтіріп алып, кездескенде арқаңды кеңге салып сыралатуға стимул)
Қимыл-қозғалыс дегенде міндетті түрде бодик, жүгіру, т.б өзіңді қинама. Ең өзіңе ұнайтын қимыл қозғалысты таңдаған дұрыс.
Сосын соңғы кезде маған жабысып жүрген модный пікірім:
Таза ауада күніне кемінде жарты сағат белсенді бірдеңемен айналысу, қыдыру, қаңғу (жаяу) т.б
Бұл тек үйінен шықпайтындарға ғана емес, фитнессклубқа, качалкаға жазылвалдым бітті -деп бүкіл проблеманы шешкен болатындарға айтылған нәрсе.
Ғимарат іші ол ғимарат іші, даланың рөлі бір бөлек. Тіпті Алматының газа-ауасы болса да. Сырттың аты сырт.
Мұны өз тәжірибемнен айтып отырмын.
Сондықтан, жасайтын жаттығуды біртіндеп өзгертіп отыру керек мына бағытта:
1) Қарқын
2) Жүктеме
3) Дистанция
4) Альтернатив немесе мүлде басқа жаттығуларға ауысу. Мыс: Отырып жүруді-Приседанияға немесе керісінше. Жүгіруді скакалкамен секіруге немесе керісінше. Велотренажерды — Эллиптикалық тренажерға. т.б.
Кеттің неге «ағаламай»…
Жақсы жазыпсың АПТҰР… РЕСПЕКТ!!!
Осыдан кейін өзінің өмірін өзгерткендер бар ма екен ортамызда…
Мысалы, шашың түсіп жатса РАХАТ… Бет жуып жатып басты да шайып кете беруге болады…
Подросток кезімде, қай сериалдың, кітапты, киноның кейіпкеріне ғашық болсам да, жасы 36-да болатын.
Әлі де сол…